Жаратылыстың баст. 31
31
Жақыптың үй ішімен Лабаннан қашуы
1Сол шамада Лабанның ұлдарының: «Жақып әкеміздің бар жиған-тергенін иемденіп алды. Ол өз байлығын әкеміздің мал-мүлкі арқылы жасады», — деп наразыланып жүргені Жақыптың құлағына шалынды. 2Ол, сондай-ақ, Лабанның өзіне бұрынғыдай қарамайтынын да байқады.
3Осы кезде Жаратқан Ие Жақыпқа тіл қатып: «Ата-бабаңның еліне, өз жақындарыңа қайт! Мен саған жар боламын», — деп бұйырды.
4Жақып Рахила мен Лияны мал жайып жүрген далаға шақыртып алып, 5оларға былай деді:
— Мен әкелеріңнің маған бұрынғыдай қарамайтынын байқап жүрмін. Бірақ әкемнің сиынатын Құдайы маған жар болып келеді. 6Менің бар күшіммен әкелеріңе қызмет еткенімді жақсы білесіңдер. 7Бірақ сол кісіден көңілім қалды, ол алатын ақымды он рет өзгертті. Алайда Құдай оның маған зиян келтіруіне жол бермеді. 8Әкелерің: «Теңбіл мал сенікі болсын», — деп еді. Сол-ақ екен, отардағы бүкіл малдар теңбіл қозыларды туды. Ол: «Шұбар малдар сенікі болсын», — деп еді, отардағы бүкіл малдар шұбар қозыларды туды. 9Осылайша Құдай әкелеріңнің малын одан алып, маған берді.
10Малдардың шағылысар уақыты келгенде түс көрдім. Түсімде ешкілермен шағылысып жүрген текелер теңбіл, ала немесе шұбар екен. 11Құдайдың періштесі аян етіп: «Жақып!» — деді. Мен: «Тыңдап тұрмын», — деп жауап бердім. 12Ол маған Құдайдың хабарын жеткізіп: «Басыңды көтеріп, қара! Ешкілермен шағылысып жүрген текелердің барлығы шұбар, теңбіл, ала. Өйткені Лабанның саған не істегенінің бәрін көріп жүрмін. 13Мен саған Бетелде көрінген Құдаймын. Сол жерде сен үстіне май құйып Маған бағыштап ескерткіш тас тұрғызып, Өзіме мойынсұнуға уәде берген едің.#31:13 28:18-22. Енді тұрып, сапарға дайындал. Бұл жерді тастап, туған еліңе қайт!» — деді.
14Сонда Рахила мен Лия Жақыпқа:
— Әкеміздің үйінде біздің ешқандай үлесіміз қалған жоқ қой. 15Ол бізге бөтен адамдарға қарағандай қарайды емес пе? Бізді сатып жіберіп, сол ақшаны түгелдей өзіне жаратты. 16Шындығында әкеміздің Құдай алып қойған байлығы біздікі, балаларымыздың үлесі. Енді Құдай не айтса, соны істей көріңіз, — деп жауап берді.
17Содан Жақып жолға жиналып, балалары мен әйелдерін түйелерге отырғызды да, 18өзі солтүстік Месопотамияда тұрғанда тапқан барлық мал-мүлкін алып, әкесі Ысқақ тұрған Қанахан жеріне қарай жолға шықты. 19Ал Лабан қойларын қырқып жүрген кезде Рахила әкесінің үйіндегі мүсінделген шағын тәңір бейнелерін ұрлап алған еді. 20Мұның үстіне Жақып өзінің көшіп кететінін айтпай, қайын атасы арамалық Лабанды алдап кетті. 21Өзіне тиістінің бәрін ала сала қашқан ол Евфрат өзенінен өтіп, Ғилақад тауларына қарай бет алды.
Лабан мен Жақыптың келісім жасауы
22Үш күн өткен соң Лабан Жақыптың қашып кеткені туралы естіді. 23Ол туыстарын ертіп алып, жеті күн бойы суыт жүріп, Жақыпты Ғилақад тауларында қуып жетті. 24Бірақ түнде Құдай Лабанға түсінде аян беріп: «Сен Жақыпқа не жақсы, не жаман сөз айтудан сақ бол!» — деп бұйырған болатын.
25Лабан Жақыпты қуып жеткен кезде ол Ғилақад тауларында шатырларын тігіп қойған еді. Лабан да туыстарымен сол жерге шатырларын тікті. 26Лабан Жақыпқа былай деп тіл қатты:
— Бұл не қылғаның? Мені алдап, қыздарымды соғыста қолға түскен тұтқын сияқты алып кетіпсің! 27Неге мені алдап, түк айтпастан жасырын түрде қашып кеттің? Мен сені қуана-қуана ән-күймен думандатып#31:27 Яки: қуана-қуана әндетіп, даңғыра мен жетіген тартқызып (4:21; Мыс 15:20). шығарып салатын едім ғой. 28Бірақ сен маған өз немерелерім мен қыздарымның беттерінен сүйгізбей алып кетіп, нағыз ақымақтық жасадың! 29Енді менің сендерге жамандық істеуге де күшім жетуші еді. Бірақ соңғы түні әкеңнің Құдайы маған: «Сен Жақыпқа не жақсы, не жаман сөз айтудан сақ бол!» — деп аян берді. 30Жарайды, сен әкеңнің үйін сағынған соң кетіп бара жатырсың. Алайда неліктен менің тәңірлерімді ұрлап алып кеттің? — 31Жақып оған:
— Мен қыздарыңызды тартып әкетерсіз деп қорыққан едім. 32Ал тәңір мүсіндеріңізді кімнен тапсаңыз, сол адам тірі қалмасын. Туыстардың алдында тінту жүргізіңіз, бізден сізге тиесілі бір нәрсе тауып ала қояр ма екенсіз. Егер бір нәрсе тапсаңыз, алыңыз, — деді. Рахиланың мүсінделген тәңірлерді ұрлап алғанын Жақып білмейтін.
33Сонда Лабан Жақыптың, Лияның және екі күңнің шатырларына кіріп, түк таппай, соңында Рахиланың шатырына кірді. 34Рахила болса, сол шағын тәңір мүсіндерін алып, түйесінің қомының астына тығып, өзі қомның үстіне отырып алған еді. Сондықтан Лабан бүкіл шатырдың ішін ақтарса да, түк таппады. 35Рахила әкесіне сылтауратып: «Мырзам, ашулана көрмеңіз, мен алдыңызда тұра алмай отырмын. Қазір менің әйелдерге тән ауыратын кезеңім», — деді. Содан Лабан қанша іздегенімен, мүсіндерін таба алмады.
36Сонда Жақып ашуланып, Лабанмен айтысып былай деді:
— Осылай қуып келетіндей, мен не бүлдіріппін, қандай күнәм бар? 37Сіз менің бүкіл үй ішімді тінтіп шықтыңыз, сонда өзімдікі деген бір зат таптыңыз ба? Сондай зат тапсаңыз, оны өзіңіздің де, менің де туыстарымыздың алдында көрсетіңізші! Екеуімізге төрелігін солар айтсын. 38Мен қасыңызда жиырма жыл бойы болдым. Сіздің қой-ешкілеріңіз ешқашан іш тастаған емес. Мен ешқашан бір тоқтыңызды да сойып жеп көрген емеспін. 39Сізге ешқашан жыртқыш аңдар талап тастаған қойларды әкелген емеспін. Қайта, олардың орнын өзім толтыруға тиісті болдым. Малдар мейлі күндіз, мейлі түнде ұрлансын, сіз оларды маған төлеттірдіңіз. 40Күндіз ыстықта, түнде суықта жүріп, ұйқы көрмедім. 41Осылайша үйіңізде жиырма жыл жүрдім, он төрт жыл бойы қыздарыңыз үшін, алты жыл малдарыңыз үшін қызмет істедім. Ал өзіңіз менің жалақымды он рет өзгерттіңіз. 42Егер атамның Құдайы, яғни Ыбырайым сиынатын Құдай — «Ысқақтың үрейлі Қорғаушысы» маған жар болмағанда, сіз мені құр қол қоя берер едіңіз. Бірақ Құдай мүшкіл халіме, ауыр еңбегіме назар аударып, өткен түнде менің пайдама үкім кесті. — 43Ал Лабанның жауабы мынау болды:
— Әйелдер менің қыздарым, балалар да менікі, малдар да менің малым. Сен көріп тұрғанның бәрі менікі! Алайда мына қыздарым мен олардың туған балалары үшін енді не істей аламын? 44Кел, сен екеуіміз арамызда айғақ ретінде жүретін келісім жасайық.
45Сонда Жақып бір үлкен тасты алып, ескерткіш ретінде орнатып, 46туыстарына: «Біраз тас жинаңдар!» — деді. Олар тастарды жинап, төбе етіп үйіп, соның басында отырып, тамақ ішті. 47Лабан бұл төбені Егар-Сахадута деп атады, ал Жақып оған Ғилақад деген ат берді.#31:47 Егар-Сахадута көне арамейше, ал Ғилақад көне еврейше «Айғақ төбесі» дегенді білдіреді.
48Лабан: «Бұл тас төбе бүгін екеуіміздің арамыздағы айғақ», — деді. Сондықтан ол Ғилақад («Айғақ төбесі») деп аталды. 49Ол төбенің Миспа («Қарауыл мұнарасы») деген аты да бар. Өйткені Лабан: «Біз бір-бірімізден көз жазып қалғанымызда, Жаратқан Ие үстімізден қарауыл болып тұрсын. 50Егер сен қыздарыма нашар қарап, олардың үстінен тағы әйел алсаң, екеуіміздің арамызда ешқандай төреші тұрмаса да, айғақ ретінде Құдайдың тұратыны есіңде болсын, — деген еді. 51Лабан Жақыпқа тағы былай деді: — Міне, төбе, міне, екеуіміздің арамызда мен орнатқан тас ескерткіш. 52Арам оймен осы төбе мен ескерткіштен әрі өтіп не мен саған қарай бармаймын, не сен маған қарай келме! Соның куәсі ретінде мына тас төбе де, тас ескерткіш те тұратын болсын. 53Ыбырайым мен Нахор және олардың әкелері мойынсұнған Құдай екеуіміздің арамызда төрелік етсін».
Сонда Жақып әкесі Ысқақ «Үрейлі Қорғаушым» деп сиынған Құдайдың атымен ант берді. 54Содан кейін тау басында құрбандыққа қой сойып, туыстарын асқа шақырды. Олар тамақ ішіп, сол тауда түнеп шықты.
55Таңертең ерте Лабан орнынан тұрып, немерелері мен қыздарының беттерінен сүйіп, оларға батасын берді. Осылай ол өз мекеніне қайтып кетті.
Currently Selected:
Жаратылыстың баст. 31: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: