1
Мысырдан шығу 4:11-12
Киелі кітап
Ал Жаратқан Ие: — Адамға тілді бітірген кім? Оны мылқау не саңырау, көретін не соқыр ете алатын кім? Соны істей алатын Жаратқан Ие, Өзім, емеспін бе? Енді бар! Мен саған жар болып, айтатын сөздеріңді үйретемін, — деп бұйырды.
Compare
Explore Мысырдан шығу 4:11-12
2
Мысырдан шығу 4:10
Бірақ Мұса Жаратқан Иеге: — Уа, Ием! Мен бұрыннан бері де, Сен құлыңмен тілдесіп тұрған қазір де сөзге шешен адам емеспін. Аузым шабан, тілім жүйрік емес, — деп уайымын білдірді.
Explore Мысырдан шығу 4:10
3
Мысырдан шығу 4:14
Сонда Жаратқан Ие оған ашуланып, былай деп сөзін тамамдады: — Сенің леуілік Һарон атты ағаң бар емес пе? Оның сөзге шешен екенін білемін. Ол қазір-ақ сені қарсы алуға келе жатыр, өзіңді көргеніне шын жүректен қуанбақ.
Explore Мысырдан шығу 4:14
Home
Bible
Plans
Videos