Елшіл. істері 1

1
Арнау және кіріспе
1Қымбатты Теофил!
Бірінші кітабымда#1:1 Яғни «Лұқа жазған Ізгі хабарда» (Лұқ 1:1-4). мен Исаның қызметіне кіріскен уақытынан бастап, 2көкке көтерілген күніне дейінгі аралықта не істеп, не үйреткені туралы түгел баяндадым. Ол көкке көтеріліп кетпес бұрын Өзінің таңдап алған елшілеріне#1:2 1:13; Лұқ 6:12-16. Киелі Рухтың жетелеуімен нұсқауларын берді. 3Иса азапталып өлгеннен кейін оларға көптеген сенімді дәлелдер арқылы Өзінің тірі екенін ашық көрсетті: қырық күн бойы Ол елшілеріне көрініп, Құдайдың Патшалығы туралы тәлім беріп жүрді.
Исаның шәкірттеріне Құдай Рухының күшімен Өзіне куә болуды тапсыруы
4Бірде Иса елшілерімен дастарқан басында жиналған кезде оларға былай деп бұйырды:
— Иерусалимнен кетпей, Әкенің өз уәдесін орындауын тосыңдар! Мен сендерге сол туралы айтқан едім ғой. 5Жақияның шомылдыру рәсімі сумен болатын, ал енді біраз күнде сендер Киелі Рухпен шомылдырыласыңдар.#1:5 Яки: Киелі Рухқа кенелесіңдер (2:2-4; 11:16; Лұқ 3:16).6Сондықтан елшілер Исаның қасында болғанда Одан:
— Иеміз, Исраил елінің патшалығын осы кезде қайта орнатасыз ба? — деп сұрады. 7Иса оларға былай деп жауап қайтарды:
— Әкем өз еркімен белгілеп қойған мерзімдер мен кездерді білу сендерге бұйырмаған. 8Бірақ Киелі Рух өздеріңе қонғанда Оның құдіретін қабылдайсыңдар. Содан сендер Иерусалимде, бүкіл Яһудея мен Самария аймақтарында және жердің шетіне дейін Маған куә боласыңдар.#1:8 Лұқ 24:46-49.
Исаның көкке көтерілуі әрі Оның қайта оралуы жайлы берілген уәде
9Иса осылай деді де, олардың көзінше жоғары көтеріліп кетіп, бір бұлт Оны көзден таса қылды.#1:9 Лұқ 24:51; Мар 16:19. 10Олар аспанға қадала қарап тұрған кезде, кенеттен ақ киімді екі жігіт#1:10 Лұқ 24:4-7. қастарында пайда болды да, оларға тіл қатып: 11«Уа, ғалилеялықтар! Неменеге бұл жерде аспанға қарап тұрсыңдар? Жаңа қастарыңнан көкке көтеріліп, Құдай қабылдаған Иса көз алдарыңнан көкке қалай кетсе, тура солай қайтып келеді», — деді.
Сенушілер қауымының Құдайға сиынып, Матияның елшілікке тағайындалуы
12Содан кейін елшілер бір шақырым жердегі#1:12 Яки: (парызшылдардың ережелеріне сай) демалыс күні жүруге болатын қашықтықтағы (Мыс 16:29; Рул 35:5; Еш 3:4). Зәйтүн тауы деген төбеден Иерусалимге қайта оралды. 13Қалаға кіргеннен кейін олар өздері қонып жүрген жоғарғы бөлмеге көтерілді. Бұлар Петір мен Жохан, Жақып пен Әндір, Філіп пен Тома, Барталмай мен Матай, Әлпей ұлы Жақып пен Діншіл#1:13 Лұқ 6:15. Шимон және Жақып ұлы Яһуда болатын. 14Олар бірнеше әйелдермен, Исаның шешесі Мәриям және Оның інілерімен#1:14 Мат 13:46,55. бірге ниеттес көңілмен осы жерде ұдайы Құдайға сиынып мінажат ететін.
15Сол күндердің бірінде Петір жиналған жүз жиырмадай бауырластарының ортасында тұрып, былай деді:
16— Бауырлар! Исаны тұтқындағандарға жол көрсетуші болған Яһуда туралы Киелі жазбалардағы сөз орындалуға тиісті еді. Киелі Рух мұны ежелде Дәуіт пайғамбар арқылы алдын ала айтқан болатын. 17Яһуда да біз сияқты елші болып, қызметке бірге тағайындалған еді. 18Бірақ ол қылмыс жасап, соның ақысына бір танап жер сатып алды; кейін сол жерінде етпетінен құлап, қарны жарылып, ішектері ақтарылып, өлді. — 19Бұл оқиға Иерусалим тұрғындарының бәріне мәлім болды. Сондықтан олар сатып алынған осы жерді өз тілдерінде «Хакелдама», яғни «Қанды танап», деп атады.
20Ал Забур жырларында мына тәрізді сөздер жазылған: «Тұрған мекені қаңырап бос қалсын, сонда тұратын ешкім де болмасын!» және «Міндетін оның басқа біреу алсын!»#1:20 Жыр 68:26; 108:8.
21Сондықтан Иеміз Исаның қайта тірілгеніне куә болып жүрген бізге тағы бір кісі қосылуға тиісті. Бұл — Иеміз бізбен бірге тұрған кезде әрдайым қасымызда жүрген, 22атап айтқанда, Жақия пайғамбар адамдарды теріс жолдан қайтуға шақырып, шомылдыру рәсімінен өткізген кезден бастап, Иса бізден кетіп, Оны көкте Құдай қабылдап алған мезгілге#1:22 1:9-11. дейін бізбен бірге болған азаматтардың біреуі болуы керек.
23Сонымен олар екі жігітті: қосымша аты Иуст Барсаба болған Жүсіпті және Матияны ұсынып, 24былай деп Құдайға сиынды: «Уа, Жаратқан Ие, Сен барлық адамдардың көңіліндегісін білесің. Сен осы елшілік қызметті мойнына алуға мына екеуінің қайсысын таңдап алғаныңды білдіре көрші. 25Себебі Яһуда бұл қызметтен безіп, өзіне лайықты жеріне кетті».
26Олар екеуіне жеребе салғанда, жеребе Матияға түсті. Осылайша ол он бір елшінің қатарына қосылды.

Märk

Dela

Kopiera

None

Vill du ha dina höjdpunkter sparade på alla dina enheter? Registrera dig eller logga in