Осыдан кейін олар түсінде Иродқа қайтып баруға болмайтыны жайында аян алып, басқа жолмен өз елдеріне қайтып кетті.
Олар кетісімен, Жаратқан Иенің періштесі Жүсіпке түсінде келіп: «Нәресте мен Оның анасын алып, Мысырға бар. Мен айтатын кезге дейін сонда бол, себебі Ирод баланы құртпақ болып дайындалып, іздеп жатыр, тұр», - деді.