Жаратылыстың баст. 29
29
Жақыптың нағашы ағасына келуі
1Жақып сапарын әрі қарай жалғастырып, шығыс еліне жетті. 2Сол жерде ол далада тұрған бір құдықты көрді. Оның қасында үш отар қой жатты, шопандар малдарын содан суарады екен. Құдықтың аузы алып таспен бекітілген еді. 3Барлық отарлар жиналғаннан кейін малшылар тасты аударып тастап, малдарын суарып, болған соң құдық аузын қайтадан бекітіп қоятын.
4Жақып малшылардан:
— Ағайындар, қай жерліксіңдер? — деп сұрады.
— Хараннанбыз.
5— Нахор ұлы Лабанды білесіңдер ме?
— Иә, білеміз.
6— Оның хал-жағдайы жақсы ма?
— Жақсы. Міне, оның қызы Рахила#29:6 Яки: Рахел (яғни «Саулық»). қойларын айдап келе жатыр. 7Жақып:
— Күн әлі ерте, малды жинайтын уақыт болған жоқ. Қойларды суарып, өріске шығарыңдар, — дегенде, 8малшылар:
— Барлық мал жиналып, құдық аузындағы тас алынып тасталғанша, олай істей алмаймыз. Тек содан кейін ғана малды суарамыз, — деп жауап берді.
9Олар сөйлесіп тұрғанда, Рахила әкесінің ұсақ малдарымен құдық басына келді. Себебі ол да мал бағатын. 10Жақып нағашысы Лабанның қызы Рахиланы және оның қойларын көрісімен, құдық аузындағы тасты аударып тастап, малдарын суарып берді. 11Сонан соң Рахиланың бетінен сүйіп, дауыстап жылап, 12өзін: «Әкеңнің жиені, Рабиғаның ұлымын», — деп таныстырды. Қыз әкесіне жүгіріп барып, болған жайтты айтып берді. 13Лабан қарындасының ұлы Жақып туралы ести сала, алдынан шықты. Оны құшақтап бауырына қысып, бетінен сүйіп, үйіне алып барды. Жақып Лабанға өзінің неге келгені жайлы әңгімелеп берді. 14Сонда Лабан: «Сен қандас бауырымсың», — деп, оған құшағын жайды.
Жақыптың үйлену тарихы
Жақып нағашысының қасында бір ай болғаннан кейін, 15Лабан оған тіл қатып:
— Сен туысым болғандықтан маған тегін қызмет етуге тиіссің бе? Жоқ, қызметің үшін менен не қалайсың, соны айтшы, — деді.
16Лабанның екі қызы бар болатын, үлкенінің аты Лия, кішісінің аты Рахила еді. 17Лия көзінде оты жоқ, тартымсыз, ал Рахила сұлу, дене бітімі әдемі болатын. 18Жақып Рахиланы ұнатып қалып, Лабанға:
— Мен сізге кіші қызыңыз Рахила үшін жеті жыл қызмет етуге әзірмін, — деп жауап қайтарды. 19Лабан:
— Оны бөтен біреуге ұзатқанша саған бергенім артық. Менің қасымда қал, — деп келісті. 20Осылай Жақып Рахила үшін жеті жыл қызмет етті. Ол Рахиланы өте жақсы көргендіктен бұл жылдар бірнеше күндей зымырап өте шықты.
21Уақыты жеткенде Жақып Лабаннан: «Келісілген мерзім аяқталды. Маған қалыңдығымды беріңіз, үйленгім келеді», — деп рұқсат сұрады.
22Сонда Лабан ауыл адамдарын түгел шақырып, үлкен той жасады. 23Ал кеш түсе Лабан Жақыпқа үлкен қызы Лияны жетектеп апарып берді.#29:23 Сол заманғы той дәстүріне сай қалыңдықтың беті ашылмай, жабулы пердесімен түнді өткізетін бөлмеге жетектеп апарылатын. Жақып түнде сонымен бірге болып шықты. 24Лабан күңі Зилпаны Лияға жеке қызметшісі етіп берді.
25Таң атқанда, міне ғажап, қалыңдық Лия болып шықты! Жақып Лабанға:
— Бұл не істегеніңіз? Сізге Рахиланы алу үшін қызмет еттім емес пе? Мені неге алдадыңыз? — деп ашуланды. 26Лабан оған:
— Бізде үлкені тұрғанда кіші қызын ұзатпайды. 27Бір жұма бойы үйлену тойын осы қалыңдығыңмен өткіз, содан кейін мен саған кішісін де беремін. Ол үшін тағы да жеті жыл қызмет етесің, — деген шешімін айтты.
28Жақып бұған келісіп, бір апта бойы тойды Лиямен өткізді. Мұнан соң Лабан оған кіші қызы Рахиланы да қосты. 29Рахилаға жеке қызметшісі етіп күңі Балханы берді. 30Жақып Рахиламен де бірге болып, оны Лиядан гөрі артық ұнатты. Бұдан кейін ол Лабанның қол астында тағы да жеті жыл қызмет етті.
Жақыптың балалары
31Жаратқан Ие Жақыптың Лияны ұнатпайтынын көрген соң, оған балалы болу қабілетін сыйлады. Ал Рахила бедеу болатын. 32Сонымен Лия жүкті болып, ұл туды. Ол: «Шеккен жәбіріме Жаратқан Ие қарады. Енді күйеуім мені жақсы көретін болады», — деп, баласына Рубен («Қара, бір ұл!»)#29:32 Бұл есім түпнұсқадағы «Жәбіріме қарады» деген сөз тіркесіне ұқсас дыбысталады. деген ат қойды.
33Кейін Лия тағы да ұл тапқанда: «Жаратқан Ие менің (күйеуіме) ұнамсыз екенімді естіп, маған мына ұлды да сыйлады», — деп, оған Шимон (яғни «Естіп тұрған») деген есім берді.
34Тағы бір ұл туған соң Лия: «Енді күйеуім маған берік қосылатын болды, себебі мен оған үш ұл туып бердім», — деді. Сондықтан бала Леуі («Берік қосылған»#29:34 Яки: «Жабысқан».) деп аталды.
35Мұнан соң да Лия құрсақ көтеріп, ұл тапқанда: «Енді Жаратқан Иені мадақтай беремін», — деп, ұлын Яһуда («Мадақтау») деп атады. Содан кейінгі жылдары ол бала көтермеді.
Actualmente seleccionado:
Жаратылыстың баст. 29: КК 2010
Destacar
Compartir
Copiar
¿Quieres tener guardados todos tus destacados en todos tus dispositivos? Regístrate o inicia sesión
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: