Мысырдан шығу 1
1
Исраил ұрпақтарының Мысырда зорлық-зомбылық көруі
1Исраил деп те аталған Жақып#1:1 Жар 32:28; 35:10; 46:8. Мысыр жеріне ұлдарын өз үй іштерімен қоса көшіріп әкелген еді. Олар мыналар: 2Рубен, Шимон, Леуі, Яһуда, 3Исашар, Забулон, Бунямин, 4Дан, Нафталим, Ғад, Ашир. 5Жақыптан тараған ұрпақтардың саны сол кезде жетпіс болатын. Ал ұлдарының бірі — Жүсіп Мысыр еліне бұрынырақ келген еді.#1:5 Заң 10:22; Жар 46:26-27.
6Уақыт жетіп, Жүсіп пен бауырлары және олардың тұсында өмір сүргендердің барлығы да бұ дүниеден өтті. 7Ал Исраилдің үрім-бұтағы өсіп-өніп, сансыз көбейіп, күшейіп алғандары соншалық, жер солармен толып кетті.
8Сол кезде Мысырда жаңа бір патша билік құрды. Ол (осы ел үшін зор жақсылық жасаған) Жүсіп#1:8 Жар 41:37-40,46-49,56-57. туралы білмейтін. 9Патша өз халқына:
— Қараңдаршы, Исраилдің үрім-бұтағы тым көбейіп, күшейіп кетті. 10Ендеше ақылды шара ойластырып, олардың бұдан әрі көбеюлеріне жол бермейік. Әйтпесе соғыс бола қалған күнде дұшпандарымызға қосылып, бізге қарсы шайқасып, елімізден басқа жаққа көшіп кетер,#1:10 Яғни басқа жаққа көшіп кетіп бізге қызмет етуден бас тартар. — деп ойындағысын айтты.
11Содан олар Исраил халқын ауыр жұмыспен діңкелетіп, қысым көрсету үшін үстерінен бақылаушылар тағайындады. Сонымен исраилдіктер Мысыр патшасы перғауын#1:11 Немесе: фараон (ежелгі Мысыр патшаларының атағы: Жар 39:1; 41:1). үшін қоймалар ретінде Питом, Рамсес#1:11 Жар 47:11. қалаларын салды. 12Бірақ Исраил халқы неғұрлым көп қысым көрген сайын, соғұрлым өсіп-өніп, кеңінен жайыла түсті. Мысырлықтар олардан қатты қауіптеніп, 13халықты аяусыз құлдыққа салды. 14Оларды саз балшықтан илеп кірпіш құйып, үй салудың және егіндіктің кез келген ауыр жұмыстарына жекті де, қаталдықпен әр түрлі қара жұмыстарға мәжбүрлеп, өмірлерін аса қиындатты.
15Бұларға қоса Мысыр патшасы әйелдер босандырушы исраилдік#1:15 Немесе: көшпенді. (Түпнұсқадағы «ібірі» сөзі жалпы көшпенділерді, ал осы жерде исраилдіктерді білдіреді: Жар 14:13; 39:14.) Шипыра мен Пуаны шақырып алып, оларға:
16— Исраилдік әйелдерді босандырған кезде нәрестенің жынысына назар аударыңдар: дүниеге ұл келсе, өлтіріңдер, ал қыз туса, тірі қалдырыңдар! — деп бұйырды. 17Бірақ әйел босандырушылар Құдайды терең қастерлегендіктен Мысыр патшасының айтқанын орындамай, туған ер балаларды тірі қалдыра берді. 18Мысыр патшасы мұны білгенде екеуін шақырып алып:
— Сендер неге бұлай істеп жүрсіңдер? Неліктен ер балаларды өлтірмейсіңдер? — деп ұрысты. 19Олар:
— Исраилдік әйелдер мысырлықтарға ұқсамай, өте күшті болып жатыр: олар босандырушы келмей тұрып-ақ босанып қояды, — деген жауап қайтарды. 20-21Босандырушылар Құдайды терең қастерлеп, осылай істегендері үшін, Құдай оларға мейірімін төгіп, үйлерін жарылқап ұрпақ сыйлады. Исраил халқы да өсіп-өніп өте күшті болды. 22Сонда перғауын өзінің бүкіл халқына: «Исраилдіктердің дүниеге келген әрбір ер баласын Ніл өзеніне лақтырып, ал қыздарын тірі қалдырыңдар!» — деген жарлық шығарды.
Currently Selected:
Мысырдан шығу 1: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: