Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 28

28
1Сенбі өтіп, аптаның бірінші күні болғанда, мағдалалық Мәрия мен өзге Мәриям таң ата қабірді көруге келді.
2Міне, кенет қатты жер сілкінісі болып, Жаратқан Иенің періштесі көктен түсіп, қабір аузындағы тасты аударып тастады да, оның үстіне отырды.
3Оның бейнесі найзағай сияқты, киімдері аппақ қардай болатын.
4Сонда күзетшілердің қорыққандары соншама, қалтырап, өлген адамдай серейіп тұрып қалды.
5Періште әлгі әйелдерге: -Қорықпаңдар, сендердің айқышқа шегеленген Исаны іздеп жүргендеріңді білемін, -деді.
6Ол мұнда жоқ. Ол бұрын Өзі айтқандай қайта тіріліп кетті. Келіп, Оның жатқан жерін көріңдер,
7Тезірек барып, Оның өлімнен қайта тірілгенін шәкірттеріне айтыңдар және Ол сендерден бұрын Ғалилеяға барады. Оны сол жерден көресіңдер. Сендерге айтқанымды естеріңе сақтаңдар.
8Қабірден қорқынышпен шыққан олар енді ерекше үлкен қуанышпен шәкірттеріне айтуға асыға басып, жүгіре жөнелді.
9Кенеттен оларға Иса кездесіп: -Қуаныңдар! -деді. Олар жақын келіп, Оның аяғын құшақтап, Оған тағзым етті.
10Сонда Иса Оларға: -Қорықпаңдар. Меніңбауырларыма барып, Ғалилеяға барсын деп хабар беріңдер. Олар Мені сол жерде көретін болады, - деді.
11Олар кетіп бара жатқанда, кейбір күзетшілер қалаға келіп, болған жағдайдың бәрін бірінші бас қызметкерлерге айтып берді.
12Сонда олар ақсақалдармен бірге кеңесіп, сарбаздарға жеткілікті мөлшерде күміс ақша ұсынып, былай деді:
13«Біз түнде ұйықтап қалғанда, шәкірттері келіп, Оны ұрлап кетті, - деп айтыңдар.
14Егер бұл әміршінің құлағына жететін болса, оны біз көндіріп, сол келеңсіз жағдайдан сендерді өзіміз құтқарып аламыз», - деді.
15Күміс ақшаны алған олар өздерін қалай үйреткен болса, солай істеді. Сөйтіп, осы сөз күні бүгінге дейін яһудейлердің арасына таралып кетті.
16Он бір шәкірті Исаның нұсқағанындай Ғалилея тауына барды.
17Сол жерде Оны көріп, тағзым етті, ал кейбіреулері күмәнданды.
18Сонда Иса оларға жақын келіп былай деді: -Көк пен жердегі бүкіл билік Маған берілген.
19Сондықтан барлық халықтарға барып, Маған шәкірт етіңдер, оларды Әкенің атымен және Ұлдың, Киелі Рухтың атымен батырып суға шомылдырудан өткізіңдер,
20сендерге бұйырғандарымның бәрін орындап жүруге оларды да үйретіңдер. Мен осы дүниенің ақырына дейін әр күні сендермен бірге боламын.

Избрани в момента:

Матай 28: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте