Күндердің күнінде қожайынының әйелінің көзі Жүсіпке түсіп:
— Жүр, бірге болайық, — деп еліктіреді. Бірақ Жүсіп одан бас тартып:
— Қараңыз, қожайыным өз сарайындағы барлық істі маған сеніп тапсырып, еш нәрсемен айналыспайды. Бұл үйдегі малайлардың ешқайсысы менен жоғары емес. Қожайыным өзіңізден басқа ештеңені де билігімнен айырған жоқ. Ал сіз оның жұбайысыз ғой! Сонда мен қалайша сондай ауыр қылмыс жасап, Құдайдың көз алдында күнәға батпақпын?! — дейді.