Лұқа 3:4-6
Лұқа 3:4-6 КК 2010
Бұл — Ишая пайғамбардың жазбасында сақталған мына тәрізді сөздеріне сай болды: Жар салған дауыс шығады айдалада: Жаратқан Иеге жолды дайындаңдар, Түзу қылып даңғыл жолды салыңдар! Жолдағы сай-салалар толтырылсын, Әрі тау-төбелер аласартылсын, Бұралаң жерлері де түзетілсін, Бұдыр жолдар да түгелдей тегістелсін! Сонда бар адамзат көре алады Құдай Ие жіберген құтқаруды!