Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Марқа 2

2
1Иса Қапарнаумға қайтып келді, бірнеше күннен кейін адамдар Оның үйде екенін білді.
2Сондықтан бәрі сонда жинала бастады, әуелі, кейбіреулер есіктің жанынан да орын таба алмады. Иса оларға сөйлеп тұрған кезде,
3сал болып жатып қалған біреуді төрт адам көтеріп, Оған алып келді.
4Халықтың көптігінен Исаға жақындай алмағандықтан, олар Иса тұрған жердің төбесін қопарып ашты да, әлгі сал болған адамды төсенішімен төмен түсірді.
5Олардың осы сенімін көрген Иса сал адамға: -Балам, сенің күнәларың кешірілді, - деді.
6Таурат заңының кейбір зерттеушілері сол жерде отырған болатын, олар жүректерінде:
7«Мынау неге олай айтып тұр? Бұл қорлау ғой! Құдайдан басқа кім күнәларды кешіре алады?» - деп ойлады.
8Олардың іштей осы ойда отырғанын Иса сол сәтте Өз Рухында біліп қойып, оларға: -Неге жүректеріңде осыны талқыға салып отырсыңдар? - деді.
9-Сал болып жатқанға қайсысын айтқан оңайырақ? «Сенің күнәларың кешірілді», -деген бе? Немесе: «Тұр, төсенішіңді ал да, жүре бер!» - деп айтқан оңай ма?
10Ал Адам Ұлында жер бетіндегі күнәні кешіретін биліктің бар екенін сендердің білулерің үшін, -деді де, сал болып жатқан адамға:
11-Саған айтамын, тұр да, төсенішіңді алып, үйіңе бар! -деді.
12Сол сәтте әлгі сал болған адам бәрінің көз алдында орнынан тұрып, төсенішін алып шығып кетті. Осыған бәрі таңғалып: -Біз ешқашан мұндайды көрген емеспіз! -деп Құдайды мадақтады.
13Иса тағы да көлдің жағасына барды, бүкіл халық жиналып, Оның қасына келді, Иса оларға тәлім берді.
14Иса өтіп бара жатып, салық жинаушының орнында отырған Әлпейұлы Леуіні көрді. -Менің соңымнан ер! -деді оған. Ол орнынан тұрып, Оның соңынан еріп кетті.
15Бірде Иса Әлпейұлы Леуінің үйінде дастарқан басына жайғасып, ас ішіп отырды. Сонда Исамен бірге көптеген салық жинаушылар мен күнәкарлар да Оның шәкірттерімен бірге дастарқан басында тамақтанды. Олардың бірталайы Исаның соңынан еріп жүретін.
16Исаның күнәкарлармен және салық жинаушылармен бірге ас ішіп отырғанын көрген сол жердегі Таурат заңын зерттеуші фарисейлер: -Ол неге салық жинаушылармен және күнәкарлармен бірге ас ішіп отыр? -деді Оның шәкірттеріне.
17Мұны естіген Иса: -Дәрігерге дені саулар емес, тек аурулар ғана мұқтаж. Мен әділдерді емес, күнәкарларды шақыру үшін келдім, - деді оларға.
18Жақияның және фарисейлердің шәкірттері ораза ұстайтын. Сонда олар Исаға келіп: -Неге Жақия мен фарисейлердің шәкірттері ғана ораза ұстайды? Сенің шәкірттерің неге ұстамайды? - деп Одан сұрады.
19Иса оларға: -Күйеу жігітпен бірге болған уақытта достары ораза ұстаушы ма еді? Олар күйеу жігіт жанында болғанда ораза ұстамайды.
20Олардан күйеу жігітті алып кететін күн туады, сол күндері олар ораза ұстайтын болады.
21Ешкім де ескі сыртқы киімді жаңа матамен жамамайды, себебі жаңа мата отырған кезде, ескі киімді жыртады, сөйтіп, жыртық бұрынғысынан да үлкейіп кетеді.
22Сондай-ақ ешкім де жас шарапты ескі торсыққа құймайды, өйткені шарап торсықты жарып кетеді, сөйтіп, шарап та, торсық та бүлінеді. Жас шарапты тек жаңа торсыққа ғана құяды, - деді.
23Бір сенбіде Исаға егіндік арқылы өтуіне тура келді, сонда Оның шәкірттері жол-жөнекей масақтарды үзіп жей бастады.
24Сонда фарисейлер Исаға: -Олар сенбіде істеуге болмайтын жұмысты неге істеп жүр, қарашы? - деді.
25Иса оларға былай деді: -Дәуіт өзінің қасындағыларымен бірге мұқтаждық көріп, ашыққан уақытта оның не істегені жөнінде ешқашан оқымадыңдар ма?
26Сол кезде бірінші бас қызметкер Абиятар болатын. Ол Құдайдың үйіне кіріп, тек бас қызметкерлерден басқа ешкімге жеуге болмайтын арнайы нанды өзі де алып жеді және басқаларына да сол нанды берді емес пе?
27-Адам сенбі күн үшін жаратылған жоқ, керісінше, сенбі күні адам үшін жаратылған.
28Сондықтан Адамның Ұлы -сенбі күнінің де Иесі, -деді Иса оларға.

Избрани в момента:

Марқа 2: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте