Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 14

14
1Сол уақытта аймақтың төртінші бөлігін билеп тұрған Ирод Иса жайында естіп,
2өзінің қызметкерлеріне: -Бұл-суға батырып шомылдырушы Жақия, ол өлімнен қайта тірілгендіктен, оның бойында осындай құдіретті күштер әрекет етуде, -деді.
3Ирод өзінің бауыры Філіптің әйелі Иродияға бола Жақияны тұтқындап, байлап, зынданға тастаған болатын.
4Өйткені Жақия оған: -Саған оны әйелдікке алуға болмайды, - деген еді.
5Сол үшін Ирод Жақияны өлтіргісі келді, алайда оны пайғамбар деп санайтын халықтан қорықты.
6Иродтың туған күнін тойлаған кезде, Иродияның қызы қонақтардың алдында би билеп, оның көңілінен шыққандықтан,
7қыз нені қаласа, соны беруге Ирод уәде береді.
8Ал қыз шешесінің үйреткені бойынша: -Суға батырып шомылдырушы Жақияның басын табаққа салып, осында, маған, әкеліп беріңіз, - деді.
9Патша бұған қатты қапаланды, алайда дастарқан басында жантайып жатқан қонақтарының көзінше уәде бергендіктен, қыздың қалауын орындауға бұйрық берді.
10Сонда оның адамдары абақтыдағы Жақияның басын алып,
11табаққа салып, қызға әкелді, қыз оны шешесіне апарып берді.
12Жақияның шәкірттері оның өлі денесін алып,жерлеген соң, Исаға келіп, хабар берді.
13Иса Жақия туралы естіген соң, өзімен-өзі жеке болу үшін, қайықпен елсіз жерге кетті. Қала төңірегіндегі халық Исаның қайда бет алғанын біліп, оның соңынан жаяу ілесті.
14Иса жағаға жеткен кезде көп халықты көріп, оларға жаны ашыды, әлсіз, ауру адамдарды сауықтырды.
15Кеш түскенде шәкірттері Исаға келіп: -Бұл жер елсіз дала және кеш те болды, халықты таратып жібер, олар ауылға барып, жейтін тамақтарын сатып алсын, - деді.
16Сонда Иса: -Оларға барудың қажеті жоқ, жейтін тамақты сендер беріңдер, - деді.
17-Бізде бес нан мен екі балықтан басқа ештеңе жоқ, -деді олар.
18- Маған соларды алып келіңдер, - деді Иса.
19Ол халыққа көк шөпке жайғасып отыра беруге бұйрық берген соң, бес нан мен екі балықты алып, көзін көкке қадап, тамаққа бата берді. Содан кейін нанды үзіп-үзіп шәкірттеріне берді, шәкірттері халыққа таратты.
20Барлығы жеп тойып алды әрі артылып қалғанын жинағанда, он екі себет болды.
21Сол жерде болған әйелдер мен балаларды қоспағанда, тамақ жегендердің саны бес мыңдай ер адам еді.
22Иса осыдан кейін шәкірттерін дереу қайыққа отыруға бұйырып, оларды Өзінен бұрын келесі жағаға жіберді, Өзі халықты таратып жібергенше сонда қалды.
23Халықты таратып жіберген соң, сиыну үшін тауға шықты. Кеш болды, Ол тауда жалғыз Өзі болды.
24Қайық жағадан алыстап кеткен болатын. Жел өте қатты болғандықтан, толқындар қайықты ұрғылап, жылжуын қиындатып жіберген еді.
25Түннің төртінші күзетінде Ол көлдің бетімен жүріп отырып, шәкірттеріне келді.
26Оның көлдің бетімен келе жатқанын көрген шәкірттері қатты сасқалақтап: -Бұл -елес! -деп қорыққандарынан айқай салды.
27Сол сәтте Иса: -Бұл -Мен, батыл болыңдар, қорықпаңдар, - деді оларға.
28-Ием, егер Бұл Сен болсаң, -деді Петр, -су бетімен Маған кел! - деп бұйыршы.
29-Кел! -деді Ол. Петір қайықтан түсіп, су бетімен Исаға қарай жүрді.
30Алайда қатты соққан желді көріп, қорқыныштан суға бата бастаған ол айғай салып: -Ием, мені құтқара гөр! -деді.
31Иса сол мезетте қолын созып, оны ұстап тұрып: -Неге күмәнданып, сеніміңді азайттың? - деді.
32Олар қайыққа мінгенде, жел тына қалды.
33Қайықта отырғандар Оған бастарын иіп, тағзым етіп: -Сен, шынында, Құдайдың Ұлысың! - деді.
34Олар көлдің келесі бетіне өтіп, Генесәрет жеріне жетті.
35Сол жердің тұрғындары Оны танып қойып, төңіректің бәріне хабар жіберіп, барлық ауру-сырқау адамдарын алып келді.
36Олар Оның сырт киімінің шетіне қолдарын тигізуге өтініш білдірді. Қолын тигізгендердің барлығы сауығып кетіп жатты.

Избрани в момента:

Матай 14: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте