Жохан 17
17
Иеміздің Әкесіне есеп беріп, Өзі үшін мінажат етуі
1Иса осыны айтқаннан кейін, аспанға қарап былай деді:
— Әке, уақыт жетті. Рухани Ұлыңды#17:1 Яки: Мәңгілік Ұлыңды. (Бұл атақ Құдай мен Мәсіх арасындағы ерекше рухани байланысты бейнелейді: 1:14.) ұлылыққа бөлей гөр, сонда Мен Сенің ұлылығыңды көрсете аламын.#17:1 1:14; 7:39; 13:31-32. 2Себебі Сен Маған берген адамдарыңның бәріне мәңгілік өмір сыйлауым үшін күллі адамзаттың билігін Менің қолыма тапсырдың.#17:2 3:16; 5:26-29; 10:28-29; Мат 25:34,46; 28:18-20. 3Мәңгілік өмір — Сені, жалғыз шынайы Құдайды, әрі Өзің жерге жіберген Мені, Иса Мәсіхті, жақыннан тану.#17:3 14:6-10; Флп 3:8-10.
4Маған тапсырған ісіңді аяқтап, жерде Сенің ұлылығыңды көрсеттім. 5Әке, әлем жаратылмай тұрып Өзіңмен бірге болғанымда ұлылыққа кенелген едім. Енді Мені өз қасыңда сол ұлылыққа қайтадан кенелте гөр.#17:5 1:1-2; 8:58; 17:1; Флп 2:6.
Иеміздің шәкірттері үшін мінажат етуі
6Сені Маған күнәкар дүниенің ішінен айырып берген адамдарға Өзіңді таныттым. Олар Сенікі еді, Сен Маған оларды бердің. Олар Сенің сөзіңді берік ұстанып келеді.#17:6 Яки: Сенің Ізгі хабарыңды (тәліміңді) сақтап келеді (14:23-24; 17:14; Жыр 118:57; Нқл 4:4; 7:1-2). 7Сенің Маған тапсырғандарыңның бәрінің де Өзіңнен шыққанына енді олардың көздері жетті. 8Себебі Мен Өзің тапсырған хабарды оларға жеткіздім, олар оны қабыл алды. Сенен келгенімді шәкірттерім шынымен түсініп, Мені Өзіңнің жібергендігіңе сенді.
9Олар үшін өтініп жатырмын. Саған бағынбайтын дүние үшін емес, Өзің Маған берген шәкірттерім#17:9 Немесе: Өзің Маған берген адамдарым (10:29; 17:6). үшін өтініп жатырмын, себебі олар Сенікі. 10Менікінің бәрі Сенікі, Сенікінің бәрі де Менікі. Бұл адамдар арқылы Менің ұлылығым көрініп тұр. 11Бұдан былай Мен осы дүниеде қалмай, Саған бара жатырмын. Бірақ олар осы дүниеде қалады.
Киелі Әке, Маған берген есіміңнің құдіретімен шәкірттерімді қорғай гөр.#17:11 Немесе: Маған бергендерді өз есіміңнің құдіретімен қорғай гөр (20:31; Ерм 10:6; Елш 4:30). Екеуіміздің біртұтас екендігіміздей, олар да біртұтас болсын.#17:11 10:30,14-16; 17:21-23; Ғал 3:28. 12Мен қастарында болған кезімде оларды Сенің Маған берген есіміңнің құдіретімен қорғап, аман сақтап жүрдім. Құрып кетуге тиісті адамнан басқа бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын.#17:12 Яки: Тозаққа бара жатқан (сатқын) Яһудадан басқа барлық шәкірттерімді аман сақтадым (6:70-71; 13:18; Жыр 40:10). Киелі жазбада сол адамның істейтіні туралы айтылғандар орындалу үшін осылай болды.
13Ал енді Саған бара жатырмын. Бірақ Менің қуанышым толығымен шәкірттерімнің де қуанышы болсын деп осы сөздерді әлі де жерде жүрген кезімде айтып тұрмын. 14Бұларға Сенің хабарыңды білдірдім.#17:14 Яки: Сенің сөздеріңді жеткіздім (17:6,8). Күнәкар дүние оларды жек көріп келеді, себебі Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да сондай емес.#17:14 17:16; 15:19. 15Сенен оларды осы дүниеден әкете гөр деп емес, әзәзіл шайтаннан#17:15 Немесе: жамандықтан (8:44; Мат 6:13). қорғай гөр деп сұрап тұрмын. 16Менің осы дүниелік еместігім сияқты, бұлар да осы күнәкар дүниенің адамдары емес. 17Оларды шындығың арқылы Өзіңе бағыштап, таза жүргізе гөр.#17:17 Яки: шындығың арқылы қасиетті (киелі) қыла гөр (17:19; Мыс 13:2; 28:41; Еф 5:26; Сал1 5:23). Сенің сөзің — шындық. 18Мені осы күнәкар дүниеге жібергеніңдей, Мен де бұларды осы дүниеге жіберемін.#17:18 20:21; 15:16. 19Сенің шындығың арқылы олардың да Өзіңе бағышталулары үшін Мен Өзімді оларға бола Саған бағыштаймын.#17:19 Немесе: Олар Сенің шындығың арқылы Саған бағышталып, қасиетті болсын деп Мен де Өзімді оларға бола қасиетті (киелі) құрбандық ретінде Саған бағыштаймын (17:17; Пет1 1:14-16,18-19; Евр 13:12).
Иеміздің болашақ сенушілер үшін мінажат етуі
20Мен бұлар үшін ғана емес, олардың айтқандары арқылы Маған сенетін барлық адамдар үшін де өтініп тұрмын. 21Әке, Мені Өзіңнің жібергендігіңе адамзаттың сенуі үшін,#17:21 Яки: дүниедегі адамдардың сенім артуы үшін (17:23; Елш 2:46-47; 4:32-33; 6:1,5-7). Сенің Менімен, Менің де Сенімен тығыз байланыста тұрғанымыздай, сенушілер де Екеуімізбен тығыз байланыста тұрып, бәрі біртұтас болсын деп өтінемін.#17:21 14:10-11,20. 22Солар да Біз сияқты біртұтас болсын деп, Өзің Маған сыйлаған ұлылықты Мен оларға да бердім. 23Мен бұлармен тығыз байланыстамын, Сен де Менімен солайсың. Маған сенетіндер толық бірлікке жетсін! Осылайша Өзіңнің Мені жібергеніңе әрі Мені қалай сүйсең, оларды да солай сүйетініңе#17:23 16:27; 14:21,23. адамзаттың көзі жетсін.
24Әке, Маған тапсырған адамдарыңның Өзім болатын жерде болуларын және Өзің Маған сыйлаған салтанатты ұлылығымды көрулерін қалаймын. Бұл ұлылығымды Сен Маған Мені сүйгендіктен әлем жаратылмастан бұрын-ақ сыйлаған едің.#17:24 1:1-3,14; 17:5.
25Әділетті Әке, осы дүние Сені түсінген жоқ, ал Мен Сені түсінемін.#17:25 Яки: осы күнәкар дүние Сені танып мойынсұнған жоқ. Ал Мен Сені жақыннан танимын (1:1-3,14; 15:21). Мені Өзіңнің жібергеніңе шәкірттерімнің көздері жетті. 26Маған деген сүйіспеншілігің солардың ішінде де болсын және Өзім де олардың өмірлерінен орын алайын деп оларға Сенің қасиеттеріңді#17:26 Яки: Сенің есіміңді (Сенің қандай екеніңді) (17:6; 14:8-10). білдірдім және білдіре беремін де.
Currently Selected:
Жохан 17: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.