1
Жаратылыстың баст. 49:10
Киелі кітап
Қолынан патша таяғын еш тартып алмайды, Билік белгісі Яһуда әулетінде орнайды, Бейбітшілік Әкелуші келеді ақырында, Халықтар Оған мойынсұнып бағынады да!
Compare
Explore Жаратылыстың баст. 49:10
2
Жаратылыстың баст. 49:22-23
Жүсіп — мол жеміс беретін жүзім бұтасы, Ол бұлақ басында өсіп-өніп тұрады, Сабақтары дуалдан асып шығады. Дұшпандары ызаландырып шабуыл жасады, Оқ атқан садақшылардай қастық жасады.
Explore Жаратылыстың баст. 49:22-23
3
Жаратылыстың баст. 49:24-25
Бірақ үнемі керулі оның садағы, Керемет епті қарулы қолдары. Оны Жақып сиынған құдіретті Құдайы — Исраилді қолдап жүретін Бағушысы Әрі жылжымас Жартасы қорғайды. Иә, әкеңнің Құдайы өзіңді қолдайды! Құдіреті шексіз Құдай сені аспаннан Бар жақсылықтармен жарылқасын әрқашан! Шыңырау бұлақтарын молынан ағызсын, Сәби мен төлді көп қып, аққа тойғызсын!
Explore Жаратылыстың баст. 49:24-25
4
Жаратылыстың баст. 49:8-9
Яһуда, сені бауырларың мадақтайды! Қолың жауыңның желкесінен түспейді, Әкеңнің ұлдары саған бас иеді. Яһуда, сен жас арыстанға ұқсайсың! Ұлым, аң аулап, қайтып келе жатырсың: Ол еркек арыстан құсап қомданады, Күшігін қорғайтын ана арыстандай жатады; Оны мазалауға кімнің батылы барады?
Explore Жаратылыстың баст. 49:8-9
5
Жаратылыстың баст. 49:3-4
Рубен, сен тұңғышымсың, менің күшімсің, Һәм күш-қуатымның алғашқы белгісісің! Сен құрметтеліп, билік жүргізуге лайықсың, Бірақ тасыған судай шектен тыс астың: Сен әкеңнің төсегін аттап, арамдадың, Содан тұңғыштық жолыңнан айырылдың!
Explore Жаратылыстың баст. 49:3-4
Home
Bible
Plans
Videos