Сонда Құдай оған түсінде былай деді:
— Мен сенің мұны адал жүрекпен істегеніңді білемін. Сол себептен де сені Маған қарсы күнә жасаудан сақтап, оған жақындатпадым. Енді әйелін күйеуіне қайтар. Ол — пайғамбар, сен үшін Маған сиынып сұрасын, сонда аман қаласың. Біліп қой, егер де әйелін қайтармасаң, өзің де, күллі адамдарың да өлетін боласыңдар.