Лұқа 5
5
Шәкірттердің керемет көп балық аулауы, Шимон Петірдің Исаның кім екенін түсіне бастауы
1Бір күні Иса Генесәрет көлінің#5:1 Осы көл Ғалилея көлі (яки теңізі) және Тиберия көлі деп те аталатын (4:31-дегі түсініктеме; Мат 4:18; Жох 6:1). жағасында тұрғанда, халық Құдай сөзін тыңдау үшін Оның қасына жиналып, иін тіресіп тұрды. 2Иса көл жиегінде тұрған екі қайықты көрді. Олардан түскен балықшылар ауларын жуып жатты. 3Екі қайықтың бірі Шимондікі еді. Иса қайыққа отырып, Шимоннан жағадан арырақ жүзіп барып тұруын сұрады. Осылай Ол қайық үстінен халыққа тәлім берді.
4Иса сөзін бітіргеннен кейін Шимонға:
— Көлдің терең жеріне жүзіп барып, балыққа ау сал, — деді. 5Шимон:
— Ұстаз, біз түні бойы еңбектеніп, түк ұстай алған жоқпыз! Бірақ Сіз айтқан соң ауларды тағы да салып көрейін, — деп жауап берді.
6Ауларын салғанда олар өте көп балық ұстады. Балықтың көптігінен аулары жыртыла бастады. 7Содан олар екінші қайықтағы жолдастарын қол бұлғап көмекке шақырды. Олар келгеннен кейін бәрі бірігіп екі қайықты да балыққа толтырды. Тіпті қайықтары суға бата бастады! 8Мұны көрген Шимон Петір Исаның аяғына жығылып:
— Ием, қасымнан кете көріңіз, мен күнәкар адаммын! — деді. 9Себебі өзі де, қасындағылардың бәрі де осынша көп балық ұстағандарынан үрейлері ұша аңтарылды. 10Шимонның серіктері — Зебедей ұлдары Жақып пен Жохан да сондай күйде еді. Сонда Иса Шимонға:
— Қорықпа! Сен балық аулағаның сияқты бұдан былай адамдарды жинап әкелетін боласың, — деді.
11Екі қайықты жағаға шығарғаннан кейін олар бәрін тастап, Исаға шәкірт болып ерді.
Алапес адамның сауығуы
12Иса сол маңайдағы қалалардың бірінде болғанда, үсті-басын алапес қаптаған бір адам келе жатты. Ол Исаны көргенде аяғына жығылып:
— Мырза! Егер қаласаңыз, мені құлантаза сауықтыра аласыз,#5:12 Немесе: мені тазарта аласыз. (Алапес сияқты аурумен науқастанғандар (4:27) діни тұрғыдан таза емес, арам деп саналатын: Леу 13:2,45-46.) — деп жалбарынды. 13Иса қолын созып, оның денесіне тигізді де:
— Қалаймын, құлантаза сауығып кет! — деді. Сол сәтте-ақ ауру адам алапесінен арылды. 14Иса оған мынадай бұйрық берді:
— Бұл туралы ешкімге де тіс жарушы болма! Бірақ діни қызметкерге барып, қарал. Содан кейін тазаруың үшін Мұса Тауратта бұйырған құрбандықты#5:14 Леу 14:2-32. ұсын. Бұл жұртқа сенің сауыққаныңның дәлелі болады, — деді.
15Алайда Иса туралы хабар бұрынғыдан бетер тарап кетті. Көптеген халық Оны тыңдап, ауруларынан жазылу үшін ағылып келіп жатты. 16Ал Иса жиі елсіз далаға кетіп, мінажат етіп жүрді.
Мәсіх Исаның бір мүгедекті сауықтырып, күнәларын кешіруі
17Бір күні Иса жамағатқа тәлім беріп отырғанда, Ғалилея мен Яһудея аймақтарының барлық ауылдарынан әрі Иерусалим қаласынан келген парызшылдар#5:17 Таурат заңын және көптеген қосымша ережелерді мұқият орындауға тырысушы діндарлар; солай еткенде олар менмендік пен екіжүзділіктің торына түсті (11:43-44; 12:1; Түсіндірмені де қараңыз). және Таурат заңын үйретуші ғұламалар#5:17 Яки: дін мұғалімдері (Таурат, Забур және Пайғамбарлар жазбаларын әрі қосымша ережелер жинақтарын көшіріп, халыққа үйрететін оқымыстылар: 11:45-46,52; Түсіндірмені де қараңыз). да Оның қасында отырды. Иса Жаратқан Иенің ауруларды сауықтыратын құдіретіне кенелген еді.
18Сол кезде бірнеше кісі сал болып ауырған бір адамды төсенішімен көтеріп алып келді. Олар оны Исаның алдына апару үшін үйге кіргізбек болды, 19бірақ халықтың көптігінен ішке кіруге жол таба алмады. Сондықтан олар үйдің сыртқы сатысымен үстіне шығып, жалпақ төбесінің жұқа қыштарын ашты.#5:19 Яки: төбесіндегі черепицаны тесіп ашты (Мар 2:4). Сол жерден ауруды жатқан төсенішімен ортаға, Исаның алдына түсірді.
20Олардың сенімін көрген Иса сал адамға: «Пендем, сенің күнәларың кешірілді», — деді.
21Сондағы дін мұғалімдері мен парызшылдар:
— Құдайды қорлайтын Бұл кім Өзі? Күнәларды жалғыз Құдайдан басқа кім кешіре алады? — деп ойланып қалды. 22Олардың бұл ойларын ұға қойған Иса:
— Іштей неге солай ойлап тұрсыздар? 23Қайсысын айту оңайырақ: «Сенің күнәларың кешірілді!» деу ме, әлде: «Орныңнан тұрып, жүре бер!» деу ме? 24Ал көктен келген Менің жер бетінде күнәларды кешіруге билігімнің бар екендігін#5:24 Немесе: Құдай тағайындаған Билеушінің («Адам Ұлының») жер бетінде күнәларды кешіруге билігінің бар екендігін (6:5; 17:24; 22:69; Дан 7:13-14; Түсіндірмедегі «Көктен келген Билеушіні» қараңыз). білулеріңіз үшін,.. — деп, сал адамға қарап: — Саған айтамын: орныңнан тұр да, төсенішіңді жинап алып, үйіңе бар! — деп тапсырды.
25Ауру адам олардың көзінше дереу тұрды да, жатқан төсенішін жинап алып, Құдайды мадақтап үйіне кетті! 26Осыны көргендердің бәрі қатты қайран қалып, үрейленді. Олар: «Біз бүгін ғажап істер көрдік!» — десіп, Құдайға мақтау айтты.
Матай Леуінің шәкірттерге қосылуы әрі Мәсіхтің күнәкарларды тәубеге шақыруы
27Осыдан кейін Иса сыртқа шығып, салық кеңсесінің қасында отырған Леуі#5:27 Леуінің қосымша аты: Матай (Мат 9:9). есімді салық жинаушыны#5:27 3:12; 5:30; Түсіндірмедегі «Салықшыны» да қараңыз. көрді. Оны: «Соңымнан ер!» — деп шақырды. 28Леуі орнынан тұрып, бар нәрсесін тастап, Исаға шәкірті болып ерді.
29Кейін Леуі үйінде Исаға арнап үлкен қонақасы берді. Сонда көптеген салық жинаушылар және басқа қонақтар да олармен дастарқандас болды. 30Ал дін мұғалімдері мен парызшылдар күңкілдеп, Исаның шәкірттеріне:
— Неге салықшылармен және басқа күнәкарлармен бірге тамақ ішіп отырсыңдар?!#5:30 15:2; 19:7; Мат 11:19. — деп наразылық білдірді. 31Иса оларға былай деп жауап берді:
— Дәрігер дені сауға емес, ауру адамға қажет. 32Мен «әділдерді»#5:32 Яғни әділсінгендерді (өздерін әділміз деп санайтындарды: 18:9-14; Рим 3:10; Жыр 13:3). емес, күнәкарларды теріс жолдан қайтуға шақыру үшін келдім.
Той басталды! Жаңа өмірдегі жаңа салттар
33Әлгі діншілдер Исаға:
— Жақияның шәкірттері жиі ораза ұстап мінажат етеді, парызшылдардың шәкірттері де солай істейді. Ал Сіздің шәкірттеріңіз неге ораза ұстамастан тамақ ішеді?#5:33 7:33-34. — деді. 34Иса оларға астарлап жауап қайтарып былай деді:
— Күйеу жігіт қастарында болғанда тойға келгендерге ораза ұстатып қоюға бола ма?#5:34 Мәсіх («Күйеу») сенушілерімен бірге болған уақыт той сияқты көңілді, сонда қайғырып ораза ұстау жөнсіз (Ош 2:19-21,23; Жох 3:29; Қор2 11:2). 35Бірақ «Күйеуді» қастарынан алып кететін күн туады; міне, сол кезде олар ораза ұстайтын болады.#5:35 9:51; 18:32; 22:39-62; 24:13-21.
36Иса оларға тағы мына нақылдарды да айтып берді:
— Жаңа киімнен жамау жыртып алып, ескі киімге жамамас. Олай етсе, жаңа киім жыртылып, жамау ескіге жараспас та еді.
37Сондай-ақ, жас шарапты ескі торсыққа құймас. Олай етсе, быршып ашыған жас шарап торсықты жарып, ағып кетеді, торсық та бүлінеді. 38Керісінше, жас шарапты жаңа торсыққа құю керек. (Сонда екеуі де аман қалады.) 39Ал ескі шарапты ішкен әркім: «Ескісі жақсырақ», — деп, жаңасын қаламайды.#5:39 Ата-бабаларынан жеткен діни ережелерге үйренгендер Құдай тағайындаған Мәсіхтің күнәкарларды кешіріп, оларға жаңа өмір сыйлауы жайлы Ізгі хабарды қаламады (5:30-32; 6:6-11; Мар 7:5-8).
Currently Selected:
Лұқа 5: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: