Елшіл. істері 6
6
Қауымның жеті қызметшісінің тағайындалуы
1Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны өсіп келе жатқан осы күндері грекше сөйлейтін шетелдік яһудилер еврейше сөйлейтін жергіліктілермен ренжісіп қалды. Себебі күнделікті тамақпен қамтамасыз еткен кезде#6:1 2:45; 4:35. шетелдіктердің жесірлері ескерілмей қалып жүрген еді.
2Сонда он екі елші шәкірттердің бәрін жинап алып, оларға былай деді: «Егер біз Құдайдың сөзін уағыздау қызметіне салғырт қарап, дастарқан қамын ойласақ, бұл дұрыс болмас. 3Бауырластар, сондықтан орталарыңнан абыройлы әрі Киелі Рух пен даналыққа бөленген жеті ер адамды таңдап алыңдар! Оларға осы міндетті жүктемекпіз. 4Ал біз Құдайға сиынып, Оның сөзін уағыздап, тәлім беру қызметімізді жалғастыра берейік».
5Бұл ұсыныс бүкіл қауымнан қолдау тапты. Олар Құдайға жан-тәнімен сенетін, Оның Киелі Рухына бөленген Степан есімді кісіні, сонымен қатар Філіп, Прохор, Нықанор, Тимон, Пәрмен және Нықоланы таңдап алды; Нықола Антақиядан#6:5 Антақия (яки: Антиохия) Сирия өлкесінің астанасы болатын (11:9; 13:1). келген, яһуди дініне кірген жат ұлттық болатын. 6Оларды елшілердің алдына алып келді де, Құдайға сиынып, үстеріне қолдарын қойып баталарын берді.
7Осылай Құдайдың сөзі кеңінен тарап, Иерусалимде Мәсіхтің жолын қуушы шәкірттерінің саны көбейе берді. Діни қызметкерлердің үлкен бір тобы да Мәсіхке мойынсұнып, сене бастады.
Степанның тұтқындалуы
8Құдайдың рақымы мен құдіретіне кенелген Степан#6:8 6:5,10. халық арасында ұлы кереметтер жасап жүрді. 9Алайда «Құлдықтан босатылғандардың» мәжілісханасының кейбір мүшелері Күрене, Ескендірия, Кіликия және Азия#6:9 Күрене: 11:20. Ескендірия: 18:24. Кіликия: 15:23. Азия: 2:9; 19:10. өлкелерінен келген яһудилермен бірігіп алып, Степанға қарсы шығып, айтыса бастады. 10Бірақ олар оның даналығына қарсы еш нәрсе істей алмады, себебі Степан Киелі Рухқа сүйеніп сөйлейтін.
11Сонда олар кейбір адамдарды жасырын көндіріп, оған былай деп жала жапқызды: «Біз оның Мұса пайғамбарға және Құдайдың Өзіне тіл тигізіп қорлық сөз айтқанын естідік!» — 12Осылай олар халықты, басшыларды және дін мұғалімдерін еліртіп қойып, Степанға тап берді; оны ұстап алып, Жоғарғы кеңестің алдына айдап апарды. 13Сол жерде жалған куәгерлерді алға шығарды, олар Степанға айып тағып былай деді:
— Мына кісі үнемі осы киелі үй#6:13 Яғни ғибадатханадағы киелі үй (2:46; 3:1-2,8). мен Таурат заңына тіл тигізіп жүр! 14Біз оның былай дегенін естідік: «Назареттік Иса осы орынды жойып, Мұса тапсырған дәстүрлерді өзгертеді!»#6:14 Жох 2:14-22; Мат 26:61; 5:17-20; Лұқ 16:16-17.
15Жоғарғы кеңесте отырғандардың бәрі Степанға көз тігіп қарағанда, оның бет-жүзінің періштенікіне ұқсас екенін көрді.#6:15 Яки: бет-жүзінің періштенікі іспетті сәуле шашып тұрғанын көрді (Мат 28:3).
Currently Selected:
Елшіл. істері 6: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.