Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 24

24
1Иса ғибадатханадан шығып келе жатқанда, шәкірттері ғибадатхананың ғимаратын Оған көрсету үшін, қасына келді.
2-Сендер мынаның бәрін көріп тұрсыңдар ма? -деді Иса. Сендерге шындықты айтамын: мына тастың үстіндегі тастардың бірі де қалмай, бәрі қиратылатын болады.
3Иса Зәйтүн тауында отырған кезінде, шәкірттері оңаша келіп: -Осы уақыттың және Сен келетін кезең мен заманның ақырында болатын белгінің қандай болатынын бізге айтып берші, - деп сұрады.
4Иса оларға: -Сендерді біреу алдап кетпесін, байқаңдар, -деді.
5Өйткені көптеген адам Менің атымнан келіп: «Мен Мәсіхпін», - деп көпшілікті алдайды.
6Болып жатқан соғыстар мен алда болатын әскери қақтығыстар жайында еститін боласыңдар, бірақ үрейленбеңдер. Бұлардың бәрі болуға тиісті нәрселер, алайда бұл әлі де ақырғы кезең емес.
7Өйткені халық халыққа, патшалық патшалыққа қарсы көтеріліп, кейбір жерлерде аштықтар мен жерсілкіністері де болады.
8Осының бәрі тек азапты толғақтың бастамасы ғана.
9Сол кездері сендерді қинап, қорлап, өлтіреді және Менің атыма бола сендерді барлық халықтар жеккөретін болады.
10Сол кезде көбі сенімдерінен бас тартып, бір-бірін сатып, бірін-бірі жеккөреді.
11Көптеген жалған пайғамбарлар пайда болып, көпшілікті алдап, адастырады.
12Зұлымдық тым көбейіп кеткендіктен, көбінің сүйіспеншілігі суып кететін болады,
13ал соңына дейін шыдаған құтқарылады.
14Осы Патшалық туралы Ізгі хабар куәлік ретінде бүкіл әлем халықтарына жарияланады, сонда ғана бәрінің ақыры болады.
15Егер сонда Даниял пайғамбарда айтылған «киелі орынды арамдайтын иесіз бос қалдырған жексұрын, жиренішті нәрсені көрсе»,
16сол кезде Яһудеяда болғандар тауға қашсын.
17Үйдің төбесінде болған адам үйден бір нәрсе алуға төмен түспесін,
18кім далада болса, қайта келіп, шапанын да алмасын.
19Сол күндері құрсағында сәбиі барлар мен бала емізетіндер қасіретке қалады.
20Сендердің қашатын уақыттарың не қыста, не сенбі күндері болмасын деп мінәжат етіңдер,
21себебі сол кезде әлем басталғаннан осы күнге дейін болып көрмеген әрі ешқашан болмайтын орасан зорзобалаң болады.
22Егер де сол күндердің мерзімі қысқартылмағанда, бірде-бір пенде құтқарыла алмас еді, алайда таңдалып алынғандар үшін, сол күндер қысқартылады.
23Сол кезде біреу сендерге: «Міне, Мәсіх мұнда» немесе «Әне, анда» десе, сенбеңдер,
24өйткені жалған мәсіхтер мен жалған пайғамбарлар шығып, үлкен кереметтер мен ғажаптар жасап, мүмкіндігінше таңдалғандарды адастыратын болады.
25Міне, сендерге мұны алдын ала айтып отырмын.
26Егер сендерге: «Ол анда, айдалада», -деп айтса, шықпаңдар, немесе: «Ол ана бөлмеде», -десе де сенбеңдер,
27себебі шығыстан шыққан найзағай оты жарқ етіп батысқа қалай жетсе, Адам Ұлының қайтып келуі де дәл солай болады.
28Өлексе қайда болса, құзғындар сонда жиналады.
29Сол зобалаң күндерден кейін «күн қарауытып, ай жарық болмай, көктен жұлдыздар құлап, көктегі күштер шайқалады».
30Сонда Адам Ұлының бейнесі Көктен көрінеді, сол кезде жердегі барлық рудың тайпалары қорқыныштан зар илеп жылап, өкініштен кеуделерін ұратын болады, олар Адам Ұлының құдіретті күшпен және ұлы салтанатпен бұлтпен көкте келе жатқанын көреді.
31Ол Өз періштелерін жібереді, олар кернейдің зор үнімен Оның таңдап алғандарын көктің ана шеті мен бұл шетінен жинап алады.
32Өздеріңе үлгі болатын сабақты інжір ағашынан алыңдар, оның бұтақтары бүр жарып, жапырақтарын жая бастағанда, жаздың жақын екенін білесіңдер.
33Осының бәрін көздеріңмен көргенде, Оның есіктің алдына келгендей таяп қалғанын білесіңдер.
34Сендерге шындықты айтамын: осы ұрпақ жойылмай тұрып, осының бәрі орындалады.
35Аспан мен жер жойылса да, Менің сөздерім жойылмайды.
36Сол күн, сол сағат жайлы ешкім: не көктегі періштелер де, не Ұл да білмейді, бұл тек бір Әкеге ғана мәлім.
37Нұхтың кезіндегі күндер қандай болса, Адамның Ұлының келуі де сондай болады.
38Адамдар топан судың алдында, Нұх кемеге кіретін күнге дейін ішіп-жеп, үйленіп, тұрмыс құрып жатты,
39олар топан су басып, бәрін құртқанға дейін не болатынын түсінбеді. Адам Ұлының келуі де дәл солай болады.
40Сол кезде егістікте жұмыс істеген екеудің бірі алынып, екіншісі қалдырылатын болады,
41диірмен тартып отырған екі әйелдің бірі алынып, екіншісі қалдырылатын болады.
42Сондықтан сергек болыңдар, өйткені сендер Иелеріңнің қай күні келетінін білмейсіңдер.
43Мынаны білесіңдер: егер де үй иесі ұрының қашан келетінін білсе, онда ол сергек болып, оған үйдің іргесін қазып кіруіне жол бермес еді.
44Осылай сендер де дайын болыңдар, өйткені Адам Ұлы сендер күтпеген уақытта келеді.
45Қожайыны өз қызметшілерінің тамақтарын уақытымен беруге тағайындап кеткен сенімді және ақылды қызметші кім?
46Егер қожайыны келген сәтте қызметшісінің тура осылай істеп жүргенін көрсе, сол қызметші бақытты.
47Сендерге шындықты айтайын: сонда ол сол қызметшіні бүкіл меншігінің үстінен қарайтын адам етіп қояды.
48Егер де ол жаман қызметші болып, өз жүрегінде: «Менің ием кешігіп жатыр», - деп.
49өзімен қызметтес адамдарды ұрып-соғып, маскүнемдермен бірге ішетін болса,
50онда қожайыны сол қызметші күтпеген күні және ол білмейтін уақытта келеді.
51Сонда оны шауып, екіге бөліп, екіжүзділер қатарына қосады, ол сол жерде зар еңіреп жылап, тісін қайрайтын болады.

Избрани в момента:

Матай 24: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте