1
Жохан 5:24
Киелі кітап
Сендерге тағы бір маңызды шындықты айтайын: кімде-кім айтқан сөздеріме құлақ асып, Мені Жібергенге сенсе, сол мәңгілік өмірге ие. Ол қиямет сотына тартылмайды, керісінше, рухани өлімнен шынайы өмірге өтті.
Összehasonlít
Fedezd fel: Жохан 5:24
2
Жохан 5:6
Иса оның жатқанын көріп, көптен ауру екенін білді. Содан Ол сол адамға: — Сауыққың келе ме? — деп тіл қатты.
Fedezd fel: Жохан 5:6
3
Жохан 5:39-40
Рас, сендер Киелі жазбаларды зерттеп, солар арқылы мәңгілік өмірге ие боламыз деп ойлайсыңдар. Ал олар Мен туралы куәлік етеді ғой! Алайда сендер шынайы өмірге ие болу үшін Маған келуден бас тартасыңдар.
Fedezd fel: Жохан 5:39-40
4
Жохан 5:8-9
— Орныңнан тұрып, төсенішіңді жинап ал да, жүре бер, — деді. Әлгі кісі сол сәтте-ақ ауруынан сауығып, төсенішін жинап алды да, жүріп кетті! Бұл оқиға (яһудилердің демалысы) сенбі күні болған еді.
Fedezd fel: Жохан 5:8-9
5
Жохан 5:19
Иса оларға былай деп жауап берді: — Сендерге өте маңызды шындықты айтамын: Әкесінің істегенін көрмесе, Оның рухани Ұлы өздігінен ештеңе істей алмайды. Өйткені Әкесінің жасап жатқанын Ол да дәл солай жасайды.
Fedezd fel: Жохан 5:19
Kezdőoldal
Biblia
Olvasótervek
Videók