Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 27

27
1Исаға қарсы болған барлық бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар таңертең ерте жиналып, Оны өлтіруге шешім қабылдады.
2Оны байлап, әмірші Пилатқа апарып тапсырды.
3Сонда Исаны ұстап берген Яһуда Оның сотталғанын көріп өкінді, бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдарға отыз күміс теңгені қайтарып беріп:
4-Кінәсіз жанның қанын сатып, күнә жасадым, -деді. Олар: - Бізге не істе дейсің? Өзіңнен көр! - деді.
5Ол ғибадатханаға күміс теңгелерді шашып жіберіп, барды да, асылып өлді.
6Бірінші бас қызметкерлер күміс теңгелерді жинап алып:
7-Бұл ақша қан үшін төленген құн болатын, енді оны ғибадатхананың қазынасына салуға болмайды, - деді.
8Сөйтіп, олар кеңесіп шешім қабылдады, сол ақшаға жат жерліктерді жерлейтін орын алу үшін, құмырашының жерін сатып алды. Сондықтан сол жер осы күнге дейін «қанды жер» деп аталады.
9Солай Еремия пайғамбар арқылы айтылған мына сөз орындалды: «Исраил ұлдарының бағалаған бағасымен, құны Отыз күміс теңгеге татитын,
10құмырашының жерін Иемнің бұйрығымен Мен үшін сатып алды».
11Исаны әміршінің алдына апарды, сонда әмірші: -Яһудейлердің Патшасы Сенбісің? -деп сұрады. -Сен өзің айтып тұрсың, - деп жауап берді Иса.
12Бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдардың таққан айыптарына Ол ешқандай жауап бермеді.
13Сонда Пилат Оған: -Саған қарсы қаншама адам куәлік беріп тұрғанын естіп тұрсың ба? - деді.
14Бірақ Иса оның бір сөзіне де жауап бермеді, әмірші осыған қатты таңғалды.
15Әмірші өзінің әдеті бойынша мейрам кезінде халықтың тілегіне сай бір тұтқынды босатып беретін еді.
16Дәл сол кезде аты әйгіл Ешуа Бараба деген тұтқын да отырған болатын.
17Сонда Пилат жиналғандарға: -Сендерге кімді босатып бергенімді қалайсыңдар? Ешуа Барабаны ма әлде Иса деп аталған Мәсіхті ме? - деді.
18Себебі ол Исаны қызғаныштан өзіне ұстап бергендерін білетін.
19Пилат сот жүргізушінің орнына көтерілген кезде, әйелі оған хабаршы жіберіп: «Сол әділ адамға еш нәрсе істеме! Мен бүгін түсімде Ол үшін қатты қиналдым»,-деп айтқызды.
20Бірақ та бірінші бас қызметкерлер мен ақсақалдар Барабаның босатылып, ал Исаның өлтірілуін талап етуді халықтан сұрап, алдын ала көндіріп қойған болатын.
21Сонда әмірші: -Сонымен, осы екеуінің қайсысын сендерге босатып бергенімді қалайсыңдар? -деп сұрады. -Барабаны! - деді олар.
22-Ал Иса деп аталған Мәсіхпен не істеуім керек? -деп сұрады. Бәрі бір дауыспен: -Айқышқа шегеленсін! -деді. Пилат халықтан:
23-Ол қандай зұлымдық жасады? -деп сұрады. Олар бұрынғыдан бетер қатты айғайлап: -Айқышқа шегеленсін! -деді.
24Ештеңе істей алмайтынын, тіпті, толқудың өршіп бара жатқанын көрген Пилат халықтың алдында қолын сумен жуып тұрып: -Мынаның төгілген қанына мен кінәлі емес екенімді сендер көрдіңдер, - деді
25Сонда бүкіл халық: -Оның қаны біздің және біздің балаларымыздың мойнында болсын, - деп жауап берді.
26Сөйтіп, оларға Барабаны бостатып беріп, ал Исаны сабатып, айқышқа шегелеуді тапсырды.
27Сол уақытта әміршінің сарбаздары Исаны сарайға алып барды, сонда Исаның қасына бүкіл жасақшылар жиналды.
28Оны шешіндіріп, Оған алқызыл шапан жапты,
29тікеннен тәж өріп, басына кигізді, Оның оң қолына таяқ ұстатып қойды да, алдына келіп тізе бүгіп: -Яһудейлердің Патшасы жасасын! - деп мазақтады.
30Оның бетіне түкіріп, таяқпен басынан ұрды.
31Оны әбден келемеждеп болған соң, үстіндегі алқызыл шапанды шешіп алып, Исаға Өзінің киімдерін қайта кигізіп, Оны айқышқа шегелеуге алып кетті.
32Олар шығып бара жатқанда, жолда киринеялық Симон есімді бір адамды жолықтырып, оны Исаның айқышын алып жүруге мәжбүрледі.
33Содан олар Ғолғота деп аталатын (мағынасы«Маңдайтөбе» дегенді білдіретін) жерге келгенде,
34Исаға өт қосылған ашты шарапты берді, Ол дәмін татып көрді, бірақ ішпеді.
35Исаны айқышқа шегелеген соң, Оның киімдерін жеребе тастап бөлісіп алып,
36сол жерде Оны күзетіп отырды.
37Исаның бас жағына: «Бұл -Яһудейлердің Патшасы Иса» деп, Оған тағылған айыпты көрсететін тақтайшаны жазып қойды.
38Содан кейін Онымен бірге екі қарақшының бірін Оның оң жағына, екіншісін сол жағына айқышқа шегелеп іліп қойды.
39Оның қасынан өтіп бара жатқандар бастарын шайқап, Оны балағаттап:
40-Ғибадатхананы бұзып, үш күнде тұрғызамын деуші едің, енді Өзіңді-Өзің құтқар! Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, айқыштан түс! - деді.
41Сол сияқты бірінші бас қызметкерлер, Таурат заңын зерттеушілер мен ақсақалдар да Оны келекелеп былай деді:
42-Басқаларды құтқарып, Өзін-Өзі құтқара алмады,Исраилдің патшасы болса, онда айқыштан түссін, сонда Оған сенеміз.
43Ол сенімін Құдайға артты, егер Жаратқан Ие қаласа, Оны құтқарып алсын, өйткені Өзін Құдайдың Ұлымын деген еді ғой! - десті.
44Осы сияқты сөздермен Исамен бірге айқышқа шегеленген қарақшылар да Оған тіл тигізді.
45Сонда түскі сағат он екіден бастап, түстен кейінгі сағат үшке дейін бүкіл жерді қара түнек басты.
46Сағат үш шамасында Иса қатты дауыстап: -Ели, Ели, Лема савахтани? -деп айғайлады. Бұл: «Құдайым Менің, Құдайым Менің, Сен Мені не үшін тастап кеттің?» -дегені еді.
47Сол жерде тұрғандардың кейбіреулері мұны естіп: -Ол Ілиясты шақырып жатыр, - десті.
48Сол мезетте олардың біреуі жүгіріп барып, сірке суына сорғышты батырып алды да, оны таяқтың ұшына іліп, Оған ішкізді.
49Сонда басқалары: -Оны құтқару үшін Ілияс келер ме екен, соны көрейік, тоқтай тұрайық, - десті.
50Иса тағы да қатты айғайлап, жан тапсырды.
51Міне, сонда ғибадатханадағы шымылдық жоғарыдан төмен қарай ортасынан қақ бөлінді. Жер сілкініп, тастар айырылды.
52Қабірлер ашылып, көптеген әділдердің өлі денелері орындарынан тұрып, тірілді.
53Иса қайта тірілгеннен кейін, қабірден шыққандармен бірге киелі қалаға (Иерусалимге) кіріп, көпшілікке көрінді.
54Жүзбасы және онымен бірге Исаны күзетіптұрғандар жер сілкінісін, болған жағдайдың бәрін көріп, қатты қорқып: - Ол, шынымен де, Құдайдың Ұлы! - деді.
55Сол жерде алыстан қарап тұрған әйелдер де болды, олар Оған қызмет ету үшін, сонау Ғалилеядан Исаға ілесіп келген болатын.
56Солардың арасында мағдалалық Мәрия, Жақып пен Жүсіптің анасы Мәриям және Зебедей ұлдарының анасы да болды
57Кеш түскенде, Исадан тәлім алған ариматиялық Жүсіп есімді бай адам келді.
58Пилатқа барып, Исаның денесін сұрап алды. Сонда Пилат оған денені беруді бұйырды.
59Сөйтіп, денені алған Жүсіп оны таза бәтеске орап,
60Оны жартастан жаңадан ойып жасап қойған қабіріге апарып қойды да, бір үлкен тасты домалатып әкеліп, қабірдің аузын жауып, кетіп қалды.
61Сол күні мағдалалық Мәрия мен өзге Мәриям да қабірге қарама-қарсы жерде отырған болатын.
62Келесі күні, яғни дайындық күні өтіп кеткеннен кейін, бірінші бас қызметкерлер мен фарисейлер жиналып, Пилатқа:
63-Мырза, ана өтірікшінің тірі кезінде: «Үш күннен кейін қайта тірілемін», - дегені есімізге түсті.
64Сондықтан үшінші күнге дейін қабірді күзетуге бұйрық бер, әйтпесе Оның шәкірттері келіп, Оны ұрлап алып, халыққа: «Ол өлімнен қайта тірілді», -деп жүрер. Сонда соңғы өтірік алдыңғыдан да жаман болады, - десті.
65Пилат оларға: -Күзетшілерің бар, өз білгендеріңше күзете беріңдер, - деді.
66Олар тасқа мөр басып, қабірді бекітіп, қабірдің алдына күзет қойып қойды.

Избрани в момента:

Матай 27: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте