Жохан 2

2
Исаның Қана қаласындағы тойда істеген кереметі
1Екі күннен кейін Ғалилея аймағының Қана қаласында бір үйлену тойы болды. Исаның шешесі сонда еді, 2Иса да шәкірттерімен бірге шақырылды. 3Шарап#2:3 Сол заманда әдеттегі шарап қымыз сияқты құрамында алкоголі аз болатын. Жұрт оны тамақпен бірге ішетін. таусылып қалып, Исаның шешесі Оған:
— Олардың шарабы қалмады, — деді. 4Иса:
— Апа, Маған оны не үшін айтасыз? (Керемет жасау үшін көктегі Әкем белгілеген) уақытым әлі келген жоқ, — деп жауап берді. 5Дегенмен шешесі қызметшілерге: «Ол не айтса, соны істеңдер!» — деп тапсырды.
6Сол жерде яһудилердің дәстүрі бойынша діни тазару салтына#2:6 3:25; Мат 7:3-4; Түсіндірмені де қараңыз. арналған, ішіне он шелектей су#2:6 Немесе: екі-үш метретес (өлшем) су. (Метретес: шамамен 39 литр.) сыятын алты тас күбі тұр еді. 7Иса қызметшілерге: «Күбілерді суға толтырыңдар!» — деген тапсырма берді. Олар күбілерді суға ернеулете толтырды. 8«Аздап алып, асабаға апарыңдар!» — деді Иса. Олар апарып беріп, 9асаба шарапқа айналған әлгі суды татып көрді. Бірақ асаба оның қайдан екенін білген жоқ, мұны тек суды шөміштеп алған қызметшілер ғана білетін. Асаба таңғалды да, күйеу жігітті шақыртып алып: 10«Әркім алдымен жақсы шарабын құяды, қонақтар қызып алған кезде оның төмендеу түрін береді. Ал сен ең жақсысын осы уақытқа дейін сақтап қойыпсың!» — деді.
11Осылай Иса кереметтерінің алғашқысын#2:11 Яки: Иса (Өзін Хақ Тағала жібергендігін көрсететін) белгілерінің алғашқысын (3:2; 6:30; Түсіндірмедегі «Кереметті» де қараңыз). Ғалилеядағы Қана қаласында жасап, Өзінің ұлылығын көрсетті. Содан шәкірттері Оған сенді. 12Мұнан кейін Иса шешесі, інілері және шәкірттерімен бірге Қапарнаумға барып, сол қалада бірнеше күн тұрды.
Ғибадатхананы сауда-саттықтан тазарту
13Яһуди халқының Құтқарылу мейрамы#2:13 11:55; Лұқ 22:7; Мыс 12:18-20; Түсіндірмені де қараңыз. жақындағанда, Иса Иерусалим қаласына өрлеп барды. 14Ғибадатхана алаңында Ол (құрбандыққа шалынатын) бұқа, қой, көгершін#2:14 Леу 1:2-3,10,14; Заң 14:26; Лұқ 19:45. сатушыларға және шетелдік ақшаны (зекет беру үшін жергілікті ақшаға)#2:14 Заң 14:25; Мыс 30:12-16; Мат 21:12; Мар 11:15. айырбастаушыларға назар салды. 15Сосын Иса арқаннан қамшы өріп алып, сатушылардың бәрін қой, бұқаларымен бірге ғибадатхана ауласынан қуып шықты. Айырбастаушылардың ақшаларын шашып, үстелдерін аударып тастады. 16Иса көгершін сатушыларға бұрылып:
— Мыналарыңды бұл арадан алып кетіңдер! Көктегі Әкемнің киелі үйін базарға айналдырмаңдар! — деп бұйырды. 17Сонда «Киелі үйіңнің қамын жеп, азапқа түсем»#2:17 (Жыр 68:10) Яғни Сенің киелі үйің Мен үшін үлкен уайым болды. деп (Забурда алдын ала) жазылған сөздер шәкірттерінің естеріне түсті.
18Ал яһуди басшылары Оған:
— Осыны істеуге қақыңның барын қандай кереметпен дәлелдемексің? — деген сұрақ қойды. 19Иса оларға:
— Мына киелі үйді бұзыңдар, Мен оны үш күнде қайта тұрғызамын, — деп жауап қатты. 20Яһудилер:
— Бұл киелі үй қырық алты жыл бойы салынды. Ал Сен оны үш күннің ішінде қайта тұрғызбақшымысың? — деді. 21Бірақ Иса «киелі үй» дегенде Өзінің денесі туралы айтқан еді.#2:21 Тыңдаушылары Исаның «киелі үй» дегенін нақты түрде, яғни ғибадатханадағы қасиетті ғимарат деп ойласа, Иса астарлап Құдайдың Киелі Рухына тұрақ болған Өзінің денесін (1:32-34) айтқан еді. Соның қиратылғаны — Исаның өлімін, ал қайта тұрғызылуы — Оның тірілуін алдын ала білдіреді (2:22; Лұқ 9:22; 18:31-33). 22Сондықтан Иса өлімнен қайта тірілген кезде шәкірттері Оның осылай дегенін естеріне түсіріп, Киелі кітапта жазылған және Исаның Өзі айтқан пайғамбарлық сөздерге сенді.
23Құтқарылу мейрамы кезінде Иса Иерусалимде болғанда, Оның жасаған кереметтерін көрген көптеген адамдар Оған сенді. 24Алайда бәрінің ойы мен ниеті құбылмалы екенін біліп, Иса оларға сене қоймады. 25Ол адам баласының көңіліндегісін толық білгендіктен, біреудің Өзіне ол туралы мәлімет беруін қажет етпеді.#2:25 5:42; 6:61,64; Жыр 138:1-2; Евр 4:13.

Valgt i Øjeblikket:

Жохан 2: КК 2010

Markering

Del

Kopiér

None

Vil du have dine markeringer gemt på tværs af alle dine enheder? Tilmeld dig eller log ind