Λογότυπο YouVersion
Εικονίδιο αναζήτησης

Жаратылыстың баст. 1

1
Әлемнің жаратылуы
1Әуел баста Құдай#1:1 Яғни Алла Тағала (Жыр 17:14; 90:9). аспан мен жерді жаратты. 2Жер ретсіз, тіршіліксіз бос жатты;#1:2 Немесе: Жер ретсіз, тіршіліксіз бос болды. суға толы тұңғиықтың үстін қара түнек жауып тұрды. Ал Құдайдың Рухы су бетінде қалықтап ұшып жүрді.
3Сонда Құдай: «Жарық пайда болсын!» — деп бұйырды.#1:3 (Жыр 32:6,9; Қор2 4:6; Евр 11:3) Яки: деп айтты. Осылай жарық пайда болды. 4Құдай жарыққа қарап, оның жақсы екенін көрді. Ол жарықты қара түнектен бөліп, 5жарықты күн, ал қара түнекті түн деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл бірінші күн#1:5 Яки: тәулік. Немесе: кезең (Жыр 89:5). еді.
6Содан кейін Құдай: «(Айнала тұманданып тұрған) суды ортасынан бөліп тұратын әуе кеңістігі#1:6 Яки: бөліп тұратын күмбез. пайда болсын!» — деп бұйырды. 7Осылай Ол әуе кеңістігін жасап, соның астындағы суды үстіндегі судан бөлді. Солай болды да. 8Құдай әуе кеңістігін аспан#1:8 Жыр 18:2; Иш 40:22; 42:5. деп атады. Кеш түсіп, таң атты; бұл екінші күн еді.
9Мұнан соң Құдай: «Аспан астындағы су бір жерге жиналып, құрлық көрініп тұратын болсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. 10Құдай құрлықты жер, ал жиналған суды теңіздер деп атады. Ол жасағанына қарап, жақсы екенін көрді.
11Құдай енді: «Жер жасыл өсімдіктерді: тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар алуан түрлі жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. 12Жер жасыл өсімдіктерді: түрлеріне қарай тұқым шашатын өсімдіктерді әрі дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды өсіріп шығарды. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді. 13Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл үшінші күн еді.
14Сонан соң Құдай: «Аспан кеңістігінде шырақтар#1:14 (Жыр 73:16; 135:7-9) Яки: (үлкен) жарық көздері (Езк 32:8). орнасын! Олар күндіз бен түнді бір-бірінен ажыратып, арнайы мезгілдерді, күндер мен жылдарды белгілеп, 15жерге нұрын шашу үшін аспан кеңістігінде жарқырайтын болсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. 16Құдай үлкенірегі күндізге, кішірегі түнге билік жүргізетін жарқыраған екі үлкен аспан шырағын#1:16 Яки: билік жүргізетін екі үлкен жарық көзін. әрі жұлдыздарды жаратты. 17-18Құдай оларды жерге жарық түсіріп, күндіз бен түнге билік жүргізіп, жарықты қараңғыдан ажырату үшін аспан әлеміне#1:17-18 Яки: аспан кеңістігіне. орналастырды. Құдай мұның да жақсы екенін көрді. 19Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл төртінші күн еді.
20Сонан соң Құдай: «Теңіздер, көлдер және өзендер су жәндіктеріне толсын, әрі аспандағы әуе кеңістігінде#1:20 Яки: әрі жер үстіндегі аспан кеңістігінде (1:6-7). құстар ұшып жүрсін!» — деп бұйырды. 21Осылай Құдай суды мекендейтін алып жануарларды, суда қаптап жүрген басқа да жануарлар мен жәндіктердің барлық түрін, сонымен бірге қанаттыларды да түр-түрімен жаратты. Құдай жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді. 22Оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер, теңіздерді толтырыңдар, құстар да жер бетінде көбейсін!» — деп бұйырды. 23Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл бесінші күн еді.
24Содан кейін Құдай: «Жер әр қилы тіршілік иелерін: малдар, бауырымен жорғалаушылар және аңдарды түр-түрімен шығарсын!» — деп бұйырды. Солай болды да. 25Құдай әр қилы аңдар мен малдарды және бауырымен жорғалаушыларды түр-түрімен жаратты. Ол жасағандарына қарап, жақсы екенін көрді.
26Құдай енді: «Біз (рухани жағынан) Өзімізге ұқсас әрі бейнелес етіп адамды жаратайық. Адамдар теңіздегі балықтар мен аспандағы құстарға, малдар мен аңдарға, бүкіл жер бетіне және онда жорғалап жүрген барлық жануарларға билік жүргізсін», — деді.
27Осылайша Құдай адамды (рухани жағынан) Өзіне ұқсас әрі бейнелес етіп, бірін еркек, бірін әйел қылып жаратты.#1:27 2:7,21. 28Құдай оларға оң батасын беріп: «Өсіп-өніп көбейіңдер! Ұрпақтарың жайылып, жер бетін толтырыңдар! Оны өздеріңе бағындырып, теңіздегі балықтарға, аспандағы құстарға және жер бетіндегі барлық жануарларға билік жүргізіңдер!» — деді.
29Құдай оларға тағы тіл қатып: «Мен сендерге жер бетіндегі тұқым шашатын өсімдіктерді және дәнегі бар жеміс беретін ағаштарды түр-түрімен бердім, бұлар сендерге тамақ болсын. 30Жер бетіндегі барлық аңдарға, аспандағы күллі құстарға және бауырымен жорғалаушыларға — бойында тіршіліктің лебі бар жануарлардың бәріне Мен көк шөп атаулыны қорек етуге беремін», — деді. Солай болды да.
31Құдай Өзінің жаратқандарының бәріне қарап, өте жақсы екенін көрді. Тағы да кеш түсіп, таң атты; бұл алтыншы күн еді.

Επιλέχθηκαν προς το παρόν:

Жаратылыстың баст. 1: КК 2010

Επισημάνσεις

Κοινοποίηση

Αντιγραφή

None

Θέλετε να αποθηκεύονται οι επισημάνσεις σας σε όλες τις συσκευές σας; Εγγραφείτε ή συνδεθείτε