Лого на YouVersion
Иконка за търсене

Матай 4

4
1Сол уақытта Иса Рухтың жетегімен әзәзілдің сынағынан өту үшін, шөл далаға барды.
2Қырық күн, қырық түн бойы оразада болып, ақырында ашыққанын сезінді.
3Сонда Оған азғырушы келіп: -Егер де Сен Құдайдың Ұлы болсаң, мына тастар нанға айналсын деп айтшы, -деді.
4Сонда Ол былай деп жауап берді: -Жазбада: «Адам тек нанмен ғана емес, Құдайдың аузынан шыққан әрбір сөзімен де өмір сүреді деп жазылған».
5Содан кейін әзәзіл Оны киелі қаладағы ғибадатхана төбесінің шетіне тұрғызып:
6-Егер Сен Құдайдың Ұлы болсаң, төмен қарай секір. «Ол періштелеріне Сен туралы бұйрық беріп, аяғыңды тасқа соғып алмауың үшін, Сені қолдарыменкөтеріп алып жүреді», - деп те жазылған деді.
7Исаның оған былай деп жауап берді: Жазбада:«Құдай Иеңді сынама», - деп жазылған.
8Осыдан кейін әзәзіл Оны ең биік таудың басына апарып, Оған осы әлемнің барлық патшалықтарын және олардың бүкіл байлықтарын көрсетіп:
9-Егер басыңды иіп, маған табынатын болсаң, осының бәрін Саған беремін, - деді.
10Иса оған: -Сайтан, Менен аулақ кет! «Тек Құдай Иеңе ғана табынып, тек Оған ғана қызмет ет», -деп Жазбада жазылған.
11Сонда әзәзіл Оны қалдырып, сол сәтте кетіп қалды, періштелер келіп, Оған қызмет көрсетті.
12Жақияның ұсталғанын естігеннен кейін, Иса Ғалилеяға қайта оралады.
13Назаретті тастап, Забулон мен Нафталим аймағына келіп, теңізге жақын Қапарнаум қаласына барып қоныстанды,
14өйткені Ишая пайғамбар арқылы айтылған мына сөз орындалуы тиіс болған:
15«Забулон, Нафталим жеріндегі әрі Иорданның арғы жағы мен теңізге апаратын жолдағы өзге ұлттар мекендеген Ғалилея.
16халқы түнекте болғанда, ғаламат жарықты көрді, сөйтіп, өлімнің қапасында отырған осы елге жарық сәулесін төкті».
17Сол уақыттан бастап Иса: -Міне, Көктегі Патшалық жақындап қалды, өкініп, тәубе етіңдер! -деп уағыз айта бастады.
18Бірде Иса Ғалилея көлінің маңынан өтіп баражатып, ау салып жатқан Петір мен Әндір атты ағайынды екі жігітті көрді, олар балық аулаушылар болатын.
19Сонда Иса оларға: -Менің соңымнан еріңдер, Мен сендерді «адам аулаушы» етемін, - деді.
20Олар сол сәтте ауларын тастап, Оның соңынан ерді.
21Сол жерден біраз жүргеннен кейін, Зебедейдің ұлдарын, ағайынды Жақып пен Жоханды, әкелерімен бірге қайықта ауларын жамап отырғандарын көріп, оларды да шақырды.
22Олар әкелерін де, қайықтарын да сол сәтте тастап, Исаның соңынан ерді.
23Осылай Иса бүкіл Ғалилеяны аралап, Патшалықтың ізгі хабарын синагогаларда уағыздап, үйретіп, халықты әр түрлі аурулар мен барлық әлсіздіктен сауықтырды.
24Сонымен, Ол туралы хабар бүкіл Сирия өлкесіне жайылып кетті. Оған әр түрлі ауруға шалдығып, қиналғандарды, жын соққандарды әрі талмасы барлар мен сал болғандарды алып келіп жатты. Иса олардың бәрін сауықтырды.
25Осылай Оның соңынан Ғалилеядан, Он қаладан, Иерусалимнен және Яһудея мен Иорданның арғы жағынан да көптеген халық ілесіп жүрді.

Избрани в момента:

Матай 4: ZO

Маркирай стих

Споделяне

Копиране

None

Искате ли вашите акценти да бъдат запазени на всички ваши устройства? Регистрирайте се или влезте