Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Жохан 7

7
1Осыдан кейін Иса Ғалилея аймағын аралап кетті, өйткені яһудейлер Оны өлтірмек болып іздей бастаған еді, сол үшін Ол Яһудея аймағында жүргісі келмеді.
2Сол кезде яһудейлердің Күрке тұрғызу атты мейрамын тойлайтын мерзімі таяп қалған болатын.
3Оның бірге туған бауырлары Исаға: -Өзіңнің жасаған істеріңді шәкірттерің көрсін десең, Сен бұл жерді тастап, Яһудея аймағына бар.
4Өйткені (белгілі болу үшін) өзінің істейтін ісін ешкім жасырын істемейді, керісінше, өзін ашық көрсетуге тырысады. Егер солай істейтін болсаң, Сен Өз-Өзіңді осы әлемге көрсететін боласың - деді.
5Оның Өз бауырлары да Оған сенбейтін.
6Сонда Иса оларға: -Маған берілген уақыт әлі келген жоқ, ал сендерге кез-келген уақыт тиімді.
7Сендерді осы әлем жеккөрмейді, Мені жеккөреді, себебі Мен оның істеген істерінің зұлымдыққа толы екенін дәлелдеп, сол жайында куәлік айтып жүрмін.
8Мейрамға өздерің бара беріңдер, Мен бұл мейрамға бармаймын, өйткені Менің уақытым әлі келген жоқ, -деді.
9Осылай деп, Ол Ғалилеяда қалып қойды.
10Алайда Оның бауырлары * мейрам болып жатқан жерге жетті-ау деген кезде, Исаның Өзі де өрлеп, мейрам болып жатқан жерге ешкімнің көзіне түспей, жасырын келді.
11Алайда яһудейлер сол мейрамда Исаның да болуы тиіс деген оймен: - Ол қайда жүр? - деп Оны іздей бастады.
12Сол кезде Ол туралы халықтың арасында әр түрлі қаңқу сөздер пайда бола бастады, біреулері Оны: «Жақсы адам екен», -десе, басқалары: «Жоқ, олай емес», -дейтін. Ал басқалары: «Ол халықты бекерге алдап жүр», -дегенді айтатын.
13Бірақ та көбі яһудейлерден қорыққандықтан, ешкім Ол туралы ашық айта алмады.
14Мейрамның бірінші жартысы өтіп, ортасына жеткенде, Иса ғибадатханаға барып, тәлім бере бастады.
15Сонда яһудейлер: -Бұл Жазбаны оқуды үйренбей жатып, оны қалай жақсы біледі? - деп таңғалды.
16Сол кезде Иса оларға: -Менің үйретіп жүрген тәлімім Менікі емес, ол - тек Мені Жібергеннің тәлімі.
17Егер біреудің Оның еркін орындағысы келетін қалауы болса, онда осы тәлімнің Құдайдан келгенін немесе Мен оны Өз атымнан айтып тұрғанымды ол білетін болады.
18Қара басының атақ-даңқын іздеуші тек өз атынан ғана сөйлейді, ал нағыз шындық Оны Жібергеннің атақ-даңқын іздеушіде және Оның әрбір ісінде әділетсіздік болған емес.
19Сендерге Заңды Мұса берді емес пе? Алайда сол Заңды ешкім де орындап жүрген жоқ. Сендер Мені не үшін өлтірмек болып іздеп жүрсіңдер? - деді.
20-Сені жын соққан ба? Кім Сені өлтірмек болып іздеп жүр? - деді Оған халық.
21Иса оларға: -Мен бір іс жасадым, соған бәрің таңданып жүрсіңдер.
22Басында Мұса сендерге сүндеттеуді берген кезде, Мұса оны өз атынан емес, ата-бабалардан қалған аманат ретінде берді, сондықтан сендер адамды сенбі күні де сүндеттей бересіңдер.
23Егер де сол Мұсаның Заңы бұзылмасын деген оймен адам сенбі күні сүндеттеуден өтетін болса, онда сендер неге Менің сол сенбі күні бір адамды сауықтырғаныма қарсы болып, не үшін Маған ашуланып жүрсіңдер?
24Егер соттайтын болсаңдар, онда сыртқы бет-әлпетке қарап емес, әділетті жолмен соттаңдар, - деді.
25Сол арада Ерусәлімнен келгендердің кейбіреулері: -Әлгі өлімге кесіліп, өлтіруге іздеп жүргендері Осы емес пе? - деп сұрады.
26-Байқайсың ба, Ол ашық сөйлеп тұр және олар Оған ештеңе де айта алмайды. Сонда басшылардың, шынымен де, Оның Мәсіх екенін білгені ме?
27Алайда біз Мұның қай жақтан екенін білеміз ғой. Ал Мәсіх келетін кезде Оның қай жақтан келгенін ешкім де білмейді, - десті.
28Міне, сол кезде ғибабатханада тәлім беріп тұрған Иса қатты дауыстап: -Иә, Менің кім екенімді біледі екенсіңдер?! Менің қай жақтан келгенімді де білесіңдер! Ал Мен Өз бетіммен келген жоқпын. Мені Ақиқаттың Өзі жіберді, Ол-Шындық, ал сендер Оны білмейсіңдер.
29Мен Оны білемін, себебі Мен Оның атынан келіп тұрмын, Мені жіберген Соның Өзі! - деді.
30Осы сөздер айтылған соң, олар Исаны ұстап алудың жолын іздестіре бастады, бірақ Оған ешкім қол көтермеді, өйткені Оның уақыты әлі келген жоқ болатын.
31Халықтың көпшілігі Оған сене бастады, сонда олар: -Мәсіх келген кезде, Мынаның жасағанынан да үлкен кереметтерді жасайды деп ойлайсың ба? - десті.
32Фарисейлер халықтың Иса туралы осылай деп жүргендерін естіген соң, бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлер бірігіп, өздерінің қызметкерлеріне Исаны ұстап алып келуге жіберді.
33Сол кезде Иса: -Енді Мен аз уақыт қана сендермен бірге боламын, содан кейін Өзімді Жібергенге қайтадан барамын.
34Мені іздейтін боласыңдар, бірақ Мені таба алмайсыңдар және Мен барған жерге сендер келе алмайсыңдар, - деді.
35Сонда яһудейлер бір-бірінен: -Біз Оны таба алмайтындай, Ол қай жаққа кетпек болып дайындалып жүр? Анау бытырап кеткен гректерге барып, соларға тәлім берейін деп жүр ме?
36«Мені іздейтісіңдер, бірақ Мені таба алмайсыңдар, ал Мен барған жерге сендер келе алмайсыңдар» деген сөзінде қандай мағына жатыр? - десті.
37Бұл үлкен мейрамның соңғы күні болатын, сонда Иса қатты дауыстап тұрып: -Егер де кімде-кім шөлдейтін болса, Маған келсін, Менен ішіп, шөлін бассын.
38Себебі: «Кім Маған сенсе, оның ішкі жан дүниесінен тірі су өзен болып ағады», -деп Жазбада айтылған сөз орындалады, - деді.
39Иса осы кезде Өзіне сенетіндердің Рухты қабылдауға дайын болуы қажет екені жайында айтты, өйткені Иса Өзінің даңқына әлі бөленбегендіктен, Рух әлі берілмеген болатын.
40Халықтың арасында тұрып, осы сөзді естіген кейбіреулер: - Бұл - нағыз пайғамбар! - десті.
41Басқалары болса: -Бұл -Мәсіх! -десті. Ал өзге біреулері: - Мәсіх осы Ғалилеядан келуші ме еді?
42Өйткені Жазбада Мәсіх Дәуіттің ұрпағы болғандықтан, Дәуіттің аулынан, яғни, Бетлехемнен келуіге тиіс деп айтылған жоқ па? - десті.
43Осылайша халықтың арасында Ол туралы өзара айтыс -тартыс туындап, арты ұрыс-керіске айналып кетті.
44Тіпті, олардың арасында жүрген кейбіреулері Оны ұстап та алмақшы болды, алайда Оған ешкім қол көтере алмады.
45Осыдан кейін әлгі көмекші қызметшілер өздерін жіберген бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлерге қайтып келді. -Сендер неге Оны алып келмедіңдер? -деді олар.
46Көмекші қызметшілер: -Бірде-бір адам ешқашан дәл солай сөйлеген емес? - деп жауап берді.
47Фарисейлер оларға: -Сендер де алданып қалғансыңдар ма? - деді.
48-Мына басшылардың арасында, не болмаса фарисейлердің арасында Оған сенген біреу бар ма?
49-Мына халық Заңды білмейді, сондықтан оларды қарғыс атқан! - деді.
50Сол кезде олардың қатарында болған және осыдан біраз бұрын Исаға келіп кеткен Нікөдем:
51-Біздің Заңымыз бойынша, алдымен, адамның не істеп, не қойғаны туралы естіп, біліп алмай, оны соттауға бола ма? - деді.
52Сол жерде тұрғандар оған: -Сен де сол Ғалилея аумағынан емессің бе? Дұрыстап зерттеп қара! Ғалилеядан пайғамбардың шығуы мүмкін емес! - деп жауап берді.
53Сөйтіп, әркім үйлеріне тарап кетті.

Избрани в момента:

Жохан 7: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте