Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 23

23
1Иса сол кезде халыққа және Өз шәкірттеріне былай деді:
2Мұсаның орнын Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер басты.
3Сондықтан сендер олар не айтса, бәрін істеңдер және орындаңдар, алайда олардың істерін істемеңдер, өйткені олар айтқандарын өздері де істемейді.
4Олар шамадан тыс ауыр жүкті адамдардың мойындарына байлап, артып қояды, ал өздері сол жүкті сәл-пәл орнынан жылжыту үшін, саусақтарының ұшын да тигізгісі келмейді.
5Олар әрбір істерін тек адамдарға көрсету үшін істейді: маңдайындағы Таураттан үзінділер жазылған қобдишаны үлкейтіп, киімдерінің етегіндегі шашақтарын ұзартады.
6Құрметті орындарда отырып ас ішіп, синагогаларға барып, ең алдыңғы қатардағы орынға жайғасып,
7сауда орындарында адамдардың өздеріне сәлем беріп,«ұстаз» деп айтқандарын жақсы көреді.
8Сендерді ешкім «ұстаз» деп атамасын, өйткенісендердің Ұстаздарың біреу, Ол-Мәсіх, сендер бір-біріңе бауыр боласыңдар.
9Ешкімді жер бетінде «әке» деп атамаңдар, өйткені сендердің Әкелерің біреу-ақ, Ол-Көкте.
10Бір-біріңді тәлімгер деп те атамаңдар, сендердің бір ғана Тәлімгерлерің бар, Ол-Мәсіх.
11Сонымен, ең үлкендерің сендерге қызмет ететін болсын,
12өйткені кім өзін -өзі жоғарылатса, сол төмендетіледі, кім өзін төмен ұстаса, сол жоғарылатылады.
13Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, себебі сендер адамдардың алдынан Көктегі Патшалыққа кіретін жолды жауып тастайсыңдар, Оған не өздерің кірмейсіңдер, кіргісі келгендерді де жібермейсіңдер.
14Таурат заңын зерттеушілер мен фарисейлер, екіжүзділер, қасіретке қаласыңдар. Жесірлердің асын ішіп -жеп, екіжүзділікпен ұзақ мінажат етесіңдер, сол үшін де жазаларыңның көбі қатаң болады.
15Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, себебі сендер өзге ұлттық біреуді өз тәлімдеріңе (Мұсаның заңына) үйрету үшін, теңіз бен құрлықты кезіп, орындалған кезде сол адамды өздеріңнен бетер тозаққа лайықты етесіңдер.
16Соқыр жетекшілер, қасіретке қаласыңдар, сендер:«Кім осы ғибадатхананың атымен ант етсе, ештеңе емес, ал ғибадатханадағы алтынмен ант етсе, сол-парыз», -дейсіңдер.
17Ақылсыздар мен соқырлар, сонымен, қайсысы маңыздырақ, алтын ба әлде сол алтын бағышталғанғибадатхана ма?
18Сондай-ақ: «Кім құрбандық үстелімен ант етсе, ештеңе емес, ал оның үстінде жатқан сый-тартумен ант берсе, сол -парыз», - дейсіңдер.
19Соқырлар, сонымен, не маңызды? Сый-тарту ма әлде оны бағыштайтын құрбандық үстелі ме?
20Сонымен, құрбандық үстелімен ант берген сол үстелмен де және оның үстінде жатқан барлық нәрсемен де ант береді,
21ғибадатханамен ант еткен сонда тұратын Жаратушы Иемен де ант етеді,
22Көкпен ант еткен, сондағы Құдайдың тағымен де және Оның үстінде отырған Құдайдың Өзімен де ант етеді.
23Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені жалбыз, аскөк, зире (сияқты дәмдеуіштерді) ондыққа беріп, ал Заңның негізі болып саналатын әділеттілік пен мейірімділікті, сенімді орындап, басқасын да қалдырмау керек еді.
24Масаны сүзіп тастап, ал түйені түгімен жұтып қоятын соқыр жетекшілер,
25Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені тостаған мен ыдыстарыңның тек сыртын ғана тазартасыңдар, ал іші ашкөздік пен қанағатсыздыққа толып тұр.
26Соқыр фарисей, алдымен, тостағанның ішін тазарт, содан кейін сырты да тазарады.
27Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені сендер сыртын әктеп қойған қабірге ұқсайсыңдар, олар сыртынан әдемі көрінгенімен, іші өліктің сүйектерімен әр түрлі арамдыққа толы.
28Сондықтан да сендер сырттарыңнан әділетті болып көрінгендеріңмен, іштерің екіжүзділік пен заңсыздыққа толып тұр.
29Таурат заңын зерттеушілер мен екіжүзді фарисейлер, қасіретке қаласыңдар, өйткені пайғамбарларға мазар салып әрі әділдердің ескерткіштерін әшекейлейсіңдер.
30Сөйтіп: «Егер де біздің ата-бабаларымыз пайғамбарлардың қанын төккен кездерде олармен бірге болсақ, оған біздің қатысымыз болмас еді», - дейсіңдер.
31Осылайша өздеріңнің пайғамбарларды өлтірушілердің ұрпақтары екендеріңе өздерің куәлік беріп,
32ата-бабаларыңа берілген өлшемді толықтырып жатырсыңдар.
33Улы жыланнан туған ұрпақтар, тозақ отының сотынан қайтіп қашып құтылмақсыңдар?
34Міне, сол үшін Мен сендерге пайғамбарлар мен данышпандарды және Таурат заңын зерттеушілерді (оқытушыларды) жіберемін, олардың кейбіреуін өлтіріп, кейбіреуін айқыш ағашқа шегелеп, кейбіреуін синагогаларыңда ұрып -соғып, қаладан қалаға қудалайсыңдар.
35Сондықтан ғибадатхана ауласындағы құрбандық үстелінің жанында Әбілден бастап Барақияхұлы Зәкәрияға дейінгі жер бетінде өлтірілген барлық әділдердің төгілген қанының құны сендерге жүктеледі.
36Сендерге шындықты айтамын: осының бәрі бүгінгі ұрпақтан талап етіледі.
37О, Иерусалим! Иерусалим! Пайғамбарларды өлтіріп, өзіңе жіберілгендерді таспен атқыладың. Балапандарынқанатының астына жинайтын құс секілді Мен де қаншама рет сенің балаларыңды жинағым келді, алайда сендер соны қаламадыңдар!
38Енді міне, сендердің үйлерің қаңыраған бос күйінде өздеріңе қалдырылды.
39Өйткені сендерге былай деймін: «Жаратушы Иеміздің атымен Келген -Жарылқанған!» -деп айтатын кезге дейін Мені көрмейсіңдер.

Избрани в момента:

Матай 23: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте