1
Жохан 15:5
Zhana Osiet
Мен -жүзім бұтасымын, сендер сабақтарым боласыңдар. Кім Менімен қалса, Мен де сонымен қаламын, сонда ол көп жеміс әкеледі. Сендер Менсіз еш нәрсе жасай алмайсыңдар.
Сравни
Разгледайте Жохан 15:5
2
Жохан 15:4
Сондықтан Менде болыңдар, Мен сендерде боламын. Жүзім бұтасының сабағы өздігінен жеміс бере алмайтыны секілді сендер Менде болмасаңдар, жеміс әкеле алмайсыңдар.
Разгледайте Жохан 15:4
3
Жохан 15:7
Егер де сендер Менде қалсаңдар, онда Менің сөздерім де сендерде қалады. Сонда өздеріңе не қаласаңдар, сол орындалатын болады.
Разгледайте Жохан 15:7
4
Жохан 15:16
Мені таңдаған сендер емес, қайта, Мен сендерді таңдадым, сендер жеміс берсін әрі сол жемістерің тұрақты болсын деген мақсатпен таңдап алдым. Енді сендер Менің атымнан Әкеден не сұрасаңдар Ол сендерге соны беретін болады.
Разгледайте Жохан 15:16
5
Жохан 15:13
Дәл осындай үлкен сүйіспеншілік өзі жақсы көретіндері үшін өз өмірін қиятыннан басқада әлі ешқашан ешкімде болған емес.
Разгледайте Жохан 15:13
6
Жохан 15:2
Ол Менде өсіп, бірақ өзі жеміс бермейтін әрбір сабақты кесіп тастайды. Ал жеміс әкелетін әрбір сабақты Ол тазартып отырады, сонда ол мол жеміс беретін болады.
Разгледайте Жохан 15:2
7
Жохан 15:12
Менің сендерге беретін өсиетім бар, ол мынау: Мен сендерді қалай сүйсем, сендер де бір-біріңді солай сүйіңдер!
Разгледайте Жохан 15:12
8
Жохан 15:8
Сонымен, егер сендер Менің шәкіртім болсаңдар ғана мол өнім әкеле аласыңдар, осы арқылы Менің Әкем даңққа бөленіп, *Оның аты мадақталатын болады.
Разгледайте Жохан 15:8
9
Жохан 15:1
Мен -шынайы жүзім бұтасымын, Менің Әкем -жүзім өсіруші.
Разгледайте Жохан 15:1
10
Жохан 15:6
Менде қалмайтын әркім жарамсыз сабақ сияқты сыртқа лақтырылып тасталады, ол қураған соң, жинап алып, өртеп жібереді.
Разгледайте Жохан 15:6
11
Жохан 15:11
Мен мұны Менің қуанышымның сендерде болғанын және сол қуанышқа сендердің де толығымен кенелгендеріңді қалағандықтан айтып тұрмын.
Разгледайте Жохан 15:11
12
Жохан 15:10
Егер сендер Менің өсиеттерімді сақтайтын болсаңдар, онда Менің сүйіспеншілігімде қаласыңдар. Сондайақ Мен де Әкемнің өсиеттерін сақтап, Мен де Оның сүйіспеншілігенде қалдым.
Разгледайте Жохан 15:10
13
Жохан 15:17
Менің сендерге беретін өсиетім мынау: бір-біріңді сүйіңдер!
Разгледайте Жохан 15:17
14
Жохан 15:19
Егер де сендер осы әлемнен болсаңдар, онда осы әлем сендерді жақсы көруші еді, алайда сендер осы әлемнен емессіңдер. Ал Мен сендерді осы әлемнен таңдап алдым, сондықтан да осы әлем сендерді жеккөреді.
Разгледайте Жохан 15:19
Начало
Библия
Планове
Видеа