YouVersion Logo
Search Icon

Лұқа 4

4
1Киелі Рухқа толған Иса Иорданнан келгеннен кейін, Оны Рух жетелеп, елсіз жерге алып барды.
2Ол сол жерде қырық күн бойы сайтанның азғыруында болды. Сол күндер аяқталғанша Ол ештеңе жемеді, тек сол күндер аяқталғанда Ол ашыққанын сезді.
3Сол кезде шайтан Оған: -Егер де Сен Құдайдың Ұлы болсаң, мына тас нанға айналсын деп бұйрық берші, -деді.
4Сонда Иса оған былай деп жауап берді: -«Адам тек нанмен ғана өмір сүрмейді», - деп Жазбада жазылған.
5Осыдан кейін сайтан Оны биік жерге апарып, осы әлемдегі барлық патшалықты Оған бір сәтте көрсетті.
6Сайтан Оған: -Осылардың бүкіл билігін және атақ-даңқын да Саған беремін, өйткені осының бәрі маған берілген, сондықтан мен оны кімге бергім келсе, соған беремін.
7Егер Сен маған басыңды иіп, тағзым ететін болсаң, осылардың бәрі Сенікі болады, - деді.
8Сонда Иса оған былай деп жауап қайырды: -«Тек жаратушы Құдай Иеңе ғана тағзым етіп, тек жалғыз Оған ғана қызмет ет», - деп жазылған.
9Одан кейін сайтан Оны Иерусалимдегі ғибадатхананың биік қабырғасының қырына тұрғызып қойды да, Оған мынаны айтты: -Егер де Сен Құдайдың Ұлы болсаң, осы арадан Өзіңді төмен қарай тастап жібер.
10Өйткені: «Сені аман сақтап қалу үшін, Ол Өзінің періштелеріне бұйрық беріп қояды,
11сонда Сен аяғыңды тасқа ұрып алмауың үшін, олар Сені қолдарына көтеріп алып жүреді», -деп жазылған ғой.
12Сол кезде Иса оған былай деді: -«Өзіңнің Жаратушы Құдай Иеңді еркінсіп сынаушы болма», -деп те жазылған.
13Осылай сайтан өзінің барлық сынақтарын аяқтаған соң, Исаны уақытша тастап кетіп қалды.
14Иса Рухтың күшіне кенеліп, Ғалилеяға қайтып келді. Сонда Ол туралы хабар сол аймақтың бәріне жайылып кетті.
15Иса синагогаларға барып, оларға тәлім берді, олардың бәрі Оны сыртынан мақтайтын.
16Бірде Иса Өзі өсіп, тәрбие алған Назарет қаласына келді, сол кез әдеттегі сенбі күні болғандықтан, Ол синагогаға кірді. Содан кейін жазбадағы үзіндіні оқу үшін орнынан тұрды.
17Сол кезде Оған Ишая пайғамбардың шиыршық кітабын оқуға берді. Ол кітапты ашып, Жазбаның мына жерін тауып оқыды:
18«Иеміздің Рухы Менің бойымда, Ол Мені майлап, Ізгі хабарды жарлыларға жеткізгенімді, тұтқындағылардың бостандыққа шығатынын, соқырлардың көздерінің ашылатынын, қайғы-қасіретпен жүргендерді босататын
19Жаратқан Иеміздің мейірімі жария болатын жылының мезгілі келіп жеткенін жарияласын деп жіберді», -деп оқып шықты.
20Содан кейін Ол шиыршық кітапты орап, оны қызметкерге берді де, келіп отырды. Сол синагогада болғандарың бәрі Оны ала көздерімен атып, Оған тесіле қарап қалды.
21Алайда Иса оларға: -Бүгін Жазбадан не естісеңдер, сол орындалды, - деді.
22Бәрі Оның айтқанын қолдап, Оның аузынан шыққан осы мейірімді сөздеріне таңданып: -Бұл Жүсіптің ұлы емес пе еді? - десті.
23Ал Иса оларға: -Осындағы әрбіреуің Маған: «Дәрігер болсаң, ең алдымен, Өзіңді емдеп ал», -деген мақалды есіме салып және тағы да Маған:«Қапарнаумда жасаған көп істерің туралы естідік, енді оны осы жерде, Өз отаныңда, істеп көр деп отырған боларсыңдар», - деді.
24-Мен сендерге шындықты айтайын: ешбір пайғамбарды өз елінде қабылдаған емес, -деді Иса оларға.
25Шындығын айтар болсам, Ілияс өмір сүрген күндері аспан үш жыл алты айға жабылып қалды, сонда бүкіл жер бетінде алапат ашаршылық болды, сол кезде Исраилде көптеген жесірлер бар еді.
26Сонда Құдай Ілиясты солардың бірде-біреуіне жіберген жоқ, оны тек Сидондағы Сарептада тұратын бір жесір әйелге ғана жіберді.
27Ал пайғамбар Елішенің кезінде де Исраилде алапеспен ауырғандар өте көп болды, сонда тек сириялық Нағыманнан басқасының ешқайсысы аурудан тазаланған жоқ, - деді.
28Осыны естігеннен кейін синагогада болғандардың бәрі қатты ашуланды.
29Орындарынан атып тұрып, Исаны қаланың сыртына қуып шығарды да, Оны өздерінің қаласы салынған биік төбеге алып шығып, Оны сол төбеден төмен қарай лақтырып жібермекші болды.
30Алайда Иса олардың ортасын жарып өтіп, сол жерден кетіп қалды.
31Ол төмен түсіп, Ғалилеядағы Қапарнаум қаласына барды, әр сенбі сайын оларға тәлім беріп жүрді.
32Оның берген тәліміне олар қатты таңғалатын, өйткені Оның айтқан сөздерінде ерекше бір билік бар болатын.
33Сол синагогада сайтанның таза емес рухы бойын билеп алған бір адам бар болатын, сол қатты дауыстап:
34-Оу, Назареттік Иса, бізде Сенің нең бар еді? Сен бізді құрту үшін келдің бе? Сенің кім екеніңді мен білемін! Сен Киелі Құдайдан келдің! - деді.
35Алайда Иса оған: -Үніңді өшіріп, одан шық! -деп сайтанға тыйым салды. Сонда сайтан оны ортаға алып шығып, құлатып жықты да, ешбір зиян келтірместен одан шығып кетті.
36Осы жағдайдан кейін сондағылардың бәрін қорқыныш билеп, олар бір-біріне: -Таза емес рухтарға бұйырғанда шығып кететіндей мына сөзде қандай билік пен күш бар? -десті.
37Осылайша, Иса туралы хабар сол аймақтың бәріне тарап кетті.
38Иса синагогадан шыққан соң, Шимонның үйіне келді. Шимонның енесі безгекпен ауырып, ыстығы қатты көтеріліп жатқан болатын. Үйдегілер Оған оның жағдайын айтып, Одан көмек беруді өтінді.
39Сонда Иса оның қасына барып, ыстыққа тыйым салғанда, ыстығы түсіп, сол сәтте орнынан тұрды да, оларға қызмет ете бастады.
40Күн батар кезде әр түрлі дертпен ауыратындардың барлығын Исаның алдына алып келді, Иса олардың әрқайсысына қолын қойып, оларды сауықтырды.
41Олардың көбінен жындар шыққан кезде: -Сен -Құдайдың Ұлысың! -деп айғайлады. Олар Оның Мәсіх екенін білетіндіктен, Иса оларға тыйым салып, айтуға рұқсат бермеді.
42Келесі күні Иса сол жерден шығып, елсіз жерге кетіп қалды. Адамдардың бәрі Оны іздей бастады, Оны тауып алған соң жібергілері келмей, сол жерде қалуын өтінді.
43Бірақ Иса оларға: -Мен басқа қалаларға да барып, Құдай Патшалығы туралы Ізгі хабарды жеткізуім керек, себебі Мен сол үшін де жіберілгенмін, - деді.
44Ол Яһудеяның синагогаларына барып, уағыздап жүрді.

Currently Selected:

Лұқа 4: ZO

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in