Лұқа 7
7
Римдік жүзбасының зор сенімі
1Иса Өзін тыңдап тұрған халыққа барлық сөзін айтып бітіргеннен кейін Қапарнаум қаласына кірді. 2Сол кезде бір римдік жүзбасының ерекше бағалайтын қызметшісі ауырып, хал үстінде жатқан еді. 3Жүзбасы Иса туралы хабар алған болатын. Сол себепті ол Исаға яһудилердің бірнеше ақсақалдарын#7:3 Яки: (мәжілісхана) басшыларын не рубасыларын. жіберіп, Одан қызметшісін сауықтырып құтқаруын сұрады. 4Олар Исаның қасына келгенде жалына өтініп: «Жүзбасы — Сіздің жәрдем беруіңізге лайықты кісі. 5Ол халқымызды жақсы көреді, өзі бізге тіпті мәжілісхана салып берді», — деді.
6Иса ақсақалдармен бірге жүрді. Ол сол үйге жақындап қалғанда, шетелдік жүзбасы Исаға достарын жіберіп, мынаны айтқызды:
— Келіп әуре болмай-ақ қойыңыз, Мырза, мен Сіздің шаңырағымның астына келуіңізге лайық емеспін.#7:6 Осылай бұл жүзбасы өзінің шетелдік әрі күнәкар екендігін ашық мойындады. Алайда Құдай әрбір ұлттың адамдарына рақым көрсетуге дайын (Елш 10:1-6,34-36; Еф 2:11-19). 7Сондықтан да өзімнің Сізге келуімді жөн көрмедім. Тек бір сөз айтсаңыз болды, қызметшім сауығып кетеді.#7:7 5:13; Заң 32:39; Жыр 106:19-20. 8Мұны білемін, себебі мен де біреудің қол астындамын, өзіме бағынышты жасақшыларым да бар. Біреуіне: «Бар!» десем, барады, басқасына: «Кел!» десем, келеді, қызметшіме: «Мынаны істе!» дегенімде, ол соны орындайды.
9Мұны естіген Иса қайран қалып, соңынан еріп келе жатқан халыққа бұрылып: «Сендерге шын айтамын: Маған осындай сенім артқан кісі Исраил халқынан ешқашан кездескен емес!» — деді.
10Жіберілгендер жүзбасының үйіне қайтып келгенде, ауру қызметшісінің сауығып кеткенін көрді.
Мәсіх Исаның жесір әйелдің қайтыс болған ұлын тірілтуі
11Біраздан кейін Иса Наин атты қалаға барды. Оған шәкірттері және көп халық еріп жүрді. 12Иса қала қақпасына жақындаған кезде жұрт біреудің мәйітін қабірге қоюға алып шығып келе жатты. Бұл бір жесір әйелдің жалғыз ұлы екен. Жесірге қаладан көп халық ілесіп шығып келе жатты.
13Иеміз Иса әйелді көргенде оған жаны ашып: «Жыламаңыз!» — деп жұбатты. 14Содан Ол жақындап барып, табытқа қолын тигізді. Табыт көтергендер тоқтағанда, Иса: «Балам, саған айтамын, түрегел!» — деді. 15Сонда өлген жігіт түрегеліп отырып, сөйлей бастады! Иса оны шешесіне табыс етті.
16Жұрттың бәрін үрей биледі. Олар: «Арамыздан ұлы Пайғамбар шықты!» «Құдай өз халқына игілік істеуге келді!» — деп Құдайды мадақтады. 17Иса туралы осындай хабар бүкіл Яһудея аймағына және барлық төңірекке тарап кетті.
Жақия пайғамбардың сұрағы
18Бұл туралы Жақия пайғамбар шәкірттерінен хабар алып тұрды. 19Жақия олардың екеуін шақырып алды да, Иеміз Исаға жіберіп,#7:19 Зұлым билеуші Ирод Антипас Жақия пайғамбарды тұтқындап, түрмеге жапқандықтан (3:19-20; Мат 11:2), Жақия Исаға өзі барып, сұрақтарын қоя алмады. Ол өзін Исаның кереметпен тұтқыннан босатпағанына ренжіген сияқты (7:20-23). Одан: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» — деп сұратты. 20Олар Исаға келіп:
— Шомылдыру рәсімін жасаған Жақия бізді: «Келетіні ежелден-ақ уәде етілген Құтқарушымыз шынымен Сізсіз бе? Әлде басқа біреуді күтуіміз керек пе?» деп сұрауға жіберді, — деді.#7:20 Мат 11:3. 21Сол сәтте Иса көптеген адамдарды ауру-сырқауларынан сауықтырып, қинаған жындарынан арылтып, көп соқырларға рақым көрсетіп көздерін ашып жатты.
22Сонда Иса жіберілген кісілерге:
— Сендер көріп-естігендеріңді Жақияға барып, айтып беріңдер: соқырлар көріп, сал болғандар жүріп, алапестер құлантаза сауығып, саңыраулар естіп, өлгендер қайта тіріліп, жарлыларға Ізгі хабар жарияланып жатыр.#7:22 Иш 61:1; Мат 11:4-5. 23Ал Маған деген сенімінен бас тартпаған әркім бақытты!#7:23 Яки: Маған ренжімейтін, сенімінен безбейтін әркімге Құдай риза (Мат 11:6; Аян 2:9-11; 14:12-13). — деді.
24Жақияның жіберген адамдары қайтып кеткеннен кейін, Иса жұртқа Жақия туралы былай деп айта бастады:
— Сендер айдалаға нені көруге бардыңдар? Жел тербеткен бір қамысты ма? (Жақия ондай емес!) 25Тегі, нені көруге бардыңдар? Қымбат киім#7:25 Яки: Жұмсақ киім. (Жақия пайғамбардың киімі өте қарапайым болатын: Мат 3:4.) киген біреуді ме? Жоқ, қымбат киім киіп, молшылықта өмір сүріп жатқандар патша сарайларында тұрады ғой. 26Сонда нені көруге бардыңдар? Бір пайғамбарды ма? Иә, сендерге айтамын: Жақия тіпті пайғамбардан да артық! 27Киелі жазбада Құдайдың мынадай сөздері бар: Біліп ал, Мен алдыңнан хабаршымды жіберемін. Ол жүретін жолыңды дайындап қояды.#7:27 Құдайдың хабаршысы Жақия пайғамбар Исраил елін Мәсіхтің келуіне дайындады (3:15-18; Мал 3:1). Мұндағы хабаршы — Жақия. 28Сендерге шындығын айтайын: адам баласы атаулының ішінде Жақиядан жолы үлкен ешкім болған емес. Бірақ Құдайдың Патшалығындағы ең қарапайым деген адамдардың жолы онікінен үлкен.#7:28 10:24; Евр 11:39-40; Жох 1:12.
29Мұны тыңдаған бүкіл халық, тіпті салықшылар да Құдайдың әділдігін мадақтады. Олар Жақия пайғамбар орындаған шомылдыру рәсімінен өткен болатын. 30Алайда парызшылдар және Таурат заңын үйретуші ғұламалар бұл рәсімнен өтпей, Құдайдың өздеріне арнаған мақсатын қабылдамады.#7:30 16:13-15; Мат 3:5-10; 21:31-32,45.
31Иеміз Иса тағы былай деді:
— Ендеше қазіргі ұрпақтың адамдарын кімге ұқсатайын, олар кімге ұқсас? 32Олар тентек балаларға ұқсайды. Солар далада отырып, бір-біріне айқайласып:
«Сендер үшін сыбызғы тартсақ та, би билемедіңдер,
Сосын жоқтау айтсақ та, жылап еңіремедіңдер!»
— деп шағымданады. 33Өйткені шомылдыру рәсімін жасаған Жақия пайғамбар келгенде, кәдімгі тамақтарды ішіп-жемеді.#7:33 1:15; Мар 1:6; Мат 11:18. Сендер оны «жынды» дейсіңдер. 34Ал Мен, көктен келген Билеуші, кәдімгі тамақтарды ішіп-жеймін. Сонда сендер: «Мынау тамақ жеп, шарап ішуді жақсы көреді және салықшылармен, күнәкарлармен дос болып жүр!» деп жамандайсыңдар.#7:34 5:29-30; Мат 11:19. 35Алайда даналықтың игілігі оны қабылдағандардың ізгі істерімен дәлелденеді,#7:35 (7:29; Мат 11:19) Немесе: Алайда Құдайдың даналығын оның барлық балалары (яки оны қабылдағандардың бәрі) дұрыс деп табады. — деді.
Парызшыл адам және күнәға батқан әйел
36Бірде парызшылдар тобының бір мүшесі Исаны тамаққа шақырды. Иса парызшылдың үйіне келіп, дастарқан басына жайғасты. 37Қалада тұратын бір күнәкар әйел Исаның парызшылдың үйінде дастарқан басында отырғанын естіп қалды. Сонда ол иісмайға толған мөлдір тас#7:37 Немесе: алебастр. (Ақ немесе түссіз мөлдір келетін гипс тәрізді зат.) құтысын алып, әлгі үйге келді. 38Әйел Исаның аяқ жағында тұрып, жылай берді. Көз жасын Оның аяғына төгіп, шашымен сүрте бастады. Сосын аяқтарын сүйіп, үстіне иісмайын құйды.
39Исаны қонаққа шақырған парызшыл адам мұны көргенде іштей: «Егер Бұл нағыз пайғамбар болса, Өзіне қолын тигізгеннің кім екенін және қандай әйел екенін білер еді. Ол күнәға батқан ғой», — деді. 40Иса оған:
— Шимон, саған айтайын деген бір ауыз сөзім бар, — деп үн қатты.
— Айта беріңіз, Ұстаз! — деді ол. 41Сонда Иса:
— Қарыз беруші бір адамның екі кісіде ақшасы болыпты. Олардың біреуі бес жүз күміс теңгеге,#7:41 Үш жүз күміс теңге жай жұмысшының бір жылдық жалақысы болатын. ал екіншісі елуге борышты екен. 42Олардың қарызын қайтаратын еш нәрселері болмағандықтан, сол адам екеуінің де қарызын кешіпті. Айтшы, кәне, бұлардың қайсысы оны көбірек жақсы көреді? — деген сұрақ қойды. 43Шимон:
— Көбірек қарызы кешірілгені деп ойлаймын, — деді. Иса:
— Дұрыс айттың, — деп жауап қатты. 44Содан әйелге бұрылып, Шимонға тағы былай деді:
— Мына әйелді байқадың ба? Мен үйіңе кіргенде, сен Маған аяғымды жуатын су берген жоқсың. Ал ол аяғыма көз жасын төгіп, шашымен сүртті. 45Сен Мені бетімнен сүймедің. Ал ол Мен келгеннен бері тоқтамастан аяғымды сүйіп отыр. 46Сен басыма май құйып құрмет көрсетпедің.#7:46 Мат 6:17. Ал ол тіпті аяғыма иісмай құйды. 47Сондықтан саған айтамын: оның көптеген күнәларының бәрі де кешірілді, бұл оның зор сүйіспеншілігінен көрініп тұр. Ал кімге аз кешірілсе, сол азғана жақсы көреді. — 48Мұнан соң Иса әйелге: — Күнәларың кешірілді! — деді.
49Сонда Исамен бірге дастарқан басындағы кісілер іштерінен: «Күнәларды да кешіретін Бұл кім Өзі?» — деп ойлады.#7:49 5:21,24-25. 50Бірақ Иса әйелге:
— Сен сенімің арқылы құтқарылдың.#7:50 Яки: Сенімің сені құтқарды. (Әйел Құтқарушы Мәсіхке сенгендіктен күнәларынан арылды: Жох 3:16; Еф 2:8.) Аман-есен қайта бер, — деді.
Currently Selected:
Лұқа 7: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: