Лұқа 17
17
Құдайға берік сеніп, бауырластарын шексіз кешіру міндеті
1Иса шәкірттеріне тағы былай деді:
— Адамдарды теріс жолға азғыратын жағдайлардың болатыны сөзсіз. Алайда олар кімнің кесірінен пайда болса, сол қасіретке қалады! 2Оның мына жай кісілердің#17:2 Яки: кішкенелердің (не балалардың, не атақсыз қарапайым кісілердің) (Мат 18:5-6,14). біреуін азғырып, теріс жолға түсіргенінше, мойнына дәу диірменнің тасы байланып, теңізге лақтырылғаны оған жақсырақ болар еді-ау! 3Сондықтан сақтаныңдар!
Егер бауырласың күнә жасаса, оған ескерт. Егер де өкініп, теріс жолдан қайтса, кешірім ет! 4Ол тіпті күніне жеті рет#17:4 Яки: сансыз рет (Мат 18:22). саған қарсы күнә жасап, жеті рет келіп, «өкініп, теріс жолдан қайттым» десе, кешірім ет!
5Сонда елшілері Иеміз Исадан:
— Сенімімізді арттыра көріңіз, — деп өтінді. 6Иеміздің жауабы мынау болды:
— Сендердің тарының түйіріндей#17:6 Яки: қыша дәніндей кішкене (Мат 17:20). ғана сенімдерің болса, мына тұт ағашына: «Жерден тамырыңмен қопарылып, теңізге отырғызыл!» десеңдер, ол айтқандарыңды орындар еді.#17:6 Демек, егер Құдайға шынымен мойынсұнып, сенім артсаңдар, Оның еркін түгел орындай алар едіңдер (Мар 9:23).
7Араларыңдағы біреудің жер жыртып не мал бағып жүрген малайы бар дейік. Малай даладан қайтып келгенде, қожайыны оған: «Тез келіп, дастарқанға отыра ғой!» дей ме? 8Керісінше: «Кешкі тамағымды дайында! Мен ішіп-жеп болғанша, алжапқышыңды байлап алып, маған қызмет ет, содан кейін өзің ішіп-жерсің!» деп бұйырмай ма? 9Ал бұйрықтарын орындағаны үшін қожайын малайына алғыс айта ма?
10Сендер де солай, Құдайдың өздеріңе бұйырғандарының бәрін орындағаннан кейін: «Біз небәрі түкке тұрғысыз малаймыз,#17:10 Яки: түкке тұрғысыз, (Құдайға) бағынышты қызметшіміз (Жақ 1:1; Пет2 1:1; Рим 1:1). жай міндетімізді ғана атқардық» деңдер!
Онның біреуі ғана алғыс айтты
11Иса Иерусалим қаласына сапар шегіп бара жатқанда Самария мен Ғалилея аймақтары арқылы жүрді. 12Бір ауылға келгенде, Оған денесін алапес#17:12 4:27; 5:12-13; 7:22. басқан он кісі кездесті. Олар алыстан тұрып, 13қатты дауыстап:
— Иса, Ұстаз, бізге қайырым қыла көріңіз! — деп жалынды. 14Иса оларға назар аударып:
— Діни қызметкерлерге барып, қаралыңдар!#17:14 5:12,14. — деді. Олар сол жаққа бара жатқанда-ақ алапестен құлантаза сауығып кетті.
15Солардың біреуі өзінің сауығып кеткенін көрген соң, қатты дауыстап Құдайға мақтау айтып қайтып келді де, 16Исаның аяғына жығылып, Оған алғысын жаудырды. Ал бұл кісі самариялық#17:16 Діндар яһудилердің көпшілігі самариялықтарды менсінбей, олармен қарым-қатынас жасамайтын (9:52-54; Жох 4:9). болатын!
17Иса сонда:
— Сауыққандар он кісі емес пе еді, тоғызы қайда? 18Құдайға мақтау айту үшін мына шетелдіктен басқа ешкім қайтып келмеді ме? — деп, 19самариялыққа қарап: — Тұр да, жөніңе жүре бер. Сен сенімің арқылы құтқарылдың!#17:19 7:50. — деді.
Мәсіх дүниеге қайтып келгенде не болады?
20Парызшылдар Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын сұрағанда, Иса оларға былай деп жауап берді:
— Құдайдың Патшалығының қашан орнайтынын адамдар алдын ала білмейді.#17:20 Немесе: Құдайдың Патшалығы көрінетін белгілермен келмейді. 21Сондай-ақ оны «Міне, мұнда!» не «Әне, анда!» деуге болмайды. Себебі Құдайдың Патшалығы сендердің жан дүниелеріңде,#17:21 (Мат 23:26; Жох 18:36) Немесе: Құдай (Патшалыққа тағайындаған Мен арқылы) Оның Патшалығы сендердің араларыңда (17:23; 19:7-10,37-38; Жох 18:33-37; Елш 1:6-7). — деді.
22Кейін Иса шәкірттеріне арнап былай деді:
— Көктен келген Мені бір күн болса да көрсек деп аңсайтын уақыттарың келеді,#17:22 Немесе: Көктен келген Билеушінің («Адам Ұлының») бір күнін көрсек деп аңсайтын күндерің келеді (5:35; 9:22). бірақ сол кезде Мені көрмейсіңдер. 23Кісілер сендерге: «Міне, Ол мұнда!», я «Әне, Ол анда!» дейтін болады. Оларға бармаңдар да, арттарынан ермеңдер де!
24Өйткені найзағайдың жарқ етіп, аспанды о шетінен бұ шетіне дейін жарқыратып жіберетініндей, уақыты болғанда Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келуім де#17:24 9:22; 24:26; Дан 7:13-14. (аяқ астынан және ап-айқын) болады. 25Бірақ алдымен Өзімнің көп азап шегуім әрі қазіргі ұрпақтың Менен бас тартуы қажет.
26Нұх пайғамбардың заманында жағдай қалай болған болса, Менің Билеуші ретінде көктен қайтып келетін кезімде де солай болады: 27Нұх кемеге мінген күнге дейін адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, әйел алып, күйеуге шығып өмір сүруде еді. Ал Нұх кемеге мінген соң, топан су басып, сол адамдардың бәрін де қырып салды.#17:27 Жар 6:1-5; 7:6-23.
28Луттың заманында да солай болған: адамдар (Құдайға мойынсұнбай) ішіп-жеп, сауда-саттық жасап, егін егіп, үй салып өмір кешуде еді. 29Бірақ Лут Содом қаласынан шыққан күні көктен от пен күкірт жауып, бәрін де қырып салды. 30Мен Билеуші ретінде көктен келіп, ашық түрде көрінетін күні де тап солай болады!
31Сол күні біреу үйінің жалпақ төбесінде отырып, заттары іште болса, ол үйге кіріп, соларын алып шықпастан, сыртқы сатымен төмен түсіп, дереу қашып құтылсын!#17:31 5:19; Мат 24:17; Мар 13:15. Сондай-ақ, кім далада болса, үйіне қайтып бармастан, бірден қашып кетсін! 32Луттың әйелімен болған жайтты естеріңе түсіріңдер!#17:32 Жар 19:26.
33Өмірін өзі үшін сақтауға тырысқан әркім одан айырылады,#17:33 Яки: (шынайы да мәңгілік) өмірден құр қалады (9:24; Мат 10:39; 25:46; Жох 3:16; 12:25). ал өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгі аман сақтап қалады.
34Сендерге шын айтамын: сол заманда түнде төсекте жатқан екеудің біреуін періштелер#17:34 Немесе: Құдай тағайындаған Билеуші (9:26; Мат 24:40; Мар 13:27). қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді. 35Олар бірге қол диірмен тартып отырған екі әйелдің де біреуін қабыл алып, екіншісін тастап кетеді. 36(Сондай-ақ, олар егіндікте жүрген екеудің де біреуін қабыл алып, екіншісін қалдырып кетеді.)#17:36 Мат 24:40.
37Шәкірттері:
— Мырза, бұл қай жерде болады? — деп сұрағанда, Иса астарлап мына жауапты берді:
— «Жемтік қайда болса, күшігендер сонда жиылар».#17:37 Әйүп 39:30; Мат 24:28. — (Сол сияқты, осы оқиғалардың қай жерде болғаны сол заманда бәріне айқын болады.)
Currently Selected:
Лұқа 17: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: