Олар тамақтанып алғаннан кейін, Иса Шимон Петірден:
— Жохан ұлы Шимон, сен Мені мыналарға қарағанда көбірек сүйесің бе? — деп сұрады.
— Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой.
— Тоқты-қозыларымды бақ!
Иса екінші рет:
— Жохан ұлы Шимон, сен Мені сүйесің бе? — деп сұрады.
— Иә, Ием, Сізді жақсы көретінімді білесіз ғой. — Иса оған:
— Қойларымды бағып жүр! — деп тапсырды.
Иса үшінші рет:
— Жохан ұлы Шимон, сен Мені жақсы көресің бе? — деп сұрады.
Иса: «Сен Мені жақсы көресің бе?» деп үшінші рет сұрағандықтан Петір мұңайып:
— Ием, Сіз бәрін де білесіз, Сізді жақсы көретінімді де білесіз, — деді. Иса оған:
— Қойларыма қарап жүр!