Жаратылыстың баст. 21
21
Ыбырайымның Сарадан туған ұлы Ысқақ
1Содан кейін Жаратқан Ие Өзі айтқандай, Сараға рақымын түсіріп, берген уәдесін#21:1 17:16,21; 18:10,14. орындады. 2Сара жүкті болып, Ыбырайымға қартайған шағында ұл туып берді. Бұл Құдай алдын ала белгілеген мезгілде болды. 3Ыбырайым Сара тапқан ұлдың атын Ысқақ («Күледі»)#21:3 17:19,21; 18:12; 21:6. деп қойды. 4Өзіне Құдай бұйырғандай,#21:4 17:12. оны сегіз күн өткен соң сүндеттеді. 5Ысқақ дүниеге келгенде Ыбырайым жүзге толған еді.
6Сара қуанып былай деді: «Құдай маған күлкі сыйлады. Мұны естіген әркім менімен бірге қуанып күледі. 7Сара нәресте емізетін болады деп Ыбырайымға алдын ала кім айта алар еді? Бірақ екеуіміздің егде тартқанымызға қарамастан, мен оған ұл туып бердім».
Ыбырайымның Ажар мен Ысмағұлды бөлек шығаруы
8Ысқақ біраз өскен соң, Сара оны емшектен шығарды. Сол күні Ыбырайым үлкен той жасады. 9Бірде Сара мысырлық Ажардан туған Ысмағұлдың Ысқақты келекелеп, күлкі етіп жүргенін байқады. 10Сонда ол Ыбырайымға: «Мына күңді баласымен бірге қуып жібер! Күңнің ұлы менің ұлым Ысқақпен бірдей мұраға ие болмасын», — деді.
11Бұл әңгіме өзінің ұлы туралы болғандықтан, Ыбырайымға еш ұнамады. 12Бірақ Құдай Оған: «Бала мен күңге бола қамықпа. Сараның айтқанының бәріне көн, себебі сенің ұрпағың Ысқақтан тарайтын болады. 13Алайда күңнің ұлынан да халық таратамын, ол да сенің ұлың ғой», — деді.
14Келесі күні Ыбырайым таңертең ерте тұрды. Нанды және су құйылған месті алып, оларды Ажардың иығына артып берді де, баласын оның қолына тапсырып, шығарып салды. Ажар жолға шыққан соң, Бер-Шеба маңайындағы айдалада адасып кетті.
15Местегі су таусылғанда, Ажар ұлын бір бұтаның көлеңкесіне жатқызды да, 16өзі кетіп қалды. Баласынан оқ жетер жерге барып, қарама-қарсы отырды. Өйткені ол: «Баланың өлгенін көруге шыдай алмаймын», — деді. Осылай оған қарама-қарсы отырып алып, дауыс шығарып, өксіп жылап жіберді.
17Құдай баланың жылап жатқан даусына құлақ асты. Оның періштесі аспаннан Ажарға дауыстап: «Саған не болды, Ажар? Қорықпа, Құдай мына жерде жатқан баланың даусына құлақ асты. 18Орныңнан тұр, балаңа қол ұшын беріп қамқорла. Мен одан бір үлкен халықты өрбітіп таратамын»,#21:18 12:2; 17:20. — деп тіл қатты.
19Содан Құдай Ажардың көзін ашып, оған сол маңдағы құдықты көрсетті. Ажар сонда барып, месті суға толтырып алып, баланың шөлін қандырды.
20Құдай балаға жар болып, қамқорлығына алды. Ол өсіп, айдаланы мекендеп, мерген садақшы болды. 21Сонымен Ысмағұл Синай түбегіндегі Паран атты елсіз далада тұрды. Анасы оған Мысыр елінен#21:21 Яғни Ажардың өз туған елінен (16:1). әйел алып берді.
Ыбырайымның філістір патшасымен жасасқан келісімі
22Осы кезеңде (філістір патшасы) Әбумәлік#21:22 20:2,14; 26:26. қолбасшысы Пихолды ертіп келіп, Ыбырайымға:
— Не істесеңіз де, барлық жағдайда Құдай сізге жар. 23Сондықтан мені де, ұлдарым мен немерелерімді де алдамаймын деп Құдай алдында ант беріңіз. Мен сізге қалай жақсы қарасам, сіз маған да, өзіңіз жат жұрттық болып тұрып жатқан#21:23 Немесе: өзіңіз қонақ болып тұрып жатқан. Яки: уақытша көшіп-қонып жүрген (20:1; 21:34). елге де жақсы қарайтын болыңыз, — деп ұсыныс жасады. 24Ыбырайым:
— Жарайды, ант беремін, — деп келісті. 25Бұдан кейін ол Әбумәліктің құлдары күшпен тартып алған құдық туралы сөз қозғап, наразылығын білдірді. 26Әбумәлік оған:
— Мұны кім істегенін білмеймін. Бұл туралы сіз ешқашан айтпадыңыз. Бүгінге дейін мен ештеңе де естіген жоқпын, — деп жауап қайырды.
27Ыбырайым бірқатар малдарын алып, оларды Әбумәлікке сыйға тартты. Содан олар бір-бірімен келісім жасасты. 28Ыбырайым тағы да жеті ұрғашы қозыны бөлектеп қойды. 29Сонда Әбумәлік Ыбырайымға:
— Сіз бөлектеп қойған жеті қозы нені білдіреді? — деген сұрақ қойды. 30Ол:
— Жеті қозыны сіз менің қолымнан қабылдай ала көріңіз. Олар бұл құдықты өзімнің қазғандығымның айғағы болсын, — деп жауап берді.
31Осылай бұл жер Бер-Шеба (яғни «Ант құдығы») деп аталды. Себебі осы екі адам сонда бір-біріне ант беріскен еді.
32Бер-Шебада келісім жасалып біткен соң, Әбумәлік пен оның қолбасшысы Пихол філістір еліне қайтып кетті. 33Ыбырайым Бер-Шебада жыңғыл ағашын екті. Сол жерде ол мәңгі тірі Құдай — Жаратқан Иеге сиынып ғибадат етті.#21:33 Яки: Жаратқан Иенің атын атап Оған дауыстап мінажат етті (4:26). 34Бұдан кейін Ыбырайым філістірлердің мекендеген жерінде ұзақ уақыт бойы жат жұрттық ретінде көшіп-қонып жүрді.
Actualmente seleccionado:
Жаратылыстың баст. 21: КК 2010
Destacar
Compartir
Copiar
¿Quieres tener guardados todos tus destacados en todos tus dispositivos? Regístrate o inicia sesión
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.