1
Жаратылыстың баст. 3:6
Киелі кітап
Әйел ағаштың жемісіне қарап, оның жеуге жақсы әрі көз тартарлық әдемі екенін және өзін ақылды етуге қызықтырып тұрғанын көрді. Содан ол ағаштың жемісінен алып жеді. Әйел қасындағы күйеуіне де берді, ол да жеді.
Sammenlign
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:6
2
Жаратылыстың баст. 3:1
Құдай Ие жаратқан жабайы хайуанаттардың ішіндегі ең қуы жылан еді. Жылан әйелге сұрақ қойып: — Құдай сендерге бақтағы ешбір ағаштың жемісін жемеңдер деп шынымен айтты ма? — деді.
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:1
3
Жаратылыстың баст. 3:15
Әйел екеуіңді, сенің ұрпағың мен оның ұрпағын өзара өштестіріп қоямын. Әйелдің ұрпағы басыңды мыжып, ал сен оның өкшесін шағатын боласың», — деді.
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:15
4
Жаратылыстың баст. 3:16
Ал әйелге Құдай мынаны айтты: «Құрсақ көтерген кезіңде көретін бейнетіңді ауырлатамын, балаларыңды қиналып босанатын боласың. Сен күйеуіңе құштар боласың, ал ол саған жетекшілік етеді».
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:16
5
Жаратылыстың баст. 3:19
Өзің жаратылған жердің қойнына қайтып кіргенше, жейтін наныңды маңдай теріңді төгіп жүріп табатын боласың. Сен топырақтан жаратылдың, қайтадан топыраққа айналасың!»
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:19
6
Жаратылыстың баст. 3:17
Адамға Құдай Ие былай деді: «Әйеліңнің тілін алып, Мен тыйым салған ағаштың жемісінен жеген сенің кесіріңнен жердің топырағын қарғыс атты! Бұдан былай тамағыңды өмір бақи бейнет шегіп топырақтан өсіріп жейтін боласың.
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:17
7
Жаратылыстың баст. 3:11
Құдай Ие адамнан: — Саған жалаңашсың деп кім айтты? Сен Мен жеуге тыйым салған ағаштың жемісінен жедің бе? — деп сұрады.
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:11
8
Жаратылыстың баст. 3:24
Адамды қуып шыққаннан кейін, мәңгілік өмірді сыйлайтын ағашқа апаратын жолды күзету үшін пейіш бағының шығыс жағына керуб деген періштелерді және жүзінен от шашып, әрі-бері қозғалып жарқылдап тұрған бір семсерді қойды.
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:24
9
Жаратылыстың баст. 3:20
Адам әйеліне Хауа (яғни «Өмір сүруші») деген ат қойды. Себебі ол өмір сүруші адамзат атаулының түп анасы болатын болды.
Udforsk Жаратылыстың баст. 3:20
Hjem
Bibel
Læseplaner
Videoer