Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 11

11
1Иса он екі шәкіртіне тәлім беріп болған соң, сол маңайдағы қалаларға барып, уағыз айтып жүрді.
2Абақтыда отырған Жақия Мәсіхтің істеп жүрген істері жайлы естіп, өзінің шәкірттерін жіберіп:
3-Келуге тиісті Сенбісің? Әлде біз басқа біреуді күтуіміз керек пе? - деп сұратты.
4Сонда Иса оларға былай деп жауап қатты: -Жақияға барып, не естіп, не көргендеріңді айтып беріңдер.
5Зағиптар көріп, ақсақтар жүріп, алапестер тазарып, саңыраулар естіп, өлгендер тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар айтылуда.
6Маған сенімсіздік танытпаған әркім бақытты, - деді.
7Оларды жіберген соң, Иса халыққа Жақия туралы былай деді: -Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен қамысты ма?
8Сендер сонда не көруге бардыңдар? Әдемі, сәндікиім киген адамды ма? Әдемі, сәнді киім киетіндер патшалардың үйінде тұрады.
9Сонымен, сендер не көруге бардыңдар? Пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтарым: ол- пайғамбардан да жоғары.
10Себебі жазбада: «Міне, Мен алдын ала Өзімнің хабаршымды жіберемін, ол Сенен бұрын барып, жолыңды дайындап қояды», - деп жазылған адам осы болатын.
11Сендерге шындығын айтамын: -Әйел затынан туғандардың арасынан суға батырып шомылдырушы Жақиядан ұлы ешкім болған емес. Бірақ кім кішіпейіл болса, Көктегі Патшалықтағы жолы үлкен болады
12Суға батырып шомылдырушы Жақияның күндерінен осы уақытқа дейін, Көктегі Патшалық күшпен алынуда, оған күш салғандар Оны иеленіп жатыр.
13Жақияға дейінгі барлық пайғамбарлар да, Таурат заңы да осы жайлы алдын ала айтып кеткен.
14Сондықтан қабылдағыларың келсе, ол келуге тиісті Ілияс пайғамбар болатын.
15Құлағы барлар осыны тыңдап алсын!
16Осы ұрпақты кімге ұқсатуға болады? Олар сауда орталығында отырып алып, басқаларға былай деп айқайлайтын балаларға ұқсайды:
17«Біз сендер үшін сыбызғы ойнадық, сендер билемедіңдер, біз сендерге жоқтау әнін айттық, сендер қайғырып, жыламадыңдар».
18Кәдімгі тамақтарды ішіп-жемейтін Жақия келгенде: «Оның бойында жын бар», - деді.
19Ал кәдімгі тамақтарды ішіп-жейтін Адам Ұлыкелгенде: «Ол тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салық жинаушылар мен күнәкарлардың досы», -десті. Алайда Жаратқан Иенің даналығы әділетті ісімен ақталады, -деді.
20Содан кейін Иса Өзінің құдіретті күшімен көп кереметтер жасалған қалаларды айыптай бастады, себебі олар әлі де тәубе етпеген болатын.
21-Қасірет, саған Хоразин! Қасірет, саған Бетсайда! Егер де сендерде жасалған кереметтер Тир мен Сидонда жасалған болса, олар әлдеқашан азалы киімге оранып, бастарына күл шашып, тәубе етер еді.
22Бірақ сендерге айтарым: -Сот болатын күні сендерге қарағанда, Тир мен Сидонға едәуір жеңілірек болады.
23Қапарнаум, сен де көкке көтерілмей, тозаққа кетесің. Өйткені сенде істелген кереметтер Содомда жасалған болса, ол осы күнге дейін аман қалар еді.
24Бірақ сендерге айтарым: -Сот болатын күні сенен гөрі, сол Содомның жеріне жеңілірек болады.
25Одан кейін Иса сөзін жалғастырып: -Жер мен Көктің Иесі Әке, Сенің сүйіспеншілігіңді білемін, Сен осыны ақылдылар мен данышпандардан жасырып, оны сәбилерге ашып бердің.
26Иә, Әке, өйткені Сенің ізгі ниетің де осы болған.
27Маған бәрі Әкемнен берілген. Ұлын тек Әкеден басқа ешкім де білмейді, егер де тек Ұлы қалап, ашып бермесе, Әкені де Ұлынан басқа ешкім білмейді.
28Маған келіңдер, шаршап-шалдығып, еңселерін ауыр жүк басқандар, Мен сендерді тыныштыққа бөлеймін.
29Менің қамытымды киіп, Менен үйреніңдер, өйткені Менің жүрегімде ізгілік пен кішіпейілділік бар,жандарыңа қажетті тыныштықты содан табасыңдар.
30Менің қамытым ыңғайлы әрі артатын ауыртпалығым да жеңіл.

Избрани в момента:

Матай 11: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте