Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Лұқа 10

10
1Осыдан кейін Иеміз Өзінің көз алдында жүрген басқа да шәкірттерінің арасынан жетпіс екісін таңдап алып, оларды Өзі алдын ала барамын деп дайындалып жүрген қалалар мен елді мекендерге екі-екіден жіберіп тұрып:
2-Орып алатын егін өте көп, ал соны оратын жұмыскерлер аз, сондықтан егіннің Иесінен сол егінді орып алатын Өзінің жұмыскерлерін жіберуін жалынып сұраңдар, -деді оларға.
3-Мен сендерді қасқырлардың ортасына жіберілген тоқтылар сияқты жіберіп тұрмын, енді барыңдар!
4Жолға шыққанда ақша салатын әмиян, не дорба, не артық аяқ киім де алмаңдар және жол-жөнекей ешкіммен амандасушы болмаңдар.
5Егер бір үйге кіретін болсаңдар, ең алдымен: «Осы үйге тыныштық келсін!» - деп айтыңдар.
6Егер де сонда тұратын адам сол тыныштықты қабылдап жатса, сендердегі тыныштық оған келіп қонады, егер ол қабылдамайтын болса, онда ол өздеріңе қайтып келеді.
7Тек сондай үйде қалыңдар, себебі жұмыскер өз ақысын алуға лайықты, сондықтан олар не ұсынса, соны ішіпжеңдер. Бір үйден екінші үйге көшіп-қонып жүруші болмаңдар.
8Егер сендер қалаға кірген кезде, сендерді қабылдап, өздеріңе не ұсынатын болса, соны ішіп-жеп,
9сол жердегі ауруларды сауықтырып, оларға: «Сендерге Құдай патшалығы жақындап келді!» - деп айтыңдар.
10Егер сендер қандай да бір қалаға кіріп келе жатқанда, сендерді қабылдамаса, онда олардың көшелеріне шығып:
11«Міне, мынау сендердің қалаларыңның біздің аяғымызға жабысқан шаңы болатын, енді біз оны қағып тастап, оны өздеріңе қалдырып кетеміз, дегенмен, сендер мынаны білуге тиіссіңдер: Құдай Патшалығы жақындап қалды!» - деп айтыңдар.
12Сендерге айтарым, Содом мен Ғамора қаласының басына түскен күн осы қалаға қарағанда әлдеқайда жеңілірек болады.
13-Қасірет саған, Хоразин! Қасірет саған, Бетсайда! Өйткені сендерде көрсетілген құдіретті күш Тир мен Сидонда көрсетілген болса, онда олар баяғыда үстеріне азалы киімдерін киіп алып, күлге отырып, ендігі тәубеге келер еді.
14Алайда сендерге қарағанда сол Содом мен Ғомораға сот кезінде жеңілірек болады.
15Ал сен Қапарнаум, көкке дейін көтерілем дейсің бе? Сен төмендегі тозаққа түсесің.
16Кім сендерді тыңдаса, Мені тыңдағаны, кім сендерден бас тартса, Менен бас тартқаны, ал Менен бас тартқаны Мені жібергеннен бас тартып тұр, -деп оларды елшілік сапарға жіберді.
17Жетпіс екі шәкірті қайтып оралған соң, олар өз қуаныштарымен бөлісіп: -Ием, Сенің есімің айтылған кезде, бізге жындар да бағынатын болып жүр! - деді.
18Сонда Иса оларға: -Мен найзағай секілді сайтанның көктен құлап түскенін көрдім!
19Міне, Мен сендерге жыландар мен шаяндардың және жаудың барлық күштерінің үстінен таптап басатын билікті беріп тұрмын, сондықтан сендерге еш нәрсе де зиян тигізе алмайды.
20Алайда сол рухтардың өздеріңе бағынғанына емес, одан да есімдеріңнің Көкте жазылғанына қуаныңдар, - деді.
21Дәл сол сәтте Иса Киелі Рухпен шаттана: -Көк пен жердің жаратушысы Әке, Сенің сүйіспеншілігіңе ризамын, өйткені Сен өзін ақылды және дана санайтындардан осы нәрсені жасырып, оны тек сәбилер секілді білімсіз адамдарға ашып бердің! Иә, Әке, өйткені Сенің ізгі ниетіңнің қалауы осы болатын!
22Маған бәрі де Менің Әкемнен берілген, себебі Ұлының Кім екенін тек Әкеден басқа ешкім білмейді. Әкесінің Кім екенін Ұлы білетін болғандықтан, Ұлының қалауынсыз ешкімге еш нәрсе ашылмайды, - деді.
23Иса шәкірттеріне бұрылып, тек оларға арнап: -Осыны көздерімен көріп тұрғандар бақытты! - деді.
24Сондықтан сендерге айтарым: сендердің осы көріп тұрғандарыңды пайғамбарлар мен патшалардың көпшілігі көргісі келген, алайда олар осыны қанша көргілері келсе де, көре алмады және естігілері келсе де, ести алмады.
25Сол кезде Исаны сынамақ болған бір заңшыл адам: -Ұстаз, мәңгілік өмірді мұра ету үшін маған не істеу қажет? - деп сұрады Одан. Сонда Иса оған:
26- Заңда не жазылған? Оны қалай түсінесің? - деді.
27Ол былай деп жауап берді: -«Өзіңнің Құдай Иеңді шын жүрегіңмен, бүкіл жан дүниеңмен және барлық күшқуатыңмен, бар ақыл-ойыңмен сүй» және «Өзіңді қалай сүйсең, жақыныңды да солай сүй».
28-Сен дұрыс жауап бердің, солай істе, сонда өмір сүресің, - деді оған Иса.
29Бірақ ол өзін-өзі ақтағысы келіп: -Сонда менің жақыным кім? - деп сұрады Исадан.
30Осы қойылған сұраққа сай Иса мына бір оқиғаны айтып берді: -Бір адам Иерусалимнен Иерихонға жол жүріп бара жатып, жолда қарақшылардың қолына түсіп қалады, олар оны шешіндіріп, өлімші етіп ұрып-соғып, тастап кетеді.
31Сол жолмен бір қызметкер кездейсоқ өтіп бара жатты, ол әлгі адамды көреді де, жолдың келесі жағына өтіп, өз жөнімен кете береді.
32Дәл солай сол жолмен өтіп бара жатқан леуілік те оны көреді, ол да жолдың басқа жағына өтіп, өз жөнімен кете береді.
33Бір самариялық адам ел аралап жүріп, сол жерге келген кезде, әлгі жатқан адамды көріп, оған жаны ашып, қасына барады.
34Майы мен шарабын алып, оның жараларына жағып, таңып байлайды. Оны есегіне отырғызып, қонақ үйге алып келеді де, оған тағы қамқорлығын көрсетеді.
35Ал келесі күні ол екі күміс ақшасын шығарып, қонақ үйдің қожайынына береді де: «Мына адамды қамқорлығыңа ала тұр, егер де шығарған шығындарың бұдан артық болып жатса, мен қайтар жолда сол шыққан шығыныңды саған қайтарып беремін», - дейді.
36Қарақшылардың қолына түскен адамға осы үшеуінің қайсысы жақын болады? Қалай ойлайсың? - деді.
37Сонда әлгі заңшыл адам -Оған мейірімді болғаны, -деді. - Сен де солай істе, бар, - деді оған Иса.
38Содан кейін Иса шәкірттерімен бірге жүріп келе жатып, бір ауылға кірді. Сол жерде Марта есімді бір әйел Оны үйіне шақырып, оларға қонақжайлылық танытады.
39Сол әйелдің Мәриям атты сіңлісі бар еді. Ол Иеміздің аяқ жағына отырып алып, Оның сөздерін тыңдады.
40Ал Марта болса, көпшіліктің қамын ойлап, оларға қызмет етіп жүрді. Бір кезде олардың қастарына келіп: -Ием, сіңлімнің мені жалғыз қалдырып, жұмысқа салып қойғаны Сені мазаламай ма? Ол маған көмектессін, оған соны айтшы! - деді.
41Сонда Иеміз оған: -Марта, Марта, әр нәрсенің қамын жеп, көп мазасызданып кеттің,
42маңыздысы -бір-ақ нәрсе. Мәриям болса, ешкім одан тартып ала алмайтын игіліктің маңызды бөлігін таңдап алды, - деп жауап берді.

Избрани в момента:

Лұқа 10: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте