Жохан 15

15
Жүзім бұтасы мен сабақтары туралы астарлы әңгіме
1— Мен «шынайы жүзім бұтасымын», ал көктегі Әкем#15:1 Яки: ал Әкем (1:14). «жүзім өсіруші». 2Маған ілінген, бірақ рухани жеміс бермейтін әр «сабақты»#15:2 Яки: әр «бұтақты». (Бұл жерде жүзім бұтасы, сабағы, жемісі т.с.с. сөздер ауыспалы мағынада қолданылады: Иш 5:1-7.) Әкем кесіп тастайды, ал өнім беретіндерін молырақ берсін деп тазартады. 3Сол сияқты сендер де Менің өздеріңе айтқан сөздеріме сеніп, рухани таза болдыңдар. 4Менімен тығыз байланыста тұрыңдар, сонда Мен өздеріңмен тығыз байланыста тұрамын.#15:4 Яки: Менде бола беріңдер, Мен де өздеріңде бола беремін (6:56; 14:20; 15:5-7; Жох1 2:24; 3:24; 4:15). Сабақ өздігінен емес, тек бұтасымен байланыста тұрса ғана жеміс бере алады. Сол секілді сендер де Менімен тығыз байланыста тұрмасаңдар, рухани өнім бере алмайсыңдар.
5Мен «бұтамын», ал сендер «сабақтарымсыңдар». Менімен тығыз байланыстағылармен Өзім де тығыз байланыста тұрамын, сонда олар мол өнім бермек. Ал Менен бөлініп сендер ешбір игілік істей алмайсыңдар. 6Кім Менімен байланыста тұрмаса, сол кесіліп тасталған сабақтар іспетті «сыртқа лақтырылып, кеуіп қалады». Кепкен сабақтар кейін жиналып, отқа жағылып, жанып кетеді.#15:6 15:2; Лұқ 3:9; 13:6-9. 7Ал егер сендер Менімен тығыз байланыста тұрсаңдар, әрі Менің сөздерім өздеріңмен бірге болса, қалағандарыңның бәрін көктегі Әкемнен сұраңдар, сонда аласыңдар.#15:7 14:13-14; 15:16; 16:23-24; Мат 7:7-8,11. 8Егер мол жеміс берсеңдер, Менің шәкірттерім боласыңдар. Сол арқылы Әкемнің ұлылығы анық көрінеді.
9Әкем Мені қалай сүйсе, Мен де сендерді солай сүйемін. Сүйіспеншілігімді қабылдай беріңдер! 10Менің Әкемнің өсиеттерін орындап, сүйіспеншілігін қабылдап жүргенімдей, сендер де Менің өсиеттерімді орындасаңдар, сүйіспеншілігімді қабылдап жүресіңдер. 11Бұларды Менің көретін қуанышым сендердікі де болсын, әрі қуаныштарың мейлінше толық болсын#15:11 3:29; 16:22,24; 17:13; Флп 4:4. деп өздеріңе айттым.
12Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді Менің өздеріңді сүйгенімдей сүйіңдер! 13Адамның достарына көрсететін ең зор сүйіспеншілігі — олар үшін өмірін құрбан етуі.#15:13 10:11,17-18; Жох1 3:16. 14Егер Менің тапсырғандарымды орындасаңдар, Маған доссыңдар. 15Сендерді бұдан былай құл демеймін, құл иесінің не істеп жүргенін білмейді. Қайта, сендерді достарым деп атадым, өйткені Әкемнен естігендерімнің бәрін сендерге білдірдім. 16Сендер Мені таңдап алған жоқсыңдар, қайта, Мен сендерді таңдап алдым: өздерің барып, рухани жеміс берсін, сол жемістерің тұрақты болсын деп тағайындадым. Сонда Менің атымнан#15:16 Яки: Менің еркіме бағынып (15:6; 14:13-14). не сұрасаңдар, Әкем соның бәрін де береді. 17Сендерге айтатын өсиетім мынау: бір-біріңді сүйіңдер!
Күнәкар дүниенің өшпенділігі
18Күнәкар дүние#15:18 Яки: Құдайға мойынсұнбаған адамдар (14:17,19). сендерді жек көрсе, оның сендерден бұрын Мені жек көргенін біліңдер. 19Егер де осы дүниелік болсаңдар, ол сендерді өз адамдары ретінде жақсы көрер еді. Бірақ осы дүниелік емессіңдер, керісінше, Мен сендерді күнәкар дүниенің ішінен таңдап, айырып алдым. Сондықтан да ол сендерді жек көреді. 20Мына айтқан сөзім естеріңде болсын: «қызметшінің жолы қожайынынан үлкен емес».#15:20 13:15-16; Мат 10:24. Күнәкарлар Мені қудаласа, сендерді де қудалайды. Олар Менің сөзімді ұстанды ма, жоқ, ендеше сендердің сөздеріңді де ұстанбайтын болады. 21Осының бәрін Менің атымды мойындағандарың үшін сендерге істейді. Себебі олар Мені Жібергенді#15:21 Яки: Мені жіберген көктегі Әкемді (1:14; 5:36-37). танымайды.
22Мен дүниеге келіп, оларға сөйлемесем, онда олар айыпты болмас еді. Ал енді кінәларына еш сылтау жоқ. 23Мені жек көргендер сол арқылы Әкемді де жек көреді. 24Егер Мен басқа ешкім жасамаған кереметтерімді араларында жасамаған болсам, олар айыпты болмас еді. Бірақ олар кереметтерімді көргенмен, Өзімді де, Әкемді де жек көреді. 25Алайда солар қадірлейміз дейтін Киелі жазбаларда мынадай сөздер жазылған: Олар Мені себепсіз жек көреді.#15:25 Жыр 68:5. Бұл сөз осылайша іске асады.
26Мен сендерге Әкемнен бір Қамқоршыны жіберемін: сендерге шындықты білдіретін сол Киелі Рух Әкемнен келіп, Мен туралы куәлік береді.#15:26 14:17; 16:7; Жох1 5:6-7. 27Сендер де куәлік бересіңдер, себебі қызметімнің басынан бастап қасымда болып келесіңдер.

Märk

Dela

Kopiera

None

Vill du ha dina höjdpunkter sparade på alla dina enheter? Registrera dig eller logga in