Лұқа 23
23
Исаның римдік әміршіге және Ғалилея әкіміне берген әділ куәлігі
1Жоғарғы кеңесте жиналғандардың бәрі орындарынан тұрып, Исаны Пилатқа алып барды. 2Сонда олар Оны айыптай бастап былай деді:
— Біз мына Кісінің халқымызды бүлдіріп жүргенін тексеріп, анықтадық. Ол Рим патшасына салық төлемеңдер деп үгіттеп, Өзін Мәсіхпін, яғни Патшамын, деп жүр! — 3Сонда Пилат Исаға:
— Сен Яһудилердің Патшасысың ба? — деген сұрақ қойды. Иса:
— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді. 4Пилат басты діни қызметкерлер мен жиналған халыққа:
— Мен бұл Адамнан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. 5Бірақ олар одан бетер нығарлап:
— Бұл Ғалилеядан бастап осы жерге дейін бүкіл Яһудея бойынша өз ілімін таратып, елді көтеріліске желіктіріп жүр! — деп айыптады.
6Пилат Ғалилея аймағы туралы естігенде:
— Бұл Өзі ғалилеялық па еді? — деп сұрады. 7Осылай Исаның Ирод (Антипас)#23:7 Жақия пайғамбарды өлтірген қатыгез аймақ әкімі (3:1; 9:7-9). билеген Ғалилея аймағынан екенін білген соң, Пилат Исаны сол кісіге жіберді. Өйткені Ирод та бұл күндері Иерусалимде жүрген еді.
8Ирод Исаны көргеніне қатты қуанды. Себебі ол Иса туралы көп естіген соң, бір керемет көрсетер деп үміттеніп, Оны көптен бері көргісі келіп жүрген еді.#23:8 9:7-9; 13:31; Мар 6:14-16,26-28. 9Ирод Исаға көптеген сұрақтар қойды, бірақ Ол еш жауап бермеді.#23:9 Иш 53:7; Пет1 2:21-23.
10Ал басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері сол жерде тұрып, Исаны қатты айыптады. 11Сонда Ирод жасақшыларымен бірге Оны қорлап мазақтап, үстіне әдемі шапан жауып, Пилатқа қайтарып жіберді. 12Осы уақытқа дейін қастасып келген Пилат пен Ирод сол күні татуласып, өзара дос бола қалды.
Әділетсіз үкім
13Пилат басты діни қызметкерлерді, рубасыларды және халықты шақырып алып, 14оларға былай деп шешімін айтты:
— Мына Адамды халықты бүлдіріп жүр деп, маған алып келдіңіздер. Міне, мен Оны алдарыңызда тергеп, бұл Адамнан сіздер айыптайтындай ешқандай кінә таппадым! 15Ирод та солай етті, өйткені мен Оны соған жіберген едім.#23:15 Яки: Ирод та Одан еш кінә таппай, Оны бізге қайтарып жіберді. Демек, Ол өлім жазасына кесетіндей ешқандай қылмыс жасаған жоқ. 16Сондықтан Оны соқтырып, босатып жіберемін. — 17(Себебі мейрамның құрметіне әміршінің халыққа бір тұтқынды босатып беруі керек болатын.)#23:17 Мат 27:15. 18Бірақ жиналған халық түгелдей:
— Ол өлтірілсін! Орнына бізге Бараббаны босатып беріңіз! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. 19Барабба қалада бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған еді.
20Пилат Исаны қоя бермекші болып, қайтадан даусын көтере сөйледі. 21Бірақ олар:
— Айқышқа шегеленсін, айқышқа! — деп шулап кетті. 22Пилат оларға үшінші рет:
— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? Мен Одан өлім жазасына кесетіндей ешқандай кінә таппай тұрмын. Сондықтан Оған дүремен сабақ беріп, босатып жіберемін, — деді. 23Бірақ басты діни қызметкерлер мен халықтың көпшілігі бар дауыспен:
— Оны айқышқа шегелетіңіз! — деп айқай салып талап ете берді.
Ақырында олар айқайларымен дегендеріне жетіп, 24Пилат талаптары орындалсын деп шешті. 25Сөйтіп ол бүлік шығарып, кісі өлтіргені үшін түрмеге жабылған адамды олардың сұрауы бойынша босатып жіберді. Ал Исаны тілектеріне сай өлімге кесіп, жасақшылардың қолына тапсырды.
Үкімнің орындалуы
26Жасақшылар Исаны жазалайтын жерге алып бара жатқанда, даладан қалаға келе жатқан Шимон есімді күренелік#23:26 Күрене: сол заманғы солтүстік Африкадағы қала және өлке, қазіргі Либия жері (Елш 2:10). кісіге тап болды. Олар Шимонға айқыш ағашты арқалатып, оны Исаның соңынан алып жүруге мәжбүр етті.
27Исаға өте көп халық ілесіп, көптеген әйелдер жоқтау айтып еңірей жылап келе жатты. 28Ал Иса оларға бұрылып, былай деді:
— Иерусалимнің әйелдері, Мен үшін жыламаңдар, өздерің мен балаларың үшін жылаңдар! 29Себебі жұрт «Құрсақ көтермейтін, бала сүймеген, емшек емізбеген әйелдер бақытты!» дейтін, азапты күндер келеді.#23:29 21:23-24; Мар 13:17-19. 30Сол уақытта адамдар тауларға: «Үстімізге құлап түсіңдер!» әрі төбелерге: «Бізді басып, жасырып тастаңдар!»#23:30 Ош 10:8; Иш 2:19; Аян 6:16. деп жалынатын болады. 31Егер жасыл ағашқа бұлай істелсе, онда қураған ағашпен не болмақ?!#23:31 Яғни өмірдің қайнары — кінәратсыз Өзім осындай азап шексем, күнәкарлардың қатаң жаза тартатыны сөзсіз! (19:41-44; Жох 15:6; Иш 10:16-19)
32Жасақшылар Исамен бірге екі қылмыскерді де өлтіруге алып бара жатты. 33Олар «Маңдайтөбе»#23:33 Немесе: «Бассүйек орны». деген жерге жеткен соң, Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды. Сондай-ақ, сол екі қылмыскерді де, біреуін Исаның оң, екіншісін Оның сол жағына айқыш ағаштарға керіп шегелеп іліп, көтеріп қойды.
34Сонда Иса (көктегі Әкесіне сиынып): «Әке, оларды кешіре гөр! Олар не істеп жатқандарын түсінбейді», — деді.#23:34 Иш 53:12; Елш 3:17; Қор1 2:8.
Ал жасақшылар Исаның киімдерін жеребе тастап өзара бөлісіп алды.
35Халық сол жерде осының бәріне қарап тұрды. Басшылары тіпті Исаны мазақтап: «Мынау басқаларды құтқарыпты. Егер Ол Мәсіх — Құдайдың Таңдаулысы болса, енді Өзін құтқарып көрсін!» — деп келекеледі. 36Жасақшылар да Исаның қасына келіп, Оған сірке суын ұсынып: 37«Егер Яһудилердің Патшасы болсаңыз, Өзіңізді құтқара көріңіз!» — деп Оны табалады.
38Исаның басынан жоғары айқыш ағашқа «Бұл — Яһудилердің Патшасы» деп (грек, латын және еврей тілдерінде) жазылған тақтайша бекітілген болатын.
39Айқышқа ілінген екі қылмыскердің#23:39 23:32-33. біреуі Исаға тіл тигізіп:
— Мәсіх болсаң, кәне, Өзіңді де, бізді де құтқар! — деп мысқылдады. 40Екіншісі, керісінше, оны тоқтатып:
— Құдайдан қорықпайсың ба? Өзің де осыған кесілдің ғой. 41Біздің үкіміміз әділ, істерімізге лайық жаза тартып тұрмыз. Ал Бұл еш жамандық істеген жоқ, — деді. 42Содан кейін:
— Иса, Патшалығыңызға кіргенде#23:42 Немесе: Ием, Патша болып қайтып келгенде (17:30; Мат 16:27). мені есіңізге ала көріңіз, — деп өтінді. 43Иса оған:
— Саған шындығын айтамын: бүгін-ақ Менімен бірге жұмақта боласың!#23:43 16:22; Қор2 12:2,4; Аян 2:7. — деді.
Исаның қайтыс болып, қабірге қойылуы
44-45Бұл уақыт тал түстің шамасы#23:44-45 Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз. еді. Сол кезде күннің жарығы сөніп, бүкіл жерді қараңғылық басты, ол үш сағатқа созылды. Киелі үйдегі шымылдық#23:44-45 Бұл шымылдықпен киелі үйдегі ең қасиетті орын — Құдайдың жер бетіндегі тұрағы жабылып, адам көзінен тасаланатын. Демек, сол сәтте Құдай Әке әлгі киелі үйден біржола шығып кетті (Мыс 26:33; 40:34-35; Езк 10:18; Евр 10:19-22). ортасынан қақ айырылып, екіге бөлінді.
46Иса қатты дауыспен айқайлап: «Әке, Сенің қолыңа рухымды тапсырамын!» — деді.#23:46 23:34; Жыр 30:6. Мұны айтқаннан кейін жан тәсілім етті.
47Осы оқиғаларды көріп тұрған жүзбасы: «Бұл шынымен әділ#23:47 Яки: кінәратсыз (23:4,14-15,22; Мат 27:24). Адам болған!» — деп, Құдайды дәріптеді. 48Қызық көруге жиналған бүкіл халық болған жайттарды көрген соң, (опық жеп қайғырып) қолдарымен көкіректерін соққылап#23:48 Бұл әдет опық жеудің әрі қайғырудың белгісі болатын (18:13). қалаға қайтты.
49Исаның барлық таныстары және Ғалилеядан еріп келген әйелдер#23:49 8:2-3; Мат 27:55; Мар 15:40-41; Жох 19:25. алысырақ жерден осылардың бәріне қарап тұрды.
50Жоғарғы кеңестің Жүсіп есімді мүшесі бар еді. Яһудея аймағындағы Ариматея қаласынан шыққан осы ізгі де әділ жан 51Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын#23:51 2:25,38; 3:6; 4:43; 10:9; 11:2; Елш 1:6. аңсап күтіп жүрген болатын. Жүсіп Жоғарғы кеңестің қарары мен ісіне келіспеген де еді. 52Осы кісі Пилатқа барып, Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрап алды. 53Содан ол денені айқыштан түсіріп алып, бәтес#23:53 Яки: асыл кенеп. кебінге орады. Оны жартастан үңгіп жасалған,#23:53 Жох 11:38; 19:41; 20:1. әлі ешкім қойылмаған бір қабірге апарып қойды. 54Бұл жұма күнгі кеш, яғни діни демалыс күнінің басталар кезі, еді.#23:54 Немесе: Бұл демалысқа әзірленетін жұма күні, яғни сенбі күнінің таяп қалған кезі, еді. (Сол заманғы әдетке сай жаңа күн кештен басталатын әрі жұрттың демалатын күні сенбі болатын.)
55Исаға еріп Ғалилеядан келген әйелдер Жүсіпке ілесіп келіп, қабірге де, оның ішіне сүйектің қалай қойылғанына да қарап тұрды. 56Содан соң әйелдер қалаға қайтып барып, жұпар заттар мен иісмайлар дайындап қойды. Діни демалыс — сенбі күні олар Таурат заңының талабына сай тыныштық сақтап, демалды.
Избрани в момента:
Лұқа 23: КК 2010
Маркирай стих
Споделяне
Копиране
Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: