YouVersion Logo
Search Icon

Марқа 15

15
Римдік әмірші Пилаттың әділетсіз соты және үкімі
1Таң атысымен-ақ басты діни қызметкерлер, рубасылар және дін мұғалімдері, яғни бүкіл Жоғарғы кеңес, ақылдасып, шешім қабылдады. Олар Исаны байлатып, римдік әмірші Пилатқа#15:1 Лұқ 3:1; 13:1. алып барып, табыс етті. 2Пилат Исаға:
— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деген сұрақ қойды. Иса:
— Өзіңіз айтып тұрсыз, — деп жауап берді. 3Басты діни қызметкерлер Исаға көптеген айып тақты. 4Пилат Оған тағы сауал қойып:
— Ешбір жауап бермейсің бе? Қарашы, Саған қаншама көп айып тағып тұр! — деді. 5Бірақ Иса бұған да еш жауап қайтармады, сондықтан Пилат қайран қалды.
6Әмірші әдетте мейрамның құрметіне яһудилер сұраған бір тұтқынды оларға босатып беретін. 7Сол тұста Барабба есімді біреу өзінің сыбайлас көтерілісшілерімен бірге түрмеде отырған еді. Олар бүлік кезінде кісі өлтірген болатын. 8Енді халық алға қарай ұмтылып, Пилаттан әдеттегідей бір тұтқынды босатуын дауыстап сұрай бастады. 9Пилат оларға жауап беріп:
— Сендерге «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыңдар ма? — деген сұрақ қойды. 10Ол басты діни қызметкерлердің Исаны күншілдіктен ұстап бергендігін жақсы түсінді. 11Бірақ басты діни қызметкерлер халық тобырын әміршіден: «Оның орнына Бараббаны босатып беріңіз!» деп талап етуге арандатты. 12Пилат оларға:
— Ендеше, сендер «Яһудилердің Патшасы» деп атаған Адамға не істеуімді қалайсыңдар? — деген сауал қойды. 13Олар қайтадан айқай салып:
— Айқышқа шегеленсін! — деп жауап қатты. 14Пилат:
— Сонда Ол қандай қылмыс жасады? — деп сұрады. Бірақ олар:
— Айқышқа шегеленсін! — деп бұрынғыдан бетер шулап кетті.
15Сонда Пилат халықтың көңілінен шыққысы келіп, оларға Бараббаны босатып берді. Ал Исаны қамшымен соқтырғаннан кейін, айқышқа шегелеп іліп өлтіруге жасақшылардың қолдарына тапсырды.
Мәсіх Исаның азап шегіп, жанын құрбан етуі
16Жасақшылар Исаны әміршінің ордасы болған сарайдың#15:16 Немесе: қамалдың (Елш 21:37). ішкі ауласына алып барып, сонда бүкіл әскер бөлімін шақырып жинап алды. 17Олар Исаға бір қызыл шапанды#15:17 Жасақшылар киетін қызыл шапан патшалық жамылғыға біраз ұқсайтын. жауып, тікенді бұтақшалардан «тәж» өріп, Оның басына кигізді. 18Мұнан кейін олар: «Яһудилердің Патшасы жасасын!» — деп Оған сәлем бере бастады. 19Исаның басын таяқпен ұрғылап, бетіне түкіріп, алдына тізе бүгіп тағзым еткенсіді. 20Мазақтап болғаннан кейін Оның үстіндегі қызыл шапанды шешіп алып, өз киімін кигізді.
Содан соң жасақшылар Исаны айқыш ағашқа шегелеп іліп қою үшін қала сыртына қарай алып кетті. 21Жолшыбай олар даладан қарсы келе жатқан Шимон есімді күренелік#15:21 Күрене: солтүстік Африкадағы өлке, қазіргі Либияның жерінде (Елш 2:10). ер адамға тап болды. Оны Исаның айқыш ағашын арқалап алып жүруге мәжбүр етті. Сол Шимон Ескендір мен Руфтың#15:21 Рим 16:13. әкесі болатын.
22Осылай жасақшылар Исаны Ғолғота, яғни «Маңдайтөбе»,#15:22 Немесе: «Бассүйек орны». деген жерге алып барды. 23Оған ішуге мүр шөбі қосылған сірке суын#15:23 Немесе: мүр қосылған шарап. (Кейбір жақтастары осы дәрімен Исаның азабын жеңілдеткілері келген шығар. Бірақ Ол адамзаттың күнәсі үшін құрбан боларында сана-сезімінің толықтай айқын болуын қалады: Иш 53:5-6; Пет1 2:22-24.) ұсынды, бірақ Ол ішпеді.
24Жасақшылар Исаны айқыш ағашқа керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды. Бұдан кейін әрқайсысы өз үлесін алу үшін Оның киімдерін жеребе тастап бөлісті. 25Исаны айқышқа шегелегенде сағат тоғыз болатын.#15:25 Яки: (таң атқаннан кейінгі) үшінші сағат толған еді (Түсіндірмедегі «Уақыт белгілеу жүйесін» қараңыз). 26Оған тағылған айып «Яһудилердің Патшасы» деп бір тақтайшаға жазылған еді.
27Жасақшылар Исамен бірге екі қарақшыны#15:27 Яки: екі (ұлтшыл) көтерілісшіні (14:48; 15:7; Мат 27:38). да, біреуін оң, екіншісін сол жағындағы айқыш ағаштарға керіп шегелеп тастап, тік көтеріп қойды. 28(Киелі жазбада: «Ол қылмыскерлердің қатарында саналды»#15:28 Иш 53:12; Лұқ 22:37. деп алдын ала айтылған сөз осылай іске асты.)
29Қасынан өтіп бара жатқандар Исаға тіл тигізді. Олар бастарын шайқап: «Әй, киелі үйді бұзып, үш күнде қайта тұрғызушы! 30Айқыштан түсіп, Өзіңді құтқарып ал!» — деп Оны келеке етті. 31Сол секілді, басты діни қызметкерлер мен дін мұғалімдері де Оны мазақтап бір-біріне: «Мынау басқаларды құтқарыпты, бірақ Өзін құтқара алмайды екен! 32«Исраилдің Патшасы Мәсіх» қазір-ақ айқыштан түссін! Көзімізбен көрейік, сонда Оған сенеміз», — десті. Жанындағы айқыштарға шегеленген қылмыскерлер де Исаны балағаттап тілдеді.#15:32 Ал кейін екеудің біреуі күнәсіне өкініп, Иса оны кешірді (Лұқ 23:39-43).
33Ал тал түсте бүкіл жерді қараңғылық басып, ол үш сағатқа созылды.#15:33 15:25-тегі түсініктемені қараңыз. 34Сағат үште Иса қатты дауыспен айқайлап: «Ілои, Ілои! Лама сабахтани?» — деді. Өз тілінде бұл «О, Құдайым, Құдайым! Неліктен Мені жалғыз қалдырдың?» дегенді білдіреді.#15:34 Жыр 21:2; Мат 27:46; Жох 1:29; Пет1 2:24; Ғал 3:13.
35Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естігенде: «Қараңдар, Ол Ілиясты#15:35 Ілияс пайғамбардың есімі түпнұсқа тілінде Ілои (яки: Элохи) деген «Алла» есімінің қаратпа түріне ұқсап дыбысталатын. шақырып жатыр», — десті.
36Біреуі жүгіріп барып, бір сорғышты сірке суына батырып алды. Оны таяқтың ұшына қадап, Исаға ішуге ұсынды да: «Күте тұрайық, Ілияс келіп, Оны түсіріп алар ма екен көрейік!» — деп кекетті.
37Ал Иса қатты дауыстап жіберіп, жан тәсілім етті. 38Сол сәтте киелі үйдегі шымылдық#15:38 Киелі үйдің ең қасиетті бөлімі — Құдайдың жер бетіндегі тұрағы осы шымылдықпен жабылып адам көзінен тасаланатын (Мыс 26:33; 40:34-35; Евр 10:19-22). жоғарыдан төменге дейін қақ айырылып, екіге бөлінді.
39Исаның қарсы алдында тұрған жүзбасы Исаның осылай жан тәсілім еткенін көргенде: «Бұл Адам шынымен Құдайдың рухани Ұлы екен!» — деп мойындады.
40Сол жерде алысырақтан қарап тұрған әйелдер де болды. Араларында мағдалалық Мәриям, кіші Жақып пен Жүсіптің шешесі Мәриям#15:40 Немесе: (жасы) кіші Жақып пен Жосидың шешесі Мәриям. (Осы Мәриям Исаның да шешесі еді: 6:3; Жох 19:25.) және Салома бар еді. 41Олар Иса Ғалилеяда болған кезінде Оған еріп, қызмет етіп жүретін. Сондай-ақ Онымен бірге Иерусалимге келген басқа да көптеген әйелдер сол жерде тұрды.#15:41 Лұқ 8:1-3; 23:49.
Мәсіхтің қабірге қойылуы
42Бұл күн діни демалыс күнінің алдындағы әзірлік күні — жұма болатын. Сондықтан кеш түспес бұрын 43ариматеялық Жүсіп батылдықпен Пилатқа барып, одан Исаның мәйітін қабірге қоюға рұқсат сұрады. Жоғарғы кеңестің беделді мүшесі болған Жүсіп Құдайдың Патшалығының жер бетінде орнауын#15:43 1:15; Мат 6:10; 12:28; 24:14; 25:34; Лұқ 23:50-51. аңсап күтіп жүрген жан еді. 44Пилат Исаның сонша тез өліп қалғанына таңданды; жүзбасыны шақырып алып, одан: «Ол өлгелі көп болды ма?» — деп сұрады. 45Жүзбасынан солай екенін біліп алған соң, Пилат мәйітті Жүсіпке бергізді. 46Жүсіп бәтес#15:46 Яки: асыл кенеп. кебін сатып алып келіп, Исаның мәйітін айқыштан түсіріп, кебінге орады. Содан оны жартастан үңгіп жасалған бір қабірге апарып қойды. Мұнан кейін қақпақ тасын#15:46 Яғни әктастан қашап жасалған, дәу диірмен тасы тәрізді дөңгелек тасты (16:3). домалатып әкеліп, қабірдің кіреберіс аузын сонымен жауып тастады. 47Мағдалалық Мәриям мен Жүсіптің шешесі Мәриям мәйіттің қайда қойылғанына қарап тұрды.

Currently Selected:

Марқа 15: КК 2010

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in