YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 16

16
1Сендерге осының бәрін Маған деген сенімдеріңнен таймауларың үшін айттым. 2Діндар яһудилер сендерді қауымдарынан шығарып жіберетін болады. Тіпті көздеріңді құртқан әркім Құдайға қызмет көрсетіп жатырмын#16:2 9:22; Иш 66:5; Елш 26:9-11; Аян 6:9. деп ойлайтын күн де туады. 3Олар мұны не Әкені, не Мені танымағандықтан істейді. 4Бұларды айтқандағы мақсатым — сендердің бастарыңа сондай күн туғанда Менің оны алдын ала айтып кеткенімді естеріңе алып, жігерленулерің.
Құдайдың Киелі Рухы — сенушілердің Қамқоршысы әрі Ұстазы
Мен сендерге қызметімнің басында бұларды айтқан жоқпын, себебі өздеріңмен бірге болдым ғой. 5Енді Мен Өзімді Жібергенге қайтып кетемін. Ал бірде-біреуің Менен: «Қайда барасыз?» — деп сұрамайсыңдар. 6Қайта, Менің айтқандарымнан көңілдерің жабырқап, мұңайып тұрсыңдар. 7Сендерге шындығын айтайын: Менің кететінім сендер үшін жақсы! Себебі Мен кетпесем, сендерге Қамқоршыларың (Құдай Рухы) келмейді; ал Мен барған соң, Оны сендерге жіберемін.
8Құдай Рухы келген соң, Ол осы дүниенің күнәсінің, Менің әділдігімнің және Құдайдың сотының қандай екендігіне адамдардың көздерін жеткізеді: 9олардың күнәсі — Маған сенбейтіндіктері;#16:9 15:22. 10әділдігімнің дәлелі — Менің Әкеге баратыным және сендердің бұдан былай Мені көрмейтіндіктерің;#16:10 7:33; 16:28; Елш 2:27,31-33,36. 11ал сот — осы күнәкар дүниенің әміршісінің (яғни әзәзіл шайтанның) сотталғандығы.#16:11 Иса айқышта құрбан болғанда шайтан да, Құдайға бағынбаған адамдардың бәрі де сотталды (3:18; 12:31; Қол 2:15).
12Сендерге айтарым әлі де көп, бірақ қазір оның бәрін тыңдауға төзімдерің жете қоймас. 13Алайда шындықты білдіретін Құдай Рухы келгеннен кейін сендерді бар шындыққа жеткізеді. Себебі Ол Өзінен шыққан сөзді емес, көктегі Әкемнен естігенін айтады және болашақта не болатынын сендерге хабарлайды. 14Құдай Рухы Менің ұлылығымды көрсетеді, себебі Ол Менен қабылдаған хабарларды#16:14 Немесе: Менікінен. Яки: Менен қабылдаған сөздерді. сендерге жеткізбек. 15Әкемдегінің бәрі Менікі де. Сондықтан да «Ол Менен қабылдаған хабарларды сендерге жеткізбек» дедім.
Уақытша қасірет және ұлы жеңіс
16— Біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, тағы біраздан кейін Мені қайта көресіңдер, — деді Иса. 17Сонда кейбір шәкірттері өзара сөйлесіп:
— Ол бізге «Біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, тағы біраздан кейін Мені қайта көресіңдер» дегенде не айтқысы келеді? Әрі «Мен Әкеме барамын» дегені нені білдіреді?#16:17 16:16,5,10. 18Және «біраз уақыт» деп нені меңзейді? Біз Оның не туралы айтып тұрғанын түсінбейміз, — десті.
19Иса олардың осы туралы Өзінен сұрағылары келгенін біліп, былай деді:
— «Біраз уақыттан кейін Мені көрмейсіңдер, тағы біраздан кейін Мені қайта көресіңдер» деп айтқаным туралы бір-біріңнен сұрасып жатырсыңдар ма? 20Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: сендер жылап, жоқтау айтатын боласыңдар, ал күнәкар дүние қуанатын болады. Сендер қайғырасыңдар, бірақ қайғыларың қуанышқа айналатын болады. 21Әйел босанатын кезде қайғырады, себебі оның қиналатын уақыты жетті. Ал баласын туған соң, дүниеге адам келді деп қуанғанынан қиналғанын ұмытып кетеді.
22Сендер де қазір солай қайғылысыңдар. Бірақ Мен сендерді қайта көремін, сонда қатты қуанасыңдар, қуаныштарыңды ешкім тартып ала алмайды. 23Сол кезде Менен бір нәрсе сұрауларыңның қажеті болмайды. Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкеден Менің атымнан#16:23 Яки: Менің еркіме бағынып. не сұрасаңдар, Ол соны береді. 24Бұған дейін Менің атымнан еш нәрсе де сұраған жоқсыңдар. Енді сұраңдар да алыңдар! Сонда шексіз қуанышқа кенелесіңдер.
25Осыларды Мен сендерге астарлап айттым. Бұдан былай астарлап емес, Әкем туралы ашық айтатын кезім де келеді. 26Сол уақытта Менің атымнан сұрайсыңдар; Менің сендер үшін Әкеден өтінуімнің қажеті болмайды, 27өйткені Әкенің Өзі сендерді сүйеді. Себебі сендер Мені сүйіп, Құдайдан келгеніме сенесіңдер. 28Мен Әкеден жерге келдім; кейін жерді тастап, Әкеге қайта ораламын. — 29Сонда шәкірттері:
— Қазір астарлап емес, ашық сөйлеп тұрсыз. 30Енді бәрін білетініңізге көзіміз жетті, өйткені Сізге адамдардың ойларында қандай сұрағы бар екенін сұраудың керегі жоқ. Сондықтан Құдайдан келгеніңізге сенеміз, — деді. 31Иса оларға былай деп жауап берді:
— Енді сенесіңдер ме? 32Сендердің жан-жаққа бытырап, әрқайсыңның өз үйлеріңе кететін уақыттарың келеді, ол тіпті жетіп те қалды. Сонда Мені жалғыз қалдырасыңдар.#16:32 Мат 26:31,56. Бірақ Мен жалғыз емеспін, себебі көктегі Әкем Өзіммен бірге. 33Мен бұларды сендер Менімен тығыз байланыста тұрып, тыныштыққа кенелсін деп айттым. Күнәкар дүниеде қысымшылық көресіңдер; алайда батыл болыңдар: Мен осы дүниені жеңіп шықтым!#16:33 Сондықтан сенушілер де жеңімпаз бола алады (Жох1 4:4; 5:4-5; Рим 8:37).

Currently Selected:

Жохан 16: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in