YouVersion Logo
Search Icon

Жаратылыстың баст. 16

16
Ыбырамның Ажардан туған улы Ысмағұл
1Ыбырамның әйелі Сарай бала көтермеген еді. Ал оның Ажар атты мысырлық күңі бар болатын. 2Сонда Сарай күйеуіне:
— Жаратқан Ие маған ана болуды сыйламаған екен. Ал енді бар, күңіммен жақындас. Мүмкін, соның арқасында балалы болармын, — деп ұсынды.
Ыбырам бұған көніп, 3Сарай оған мысырлық күңі Ажарды қосты. Бұл Ыбырамның Қанахан жерінде тұрғанына он жыл болған кезде еді.
4Ыбырам Ажармен жақындасып, оның бойына бала бітті. Мұнысын білген күң қожайыны Сарайға менсінбей қарай бастады. 5Сонда Сарай Ыбырамға:
— Менің жәбір көруіме сен кінәлісің. Күңімді саған өзім қосқан едім. Ал енді ол бала көтергенін білгеннен бері мені менсінбей жүр. Сен екеуіміздің арамыздағы дауды Жаратқан Иенің Өзі шешсін, — деді. 6Ыбырам:
— Күңің өз қолыңда, не істеуді дұрыс десең, соны істе, — деп жауап берді. Содан Сарай Ажарға қысымшылық көрсете бастады. Сол себептен Ажар оның қасынан қашып кетті.
7Жаратқан Иенің періштесі Ажарды иен даладағы бір су көзінің қасынан: Шурға#16:7 Шур: Мысырдың шекарасындағы аймақ (25:14). баратын жолдағы құдық басынан тауып алды. 8Періште оған тіл қатып:
— Сарайдың күңі Ажар, қайдан келе жатырсың, қайда бет алдың? — деп сұрады. Ол:
— Мен қожайыным Сарайдан қашып келе жатырмын, — деген жауап берді. 9Жаратқан Иенің періштесі оған:
— Сен қожайын әйеліңе қайтып бар, оның айтқанына көн! — деді. 10Періште Ажарға Жаратқан Иенің мына сөзін де жеткізді:
— Мен сенің үрім-бұтағыңды сансыз көбейтемін. — 11Жаратқан Иенің періштесі сөзін әрі қарай жалғастырып оған былай деді: — Сен жүктісің, ұл туасың, оның атын Ысмағұл#16:11 Осы есім Ысмайл, Исмаил не Измаил деп те дыбысталады. («Құдай құлақ асады») деп қоясың. Өйткені Жаратқан Ие сенің зарыңа құлақ асты. 12Ысмағұл асау құландай еркін кезіп жүретін адам болады. Ол бәріне қарсы, бәрі де оған қарсы күреседі. Осылай ол барлық ағайындарымен жауласып өмір сүретін болады.#16:12 (25:12-18) Немесе: барлық ағайындарына қарсы орналасатын болады.
13Ажар өзіне тіл қатқан Жаратқан Иені «Маған көз қырын салатын Құдайсың»#16:13 Немесе: Сен (мені) көріп тұрған Құдайсың. (Түпнұсқада «Ел рои».) деп атады. Себебі Ажар: «Мен өзіме көз қырын Салатынды#16:13 Яки: өзіме көз қырын Салатынның арқасын (Мыс 33:19-23). осында көрдім», — деді. 14Сондықтан бұл құдық «Қамқоршым — тірі Құдай»#16:14 Немесе: «маған көз қырын салатын тірі Құдай» құдығы (не бұлақ көзі). Яки: «Бегер-лахай-рои». деп аталады. Ол Қадеш пен Бередтің арасында орналасқан.
15Қайтып келгеннен кейін Ажар Ыбырамға ұл туып, Ыбырам оған Ысмағұл#16:15 16:11. деп ат қойды. 16Сол кезде Ыбырам сексен алтыда еді.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in

Videos for Жаратылыстың баст. 16