Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 15

15
1Сол кезде Иерусалимнен фарисейлер мен Таурат заңын зерттеушілер келіп Исаға:
2-Сенің шәкірттерің неге ата-бабамыздан қалған дәстүрлерді бұзып жүр? Олар қолдарын жумай нан жейді, -деді.
3Иса оларға былай деп жауап берді: -Сендер неліктен өз дәстүрлеріңе бола Құдайдың өсиетін бұзасыңдар?
4Себебі Құдай: «Ата-анаңды құрметте, кім әкесіне немесе анасына тіл тигізгетін болса, сол өлім жазасына кесілсін», -дейді.
5Ал сендер әкесі мен анасына біреу: «Саған беруге тиіс көмегімді, сый-құрметімді Құдайға бағыштадым», - десе,
6онда сол адам өз ата -анасына көмектесіп, құрметтеуге міндетті емес деп айтасыңдар. Сендер өз дәстүрлеріңе бола Құдай сөзін жарамсыз етіп, жоққа шығарасыңдар.
7Әй, екіжүзділер! Ишая пайғамбар сендер жайлы мынадай пайғамбарлық сөзді дұрыс айтқан:
8«Бұл халық Мені аузымен ғана құрметтейді, ал жүректері Менен тым алыста.
9Маған деген құрметтері бекер, себебі олардың тәлімі адам ойынан шыққан ілімдерді өсиет ретінде ұстануға үйретеді».
10Содан кейін Иса адамдарды Өзіне шақырып: -Мынаны тыңдап алыңдар және түсінуге тырысыңдар:
11Адамды ауыздан кірген нәрсе арамдамайды, керісінше, ауыздан шыққан нәрсе арамдайды.
12Кейінірек шәкірттері Оған келіп: -Осы сөздіестігенде, фарисейлердің қатты ашуланғанын білдіңіз бе? - деді.
13Иса оларға: -Менің Көктегі Әкем екпеген әрбір өсімдік тамырымен жұлынып тасталынатын болады, -деп жауап берді.
14Олар тек соқырларды жетелейтін соқыр жетекші болғандықтан, өз жөніне қалдырыңдар. Соқырды соқыр жетелесе, екеуі де орға құлайды, - деді.
15Сонда Петір: -Бізге осы астарлы әңгіменің мәнін түсіндіріп беріңізші, - деді.
16Иса олардан: -Сендер әлі де түсінбей тұрсыңдар ма? -деп сұрады.
17Ауыздан кірген нәрселердің бәрі асқазан арқылы өтіп, содан кейін сыртқа шығатынын әлі де түсінбейсіңдер ме?
18Ауыздан шығатын нәрселердің бәрі жүректен шығады, адамды арамдайтын солар.
19Өйткені зұлым ойлар, кісі өлтіру, неке адалдығын бұзу, жыныстық азғындыққа салыну, ұрлық жасау, жалған куәлік беру, жала жабу-бәрі жүректен шығады.
20Міне, осылар адамды арамдайды. Қол жумай тамақтану адамды арамдамайды, - деп жауап берді.
21Иса сол жерден шығып, Тир мен Сидон маңына қарай кетті.
22Сонда бір қанахандық әйел айғайлап: -Ием, Дәуіттің Ұлы, маған рақым ете гөр! Менің қызымды жын қатты қысып жатыр, - деді.
23Иса оған бір де бір сөз айтпады. Сонда шәкірттері келіп Одан: -Оның тілегін орындап, жібере салшы, өйткені артымыздан қалмай, айғайлап келе жатыр, - деді.
24Сонда Иса әйелге: -Мен тек Исраилдің үйіндегі жоғалып кеткен қойларына ғана жіберілгенмін, - деді.
25Әлгі әйел Оған жақын келіп, басын иіп, тағзым етті де: - Ием, маған көмектесе гөр, - деді.
26-Балалардың нанын алып, оны иттерге тастаған дұрыс болмас, - деп жауап берді Иса.
27-Иә, Тақсыр, күшіктер де қожайындарының үстелінен түскен қоқымдарды жейді ғой, - деді әлгі әйел.
28-Иә, әйел, сенімің зор екен, сенің қалауың болсын, -деді Иса оған. Сол уақытта оның қызы сауығып кетті.
29Иса сол жерден шығып, Ғалилея көлін жағалай жүріп, тау басына шығып отырды.
30Адамдар өздерімен бірге ақсақтарды, соқырларды, мылқауларды, мүгедектерді және көптеген науқастарды сол жерге алып келіп, Оның аяқ жағына жайғастырды. Иса оларды сауықтырды.
31Сонда халық мылқаулардың сөйлегенін, мүгедектердің сауыққанын, ақсақтардың жүргенін, зағиптардың көздері ашылғанын көріп таңғалып, Исраилдің Құдайын мадақтады.
32Иса Өзінің шәкірттерін шақырып алып: -Мына халыққа жаным ашып тұр, өйткені олар үш күн бойы Менің қасымнан қалмай жүр және жейтін де ештеңелері жоқ, сондықтан жолда аштықтан әлсіреп қалмаулары үшін, оларды жібергім келмей тұр, - деді.
33-Мына айдалада, осы халықтың бәрін тамақтандыратын соншама нан бізде қайдан болсын? -деді шәкірттері Оған.
34-Сендерде неше нан бар? -деп сұрады Исаолардан. -Жеті нан мен бірнеше балық қана, -деп жауап берді олар.
35Иса халыққа жайғасып отыра беруге бұйрық берген соң,
36жеті нан мен балықты алып, алғыс айтты да, үзіп-үзіп шәкірттеріне берді, шәкірттері оларды халыққа таратып берді.
37Сөйтіп, бәрі де жеп тойып алды, олардан артылып қалғанын жинап алғанда, жеті себет толды.
38Сонымен, нан жегендердің саны сол жердегі әйелдер мен балаларды санамағанда, төрт мың ер адам болды.
39Иса содан кейін халықты таратып жіберді де, қайыққа отырып, Мағдала өлкесіне қарай кетті.

Избрани в момента:

Матай 15: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте