Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Жохан 12

12
1Сонымен, Иса Құтқарылу мейрамына алты күн қалған кезде Бетанияға келді. Сол ауылда Иса Өзі өлімнен қайта тірілткен Елазар да бар еді.
2Оларға қызмет көрсеткен Марта Оған кешкі асты сол жерде жасап берді, Исамен бірге дастарқан басында жайғасып, ас ішкендердің қатарында Елазар да болды.
3Сол кезде Мәриям таза нардтан жасалып, құтыда сақталған аса қымбат мүр майын Исаның аяғына жақты. Сосын Оның аяғын өзінің шашымен сүртіп шықты. Үйдің іші мүр майының аңқыған иісіне толып кетті.
4Исаға сатқындық жасауға дайындалып жүрген Оның шәкірттерінің бірі Иуда Исқариот:
5-Мына мүр майын үш жүз динарийге сатып, оны неге кедейлерге таратып бермеске? - деді.
6Ол мұны кедейлердің қамын ойлағандықтан емес, ұры болғандықтан айтты. Себебі ол ақша салатын қобдишаны өзімен алып жүргенде, оған қол сұғып жүретін еді.
7-Оны мазалама, -деді Иса оған, -ол Менің денемді жерлейтін күнге дайындау үшін, оны арнайы сақтап келді.
8Кедейлер әрқашан өздеріңмен бірге ғой, ал Мен сендермен үнемі бірге бола бермеймін, - деді.
9Осы кезде көптеген яһудейлер Оның осында екенін біліп, сол жерге келді. Олар тек Исаның Өзін ғана емес, сонымен қатар, Ол өлімнен қайта тірілткен Елазарды да көрмек болды.
10Алайда бірінші бас қызметкерлер Елазарды да өлтірмек болып шешті,
11себебі оның өлімнен тірілгенін көрген көптеген яһудейлер Исаға сенген болатын.
12Келесі күні мейрамға келген көптеген халық Исаның да Иерусалимге келе жатқанын естіді.
13Олар Исаны қарсы алу үшін, қолдарына құрма (пальма) ағашының бұтақтарын ұстап, Оның алдынан шықты. Олар дауыстап: -Құтқара гөр! (Осанна!) Иеміздің атынан келген Исраилдің Патшасы жарылқансын! -деп жар сала айғайлады.
14Иса сол кезде бір тайқар есекті тауып алып, оған мініп алды. Осы уақыт Жазбада жазылғанмен сәйкес болды. Жазбада:
15-Қорықпа, Сионның қызы! Міне, тайқар есекке мінген Сенің Патшаң келе жатыр! - деп жазылған.
16Бірақ басында шәкірттері мұның мәнін толық түсінбеді. Тек кейін, Иса Өзінің даңқына бөленген сәттен соң, Жазбада жазылғанның дәл соған сәйкес орындалғанын естеріне түсірді.
17Сонымен қатар, Исаның Елазарды өлімнен қайта тірілтіп алғаны және Исаның оны қабірден шақырып, шығарып алған сәті, олармен сол жерде қалай бірге болғаны туралы оқиғаны бүге-шігесіне дейін жеткізген халықтың куәліктері де осыған дәлел болды.
18Сондықтан да халық Исаның жасаған осы ісі үшін, Оның алдынан шығып, қарсы алды, себебі Оның жасаған осы кереметтерін адамдар естіген еді.
19Фарисейлер (ызаланып) бір-біріне: -Ештеңенің де пайдасы тимеді, көріп тұрсыңдар ғой! Бүкіл әлем Оның соңынан еріп кетті! - деді.
20Мейрам кезінде табыну үшін сол жерге келгендердің арасында гректер де бар болатын.
21Олар Ғалилея өлкесіндегі Бетсайдадан келген Філіпке келіп: - Мырза, біз де Исаны көргіміз келеді, - деді.
22Філіп келіп, мұны Әндірге айтты. Әндір мен Філіп мұны Исаға айтты.
23Міне, осы кезде Иса оларға: -Адам Ұлының даңққа бөленетін уақыты келді, - деді.
24Сендерге шындықты тек шындықты айтамын: егер де жерге түскен бидайдың дәні өлмесе, оның тек бір өзі ғана қалады. Егер де ол өлсе, онда оның беретін жемісі көп болады.
25Кім осы әлемде жүріп, өз жанын жақсы көретін болса, оны жоғалтады, кім осы әлемде жүріп, өз жанын жеккөрсе, оны ол мәңгілік өмір үшін сақтап қалады.
26Егер де біреу Маған қызмет етемін десе, сол Менің соңымнан ерсін. Мен қайда болсам, Менің қызметшім де сонда болады. Егер де біреу Маған қызмет ететін болса, оны Әкем де құрметтейтін болады.
27Қазір Менің ішкі жан дүнием қатты толқып тұр. Сонымен, Мен не айтпақпын? «Әке, Мені осы бір сағаттан құтқара гөр!» -дейін бе? Алайда Менің осы әлемге келгендегі мақсатым осы уақытпен байланысты болып тұр ғой.
28-Әке, Өз атыңды даңққа бөлей берші! -деді. Сонда көктен: -Мен даңққа бөледім, тағы да бөлеймін! -деген дауыс естілді.
29Сонда жиналып тұрған халық: -Күн күркіреді, -десе, басқалары: - Оған періште сөйледі, - десіп жатты.
30Иса оларға: -Бұл дауыс Маған емес, сендерге арналған дауыс.
31Енді осы әлем сотталады! Осы сәттен бастап, осы әлемнің әміршісі сыртқа қуылады.
32Мен жерден жоғарыға тік көтеріліп қойылған кезде, барлығын Өз жағыма тартатын боламын, -деп жауап берді.
33Иса мұны Өзінің қандай өліммен өлуге дайындалып жүргенін меңзеп айтқан болатын.
34Сонда жиналған халық: -Біз естіген Заңда: «Мәсіх ғасырдан ғасырға өтіп, мәңгі бақи қалады», -делінген. Ал Сен не үшін Адамның Ұлы жоғары көтеріліп тұруы тиіс, -деп айтып тұрсың? Сол Адам Ұлы деп айтып тұрғаның кім Ол? - деді Исаға.
35Иса оларға: -Мына Жарық әлі де біраз уақыт сендермен бірге болады. Сендерді түнектің баспауы үшін, Жарық барда жүре тұрыңдар. Түнекте жүргендер қайда бара жатқандарын білмейді.
36Жарық бар кезде сол Жарыққа сеніңдер, сонда Жарықтың балалары боласыңдар, -деді. Иса осыны айтып, олардың арасынан көрінбей кетіп қалды.
37Сонымен, Иса олардың көз алдында қаншама кереметтерді көрсетсе де, олар Оған еш сенбеді.
38Алайда бұл жағдай Ишая пайғамбардың алдына ала айтып кеткен мына сөздерінің орындалуы үшін болды. Онда: «Ием, бізден естігенге кім сенеді? Иеміз құшағын кімге айқара ашып тұр?» - делінген.
39Міне, осы үшін де олар сене алмады, өйткені Ишая былай дейді:
40«Олардың көздерін соқыр етті және жүректерін тастай қатайтты, сондықтан олардың көздері көрмейді, жүректері түсінбейді. Егер де олар Маған бет бұрса, Мен оларды сауықтырар едім».
41Ишая сол кезде Оның даңқын көрген болатын, сондықтан да ол осылай айтқан еді.
42Дегенмен, көптеген басшылар Оған сеніп те үлгерді, бірақ өздерін фарисейлер синагогадан шығарып жібермесін деген оймен, олар фарисейлердің алдында оны мойындаған жоқ.
43Себебі олар Құдайдан келетін даңқтан гөрі, адамдардан келетін даңқты жақсы көрді.
44Сондықтан Иса дауыстап: -Кім Маған сенсе, сол Маған ғана емес, Мені Жібергенге де сенеді.
45Кім Мені көрсе, ол Мені Жібергенді де көреді.
46Мен-осы әлемге келген Жарықпын, Маған сенген әркім түнекте қалмайды.
47Егер біреу Менің сөзімді естіп, алайда оны сақтай алмаса, Мен оны соттамаймын. Мен осы әлемді соттау үшін емес, керісінше, Мен құтқару үшін келдім.
48Менен бас тартқанға және Менің сөздерімді қабылдамағанға соттың шығарған үкімі бар. Менің осы айтқан сөздерім оны ақырғы күні соттайтын болады.
49Мен Өз атымнан еш нәрсе айтқан жоқпын, Менің айтқандарымда, жариялап жеткізгендерімде Мені жіберген Әкемнің Маған берген өсиеті болған.
50Оның сол өсиеттерінде мәңгілік өмір бар екенін Мен білемін. Сондықтан Әкем Маған қалай айт десе, Мен солай айтып жеткіздім, - деді.

Избрани в момента:

Жохан 12: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте