Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 19

19
1Иса осы сөздерін аяқтаған соң, Ғалилеяны тастап, Иорданның арғы бетіндегі Яһудея аймағына келді.
2Оның соңынан көптеген халық еріп жүрді, Ол сол жақта да оларды сауықтырды.
3Исаны сынамақ болған фарисейлер: -Ер адамға әр түрлі себептермен әйелінен ажырасуына бола ма деп? - сұрады.
4Иса олардан былай деп сұрады: -Жаратушы ең басында олардың бірін еркек, бірін әйел етіп жаратқанын оқымап па едіңдер?
5«Сондықтан еркек әке-шешесін тастап, әйеліне қосылады, сонда екеуі бір дене болады.
6Енді олар екеу емес, біртұтас бір дене, сондықтан Құдай қосқанды адам ажыратпасын», - деді.
7Сонда олар Исаға: -Олай болса, Мұса неге ажырасу хатын беріп, әйелін жіберуге рұқсат берген? - деді.
8-Өйткені сендердің жүректеріңнің қаттылығына бола, Мұса әйелдеріңмен ажырасуға рұқсат берген, бірақ әуел баста олай болмаған, - деді Иса оларға.
9Сендерге айтарым: -Кімде -кім әйелінен тек неке адалдығын бұзғаны үшін емес, басқа бір себеппен ажырасып, басқа бір әйелге үйленетін болса, онда ол жыныстық азғындық жасайды, - деді.
10Сонда шәкірттері: -Егер ер адамның әйелге қатысты міндеті осындай болса, онда үйленгеннен еш пайда жоқ қой, - десті.
11Иса оларға былай деп жауап берді: -Бұл сөзді әркім осы күйінде қабылдай бермейді, тек кімге арналған болса, солар ғана қабылдайды.
12Біреулер анасының құрсағынан некеге жарамсыз болып туылса, біреулерді адамдар солай істейді, ал үшінші біреулері Көктегі Патшалыққа бола некеден бас тартады. Бұл кімге қалай берілген болса, солайәрекет етсін.
13Сол кезде Исаға қол қойып, мінажат еткізу үшін балаларды алып келіп жатты. Оларға шәкірттері тыйым салды.
14Сонда Иса оларға: -Балаларды Маған жіберіңдер, олардың Маған келуіне кедергі жасамаңдар, өйткені Көктегі Патшалық осындайларға арналған, - деді.
15Иса оларға қолын қойған соң, сол жерден кетіп қалды.
16Бір адам Оған жақындап келіп: -Ұстаз, мәңгілік өмірге ие болу үшін қандай жақсылық істеуім керек? -деп сұрады.
17Иса оған: -Менен жақсылық туралы неге сұрап тұрсың? Тек бір ғана жақсылық бар, егер де мәңгілік өмірге ие болғың келсе, берілген өсиеттерді орында, -деп жауап берді.
18Сол адам: -Қандай өсиеттерді? -деп сұрады. Иса оған: «Кісі өлтірме, неке адалдығын бұзба, ұрлама, жалған куәлік айтпа,
19ата-анаңды құрметте және өзіңді қалай сүйсең, маңайыңдағы адамды да солай сүй», - деді.
20-Осылардың бәрін жастайымнан орындап келемін, -деді жас жігіт, -сонда маған тағы не жетіспейді? -деп сұрады.
21Иса оған: -Егер де кемелді болуды қаласаң, онда барып дүние -мүлкіңді сат та, кедейлерге үлестіріп бер, сонда қазынаң көкте болады. Өзің Менің соңымнан ер, -деді.
22Осы сөзді естіген әлгі жас жігіттің еңсесі түсіп, кетіп қалды, себебі оның байлығы өте мол еді.
23Сонда Иса шәкірттеріне: -Сендерге шындығынайтайын: бай адамның Көктегі Патшалыққа кіруі өте қиын.
24Тағы да айтарым: -Бай адамның Құдай Патшалығына кіруінен гөрі, иненің көзінен түйенің өткені оңайырақ болады, - деді.
25Мұны естіген шәкірттері қатты қамығып: -Сонда кім құтқарылатын болады? - деп сұрады.
26Иса оларға қарап, былай деді: -Адамға бұл мүмкін емес болғанмен, алайда Құдайға бәрі де мүмкін.
27Петр Исаға: -Міне, біз бәрін қалдырып, тек Сенің артыңнан еріп жүрміз. Бізге бір нәрсе бола ма? - деді.
28Бұған Иса былай деп жауап берді: -Сендерге шындықты айтамын: Менің соңымнан еріп жүрген сендер жаңа дәуір туып, Адамның Ұлы Өз даңқына сай тағына отырған кезде, сендер де он екі тақта отырып, Исраилдің он екі руына сот жүргізетін боласыңдар.
29Ал Менің атыма бола өз үйін немесе бауырын, немесе әпкесін, немесе әкесін, немесе шешесін, немесе балаларын, немесе жерін тастап кеткен әркімге, солар жүз еседен беріледі және мәңгілік өмірге ие болады.
30Сол кезде осы дүниеде жоғарыда болғандардың көбі соңғысы, ал соңғы болғандары алғашқылары болып қалады, - деді.

Избрани в момента:

Матай 19: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте