YouVersion Logo
Search Icon

Жохан 4

4
Құдайға сиыну туралы самариялық әйелмен әңгіме
1Иса Жақиядан гөрі көбірек шәкірттер тауып, шомылдыру рәсімінен өткізіп жатыр деген хабар парызшылдарға жетті.#4:1 (3:26) Парызшылдар: 1:24; 3:1; 7:32,45-52. 2Шынында оны істеп жүрген Исаның Өзі емес, шәкірттері еді. 3Сондай хабардың парызшылдарға жеткенін білген Иеміз Иса Яһудея аймағынан Ғалилеяға қайта оралды.
4Құдайдың еркімен Иса Самария аймағы арқылы жол жүруге тиісті болды. 5Осылай Ол Самариядағы Сихар қаласына#4:5 Немесе: Самарияның қаласына. Сихар: ежелгі Сихем, бүгінгі Асхар (Жар 33:18-19). келді. Бұл қала (ежелде Исраил халқының түп атасы) Жақыптың өз ұлы Жүсіпке мұра етіп қалдырған жеріне жақын орналасқан.#4:5 Жар 48:22; Еш 24:32. 6Сол жерде «Жақыптың құдығы» бар еді. Жол жүріп шаршаған Иса құдықтың қасына отыра кетті. Түс мезгілі болатын, 7-8ал шәкірттері қалаға тамақ алуға кеткен еді. Сол кезде құдықтан су алу үшін самариялық бір әйел келді. Иса одан:
— Маған ішетін су берші, — деп сұрады. 9Самариялық әйел таңғалды. Себебі яһудилер (діни сенім бойынша арамданбау үшін) самариялықтармен араласпайды.#4:9 Немесе: самариялықтардың ыдыстарынан ішпейді. (Түсіндірмедегі «Самариялықты» қараңыз.) Сондықтан әйел:
— Өзің яһуди бола тұра, қалайша менен, самариялық әйелден, су сұрайсың? — деген сауал қойды. 10Иса:
— Егер Құдайдың өзіңе не сыйлағысы келгенін және су сұраған Адамның кім екенін білсең, сен Оның Өзінен су сұрар едің. Сонда Ол саған «өмір суын»#4:10 Өмір суы: яки «тірі су» (адамдарға мәңгілік өмірді ұсынатын Құдайдың Ізгі хабары: 3:16; 4:14; 7:37-38; 10:10; Иш 44:3; 55:1; Аян 7:17; 21:6; 22:1,17). берер еді, — деп жауап қатты.
11— Мырза, құдықтан су алатын Сіздің ыдысыңыз жоқ, ал құдық терең ғой. Онда сол өмір суын қайдан аласыз? 12Мына құдықты қалдырған арғы атамыз Жақыптан да ұлысыз ба? Өзі де, балалары да, малы да одан су ішкен,#4:12 4:5-6; Жар 33:18-19. — деді әйел. 13Иса оған былай деді:
— Мына судан ішкен адам тағы шөлдейді. 14Ал кімде-кім Мен беретін «судан» ішсе, ол мәңгі бақи шөлдемейтін болады. Мен беретін «су» оның ішінде мәңгілік өмір сыйлайтын, бұрқылдап жатқан «қайнарға» айналады.#4:14 4:10; 6:34-35; 7:38; 10:10; 17:2-3; Иш 12:3; 58:11.15Сонда әйел:
— Мырза, бұдан былай шөлдеп, су алуға мұнда келе бермеуім үшін маған осы судан беріңізші! — деп өтінді. 16Иса оған:
— Барып, күйеуіңді шақыр, өзің де кел! — деді.
17— Менің күйеуім жоқ, — деді әйел. Ал Иса оған:
— Күйеуім жоқ деп шыныңды айттың. 18Бес рет күйеуге шыққансың, ал қазіргің күйеуің емес. Мұны дұрыс айттың, — деп жауап берді. 19Сонда әйел:
— Мырза, Сіздің пайғамбар екеніңізге көзім жетіп тұр! 20Ал енді, біздің ата-бабаларымыз Тәңір Иеге мына таудың басында#4:20 Ежелде жарылқаулар жарияланған сол Гәризим тауында (Заң 11:29; 27:12; Еш 8:33) самариялық халық Тәңірге сиынатын ғибадатхана салған еді. сиынып мінажат еткен, ал сіздер сиынатын орын Иерусалимде болуға тиіс дейсіздер,#4:20 Мыс 20:24; Заң 12:4-7; Шеж2 6:6,10-11. қайсысы дұрыс? — деп сұрады. 21Иса оған былай деді:
— Айтқаныма илан: көктегі Әкеге не осы таудың басында, не Иерусалимде сиынбайтын замандарың#4:21 Лұқ 19:41-44; 21:20-21,24; Мал 1:11; Тім1 2:8. келе жатыр. 22Сендер өздерің білмейтін Біреуге табынып келесіңдер, ал біз Кімге ғибадат етіп жүргенімізді білеміз, өйткені Құдай яһудилер арқылы адамзатты құтқармақ.#4:22 Құдай алдымен яһудилерге тапсырған Киелі жазбалар арқылы Өзін адамзатқа таныстырып, бәрін де сол халықтан шыққан Мәсіх арқылы құтқармақ (Рим 1:16; 3:1-2; 9:4-5). 23Нағыз сиынушылардың Құдайдың Рухына кенеліп, Әкеге шындап мойынсұнып сиынатын уақыты#4:23 (4:24; 14:6,16-17,26; 16:27; Еф 5:18) Немесе: сиынушылардың рухында және шындықпен Әкеге мойынсұнып сиынатын уақыты. болады, ол тіпті жетіп те қалды: Әке Өзіне осылай мойынсұнып сиынушыларды қалайды. 24Құдайдың Өзі — Рух. Сондықтан Оған сиынатындар Оның Рухына кенеліп, шындықпен сиынуға тиіс. — 25Сонда әйел:
— Мәсіх деген Құтқарушы Патшамыздың#4:25 1:41. келетінін білемін. Ол келгенде бізге бәрін ашық айтып береді, — деді. 26Иса:
— Сенімен сөйлесіп тұрған Мен Соның Өзімін, — деп әйелге жауап берді.
Пісіп тұрған егін туралы астарлы сөз
27Сол арада шәкірттері қайтып келіп, Исаның бір әйелмен сөйлесіп отырғанына таңғалды.#4:27 Дін мұғалімдері әдетте бөтен әйелдермен сөйлеспейтін. Бірақ ешқайсысы «Одан нені сұрайсыз?» немесе «Онымен неге сөйлесесіз?» деп сұраған жоқ.
28Әйел су алатын ыдысын қоя салып, қалаға қайта оралды да, жұртқа: 29«Жүріңдер, менің құпия іс-әрекеттерімнің бәрін дәл айтып берген Кісіні көріңдер! Ол Құдай жіберген Мәсіх емес пе екен?» — деді. 30Сонда жұрт қаладан шығып, Исаға қарай бет алды.
31Осы екі арада шәкірттері:
— Ұстаз, тамақ ішіп алыңыз, — деп өтінді. 32Ал Иса:
— Менің сендер білмейтін «тамағым» бар, — деді. 33Шәкірттері:
— Оған біреу тамақ әкеп берген бе? — десті. 34Иса оларға астарлап былай деді:
— Өзімді Жібергеннің еркін іске асырып, Оның тапсырғанын толық орындау Маған «нәр» болады. 35Сендер «төрт айдан кейін егін орамыз» дейсіңдер. Ал Мен сендерге былай деймін: көздеріңді ашып, егіндіктерге қараңдар, олар жинауға дайын пісіп тұр. 36Қазір-ақ орушылар жалақыларын алып, мәңгілік өмірге арналған өнімді жинап жатыр. Осылай егінді еккен де, жинаған да бірге қуанады.#4:36 Демек, көп кісілер Ізгі хабарды қабылдауға даяр. Мәңгілік өмірге ие болсын деп, оларды Маған әкелетін сендер егін жинаушы іспеттісіңдер. Бұрын Ізгі хабарды таратқандар да, енді адамдарды әкелген сендер де бірге қуанып, көктегі мәңгі сыйларыңды алатын боласыңдар (Лұқ 10:2; Қор1 3:6,8-9). 37«Біреу еккенді біреу орады» деген мақал осы жағдайда рас болып тұр. 38Мен сендерді Маған адам әкелу үшін өздерің еңбек етпеген жерге жұмсадым. Басқалар жұмыс істеді, ал олардың еңбегінің жемісін сендер көріп жатырсыңдар.
39Сол қаладағы самариялықтардың көпшілігі әлгі әйелдің «Ол менің құпия іс-әрекеттерімнің бәрін дәл айтып берді» деп куәлік еткен сөзі арқылы Исаға сене бастаған еді. 40Сондықтан олар Исаның қасына келгенде, Оның өздерімен бірге қалуын өтінді. Содан Иса екі күн осы жерде болды. 41Оның сөзін естігенде, тағы көбірек кісілер Исаға сенді. Олар әйелге:
42— Біз енді тек сенің айтқаның бойынша сеніп қоймай, Оның сөзін өзіміз естіп, шынында дүниені Құтқарушы Осы екеніне көз жеткіздік, — деді.
Патша қызметкерінің баласының кереметпен сауықтырылуы
43Екі күннен кейін Иса сол жерден әрі қарай Ғалилеяға кетті. 44Ал Оның Өзі: «Өз елінде пайғамбардың қадірі болмас», — деп ашық айтқан еді.#4:44 Мат 13:57; Мар 6:4; Лұқ 4:24. 45Бірақ Иса Ғалилеяға келгенде, ғалилеялықтар Оны жылы қабылдады. Өйткені олар да Иерусалимдегі Құтқарылу мейрамына барып, Исаның істеген барлық кереметтерін көрген еді.#4:45 2:23.
46Осылай Иса үйлену тойында суды шарапқа айналдырған Ғалилеядағы Қана қаласына#4:46 2:1-11. тағы да келді. Сол кезде Қапарнаумда патшаның бір қызметкері болды, оның ұлы ауырып жатты. 47Қызметкер Исаның Яһудея аймағынан Ғалилеяға келгенін естіп, Оған барды да:
— Келіп, баламды сауықтырып берсеңіз екен! Ол өлім аузында жатыр, — деп өтінді. 48Иса:
— Құдіретімді дәлелдейтін кереметтерімді көрмесеңдер, сендер еш сенбейсіңдер,#4:48 2:11; 4:45; Мат 16:1-4; Мар 8:11-12. — деді. 49Ал баланың әкесі Оған:
— Мырза, ұлым өлмей тұрғанда келіңізші! — деп жалбарынды. 50Сонда Иса:
— Үйіңе бара бер, балаң аман-сау! — деді. Қызметкер Исаның айтқан сөзіне сеніп, кетіп қалды. 51Келесі күні жолшыбай оның қызметшілері кездесіп:
— Балаңыз аман-сау, — деді. 52Сонда ол қызметшілерінен баласының жағдайы қай сәтте жақсарғанын сұрады. Олар:
— Кеше түс кезінде сағат бірде#4:52 Немесе: Кеше жетінші сағатта (Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз). ыстығы қайтты,#4:52 Яки: қызуы басылды (Лұқ 4:38-39). — деді. 53Сонда әкесі Исаның өзіне «балаң аман-сау» деген кезі дәл сол сәтте болғанын біліп, үй ішімен Исаға сенді. 54Осылай Иса Яһудея аймағынан Ғалилеяға келгеннен кейін екінші рет керемет іс жасап, Өзінің құдіретін танытты.

Currently Selected:

Жохан 4: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in