Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 16

16
1Фарисейлер мен саддукейлер Исаны сынау үшін келіп, Одан көктен келген бір белгіні көрсетуін өтінді.
2Сонда Иса оларға былай деп жауап берді: -Кешке қарай аспандағы күннің қызарып батқанын көріп:«Ауа райы жақсы болады», - дейсіңдер.
3Таң атқан кезде: «Бүгін жаңбыр болады, себебі аспан бұлыңғыр», -дейсіңдер. Сендер аспандағы белгілерді қалай ажырату керек екенін білсеңдер де, уақыттың белгілерін ажырата алмайсыңдар.
4Зұлым және азғын ұрпақ белгі іздейді, оған Жүністің кереметінен басқа белгі берілмейді, -деп оларды қалдырып кетіп қалды.
5Көлдің келесі бетіне өткен шәкірттері өздерімен бірге нан алуды ұмытып кеткен болатын.
6Сол кезде Иса оларға: -Фарисейлер мен саддукейлердің ашытқысынан сақ болыңдар, - деді.
7Алайда олар өздерімен бірге нан алмағандарын бір-біріне айтып отырды.
8Соны біле қойған Иса оларға: -Әй, сенімі аздар, неге сендер нандарыңның жоқтығын өзара талқыға салып отырсыңдар?
9Сендер әлі де мынаны ұқпадыңдар ма? Бес нан бес мың адамға жеткенде, қалғанын жинап алғанда қанша себет болып еді?
10Ал жеті нан төрт мың адамға жеткенде, жинап алғандарың қанша себет болған еді?
11Мен сендерге нан туралы айтып тұрған жоқпын, соны қалай түсінбейсіңдер? Фарисейлер мен саддукейлердің ашытқысынан сақ болыңдар, - деді.
12Шәкірттері нанның ашытқысынан емес, фарисейлер мен саддукейлердің тәлімінен сақ болуды айтқанын сонда ғана түсінді.
13Иса Філіп-Кесариясы маңына келген соң шәкірттерінен: -Осы жұрт Адамның Ұлын Кім деп жүр? - деп сұрады.
14Олар сонда: -Кейбіреуі суға батырып шомылдырушы Жақия десе, басқалары -Ілияс, ал өзгелері Еремия немесе пайғамбарлардың біреуі деп жүр, - деді.
15Иса олардан: -Ал сендер Мені Кім деп айтасыңдар? -деп сұрады.
16Сонда Шимон Петір: -Сен -тірі Құдайдың Ұлы Мәсіхсің! - деп жауап берді.
17Сонда Иса оған: -Жүнісұлы Шимон, сен -бақыттысың, саған мұны адам баласы емес, Менің Көктегі Әкем ашып берді, - деді.
18Менің саған айтарым: -Сен Петірсің! (Жартас) Мен Осы жартастың үстіне Өз қауымымды саламын, Оны тозақтың қақпалары да ала алмайтын болады.
19Көктегі Патшалықтың кілттерін саған беремін, жерде нені байлайтын болсаң, Көкте де сол байланатын болады, жерде нені шешсең, Көкте сол шешілетін болады, - деді.
20Ол шәкірттеріне Өзінің Мәсіх екендігін ешкімге айтпауға бұйрық берді.
21Сол уақыттан бастап, Иса шәкірттеріне Өзінің Иерусалимге баратыны жайында және сол жерде ақсақалдар мен бас қызметшілердің әрі Таурат заңын зерттеушілердің қолынан көп азап шегіп, өлтіріліп, үшінші күні қайта тірілетіні туралы ашық айта бастады.
22Петір Оны жеке шығарып алып, қарсылық білдіріп: -Жаратқан Ие Саған мейірімді бола гөрсін! Сенімен бұлай болмасын, Ием! - деді.
23Иса Петірге бұрылып: -Сайтан, Менен ары кет! Сен Мені азғырып тұрсың, Құдайдың емес, адамның қалауын ойлап тұрсың, - деді.
24Иса шәкірттеріне: -Кім менің артымнан ергісі келсе, өз-өзінен бас тартсын және айқышын көтеріп, Менің соңымнан ерсін.
25Кім өз жанын сақтағысы келсе, оны жоғалтады, ал кім Маған бола жанын қиса, оны табатын болады.
26Егер де адам бүкіл әлемге ие болып, өз жанына зиян келтірсе, оған келетін қандай пайда бар? Немесе адам өз жаны үшін қандай құн төлей алады?
27Адамның Ұлы Әкесінің Ұлылығымен және Өзін қоршаған періштелерімен келген кезде, әркімге істегенісіне сай баға береді.
28Сендерге шындықты айтамын: -Осы арада тұрғандардың кейбіреулері Өз Патшалығымен келген Адам Ұлын көрмейінше, өлімнің дәмін де татпайтын болады, - деді.

Избрани в момента:

Матай 16: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте