Жохан 19
19
Мәсіхтің әділетсіз азапталып, өлімге кесілуі
1Осыдан кейін Пилат Исаны қамшымен соқтырды. 2Бір топ жасақшы#19:2 Мар 15:16. тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, оны Исаның басына кигізді. Оның үстіне бір қызыл шапанды#19:2 Жасақшылар киетін қан қызыл шапан патшалық жамылғыға біраз ұқсайтын (19:3; Лұқ 23:11). жапты. 3Олар Исаның қарсы алдына тұра қалып: «Яһудилердің Патшасы жасасын!»#19:3 Яки: «Сәлем Саған, Яһудилердің Патшасы!» — деп, шапалақпен бетінен ұра берді.
4Пилат қайтадан сыртқа шығып, яһуди басшыларына:
— Қараңдар, мен Оны сендерге әкеле жатырмын: Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, соны біліңдер! — деді.
5Иса басындағы тікен тәжімен, үстіндегі қызыл шапанымен сыртқа шықты. Пилат яһудилерге:
— Қараңдар, сол Адам — Мынау! — деді.
6Басты діни қызметкерлер мен олардың сақшылары Исаны көргенде:
— Айқышқа шегеленсін! Айқышқа! — деп айқай салды. Пилат оларға:
— Оны өздерің алып, айқышқа шегелеңдер! Себебі мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын, — деді. 7Яһуди басшылары оған:
— Біздің Таурат заңымыз бар,#19:7 1:17; 7:19,49. сол бойынша Ол өлуге тиіс, себебі Ол Өзін «Құдайдың (рухани) Ұлымын» деп жүр,#19:7 Немесе: Өзін «Құдайдың Ұлымын» деп жүр (1:14). — деді.
8Пилат осыны естігенде бұрынғыдан бетер қорқып кетті.#19:8 18:38. 9Сарайға қайта кіріп, Исадан:
— Сен қайдан шыққансың? — деп сұрады. Бірақ Иса оған жауап берген жоқ. 10Сонда Пилат:
— Менімен сөйлескің келмей ме? Сені босатып жіберу де, айқышқа шегелетіп өлтіру де менің билігімде екенін білмейсің бе? — деді. 11Иса оған:
— Көктен берілмесе,#19:11 Яки: Көктегі Әкем жол бермесе (3:27; 7:30; Елш 2:23; 4:28; Рим 13:1). Маған билігіңіз жүрмес еді. Сондықтан Мені ұстап бергеннің күнәсі#19:11 18:3,24,28-30. сіздікінен де үлкен, — деп жауап қайтарды.
12Содан Пилат Исаны босатып жіберуге тырысты.#19:12 18:38; 19:8,11. Бірақ яһуди басшылары:
— Егер Оны босатып жіберсеңіз, Рим патшасының досы емессіз! Өзін-өзі патшамын деген әркім Рим патшасына қарсы! — деп айқай салды.
13Осы сөздерді естіген соң Пилат Исаны сыртқа шығартып, өзі Тастөселген деп аталатын алаңдағы төрелік тағына отырды. Сол алаңның жергілікті аты — Ғаббата. 14Бұл Құтқарылу мейрамынан бір күн бұрын түскі сағат он екілерде болған еді. Пилат яһудилерге:
— Міне, Патшаларың! — деді. 15Бірақ олар:
— Алып кетіңіз Оны, айқышқа шегеленсін! — деп айқай салды. Пилат оларға:
— Мен айқышқа сендердің Патшаларыңды шегелетейін бе?! — деген сұрақ қойды. Басты діни қызметкерлер:
— Рим патшасынан басқа ешқандай патшамыз жоқ! — деп жауап берді.
16Сонда Пилат олардың дегеніне көніп, Исаны айқышқа шегелеп өлтіруге бұйырды.
Мәсіхтің айқышқа шегеленіп, жанын құрбан етуі
Сонымен жасақшылар Исаны ұстап алып кетті. 17Иса айқыш ағашын Өзі арқалап, қаладан шықты да, Маңдайтөбе#19:17 Яки: Бассүйек. деп аталатын жерге қарай бет алды. Мұның жергілікті аты — Ғолғота. 18Жасақшылар Исаны басқа екі адаммен бірге, біреуін оң, екіншісін сол жағына, ал орталарына Исаны қойып, үш айқыш ағашқа керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды.#19:18 3:14-16; 12:32-33; Иш 53:12.
19Пилат тақтайша жасатып, айқыштың жоғарғы жағына бекіттірді. Оның бетінде «Назареттік Иса — Яһудилердің Патшасы» деп жазылған еді. 20Мұны көптеген яһудилер оқыды, себебі Иса айқышқа шегеленген жер қалаға жақын еді, әрі жазу еврейше, латынша және грекше жазылған болатын. 21Ал яһудилердің басты діни қызметкерлері Пилатқа былай деді:
— «Яһудилердің Патшасы» емес, «Мынау Яһудилердің Патшасымын деді» деп жазыңыз!
22Пилат оларға:
— Мен жазарымды жазып қойдым, — деп жауап қатты.
23Жасақшылар Исаны айқышқа шегелеп, көтергеннен кейін Оның сырт киімдерін төртеуі тең бөлісіп, көйлегін де алды. Көйлегі басынан аяғына дейін тігіссіз тұтас тоқылған еді. 24Сол себепті олар бір-біріне: «Бұны жыртпайық, жеребе салып, кімге түсетінін шешейік», — деді. «Жау жамылғымды бөлісіп алады, киімім үшін жеребе салады» деп Забурда жазылған сөздер#19:24 Жыр 21:19. осылай орындалды. Мұны жасақшылар жүзеге асырды.
25Иса шегеленген айқыштың қасында Оның шешесі, нағашы әпкесі, Клеопаның әйелі#19:25 Лұқ 24:18. Мәриям және мағдалалық Мәриям тұр еді. 26Иса шешесін және оның қасында тұрған, Өзі жақсы көретін шәкіртін#19:26 Жохан елшіні (13:23; 18:15; 20:5). көргенде, шешесіне: «Апа, енді мынау — сіздің ұлыңыз!» — деді. 27Содан кейін шәкіртіне: «Енді осы кісі — сенің анаң!» — деді. Сол сәттен бастап шәкірті Исаның шешесін қамқорлығына алды.
28Тиісті нәрселердің бәрінің түгел орындалғанын білген Иса бұдан кейін: «Мен шөлдеп тұрмын», — деді. Забурда алдын ала жазып қалдырылған бұл тәрізді сөз#19:28 Жыр 68:22. де осылай іске асты. 29Сол жерде сірке суына толы құмыра тұрған еді. Жасақшылар бір сорғышты сірке суына батырып алып, сайсағыз#19:29 Яки: үсоп не иссоп (Мыс 12:22). бұтасының сабағына бекітіп, Исаның аузына тосты. 30Иса сірке суын сорғаннан кейін: «Енді түгел орындалды!» — деді де, басын иіп, жан тапсырды.
31Бұл жұма күні, ал ертеңіндегі сенбі үлкен мейрам#19:31 Яғни Құтқарылу мейрамы (13:1; 18:28,39; 19:14; Түсіндірмені де қараңыз). болатын. Шегеленгендердің денелерін мейрам күні айқыш ағашта қалдыру яһудилердің діни ережелерін бұзу болып табылар еді. Сондықтан яһуди басшылары Пилатқа барып, шегеленгендерді аяқтарын сындырып өлтіріп, сүйектерін айқыштан алып тастауын өтінді. 32Сонымен жасақшылар келіп, Исамен бірге шегеленген екі кісінің аяқтарын сындырды. 33Алайда Исаның қасына келіп, Оның өліп қалғанын көрген соң, олар Оның аяқтарын сындырған жоқ. 34Бірақ жасақшылардың біреуі Исаның бүйіріне найзасын сұғып алды. Сол заматта қан мен су шыға келді.#19:34 Осымен Исаның өлгендігі күмәнсіз дәлелденді (Евр 9:22; 10:19-20; Жох1 1:7; 5:6,8; Аян 1:5; 7:14).
35Мұны көрген кісі#19:35 Жоханның өзі. сендер де сенсін деп бұған куәлік береді. Оның куәлігіне сенуге болады, ол шындықты айтып тұрғанын біледі. 36Киелі жазбалардағы мына тәрізді сөздердің осылай орындалуы тиіс еді: Оның ешбір сүйегі де сындырылмасын!#19:36 Мыс 12:46; Жыр 33:21. Бұл солай болды да. 37Пайғамбарлар жазбаларының тағы бір жерінде: «Олар өздері түйреген Кісіге қарайтын болады» делінген.#19:37 Зәк 12:10; Аян 1:7.
Сүйектің қабірге қойылуы
38Бұдан кейін ариматеялық Жүсіп деген кісі Пилатқа барды. Жүсіп Исадан тәлім алған шәкірті болғанмен, мұнысын яһуди басшыларынан қорыққанынан#19:38 7:13; 9:22; 12:42; 16:2; 20:19. жасырып келген еді. Осы кісі Пилаттан Исаның мәйітін#19:38 Яғни өлі денесін, сүйегін. айқыш ағаштан түсіріп алуға рұқсат сұрады. Пилат бұған келісті. Жүсіп барып, сүйекті айқыштан түсіріп алды.
39Нікөдем де сол жерге келді. Ол мәйітке жағатын мүр мен алоэ шайырының жүз қадақтай#19:39 Яғни отыз төрт килограмдай. қоспасын әкелді. Нікөдем бұрын бір кезде түн ішінде Исаға келіп кеткен болатын.#19:39 3:1-2. 40Екеуі яһуди халқының дәстүрлі салты бойынша мәйітке осы хош иісті қоспадан сала отырып, оны бәтес орауышқа#19:40 Яки: асыл кенеп кебінге (Мат 27:59). орады.
41Исаны айқышқа шегелеп өлтірген жердің маңында бір бақ болатын. Бақтың ішінде әлі ешкім қойылмаған бос қабір#19:41 Жүсіптің әк жартастан үңгіп жасатқан қабірі (11:38; 20:1; Мат 27:60). бар еді. 42Яһуди мейрамының қарсаңы#19:42 Яки: Діни демалыс күнінің әрі Құтқарылу мейрамының алдындағы әзірлік күні, жұма (19:31). болғандықтан және қабір жақын тұрған соң, олар Исаның сүйегін соның ішіне апарып қойды.
Currently Selected:
Жохан 19: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: