Иса оған былай деп жауап берді:
— Бәрінің ең бастысы мынау: «Тыңда, Исраил: Құдайымыз Жаратқан Ие — жалғыз Иеміз! Құдай Иеңді шын жүректен, бүкіл жан дүниеңмен, барлық ақыл-ойыңмен, бар күш-қуатыңмен сүй!» Бұл — басты өсиет. Ал екіншісі (де сол сияқты): «Өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй!» Бұлардан жоғары өсиет жоқ.