YouVersion Logo
Search Icon

Жаратылыстың баст. 18

18
Ыбырайымның көктен түскен үш Қонағы
1Бұдан кейін Жаратқан Ие Ыбырайымға тағы да Мамренің алып емен ағаштары өсіп тұрған тоғайының#18:1 13:18; 14:13. қасында келіп кетті.#18:1 Яки: қасында аян еткен болатын. Ыбырайым түске таман күн ысығанда шатыр аузында отырған еді. 2Ол айналасына көз тастағанда өзінің алдында үш ер адамның тұрғанын көрді. Ыбырайым оларды көре сала, отырған жерінен ұшып түрегеліп, алдарынан шығып, жерге дейін иіліп сәлем берді.
3Ыбырайым:
— Мырза! Рақымыңыз маған түссе, мендей құлыңыздың қасынан өте шықпасаңыз екен. 4Қазір-ақ аяқтарыңызды жуу үшін су әкелінеді. Ағаштың саясына жайғасыңыздар. 5Құлдарыңыздың үйінен дәм татпай өтіп кетпеңіздер. Сіздерге тамақ әкелейін, әлденіп тынығып алыңыздар. Содан кейін әрі қарай жылжи берерсіздер, — деп өтінді. Олар:
— Жарайды, айтқаның болсын, — деп келісті. 6Ыбырайым дереу шатырдағы Сараға барып:
— Тез үш табақ#18:6 Немесе: үш өлшем (барлығы жиырма екі литрдей болатын). ең таңдаулы ұнды илетіп, күлше нан пісірт, — деді.
7Өзі табынға жүгіріп барып, семіз баспақты таңдап алып, қызметшісіне берді. Қызметші баспақты тездетіп сойып, етін қазанға асты. 8Бәрі дайын болғаннан кейін Ыбырайым айран, сүт және пісірілген баспақ етін алып, Қонақтардың алдына тартты. Олар ағаш саясында тамақтанып жатқан кезде Ыбырайым қастарында болып, өзі қызмет етті.
Ыбырайым мен Сараның ұлды болатындары туралы уәде
9Қонақтар:
— Әйелің Сара қайда? — деп сұрады. Ыбырайым:
— Осында, шатырдың ішінде, — деді. 10Иеміз:#18:10 18:1,13.
— Келесі жылы осы уақытта Мен саған тағы да келемін. Сонда әйелің Сараның ұлы болады! — деп уәде берді.
Осы сөздерді Қонақтың артындағы шатырдың аузында тұрған Сара да естіді. 11Ал Ыбырайым мен Сара қартайған адамдар еді, Сара бала туудан қалған жаста болатын. 12Сол себепті ол: «Мен әбден қартайған шағымда#18:12 Яки: Күйеуім (отағасы). осындай қуанышқа кенеле алар ма екенмін? Қожайыным#18:12 17:17. да тым кәрі», — деп іштей күлді.
13Ал Иеміз Ыбырайымға:
— Сара неліктен күліп тұр? Ол неге «мен енді қартайған шағымда бала туа алар ма екенмін» деп сұрайды? 14Жаратқан Ие істей алмайтын тым қиын іс бар ма? Мен белгілі кезде: келесі жылы осы уақытта саған тағы да келемін. Сол кезде Сараның ұлы болады! — деп уәдесін бекітті. 15Сара сасып қалып:
— Мен күлген жоқпын, — деп мойындамады. Бірақ Иеміз оған:
— Жоқ, сен күлдің, — деді.
Ыбырайымның Тәңір Иеге Содом қаласын сақтап қалу үшін жалына жасаған өтініші
16Қонақтар орындарынан тұрған соң, Содомға қарай бет алды. Оларды жолға шығарып салу үшін Ыбырайым бірге жүрді. 17Жаратқан Ие: «Өзімнің не істейтінімді Ыбырайымнан қалай жасырмақпын? 18Ыбырайымнан бір үлкен де күшті халық шығады. Менің ақ батам ол арқылы жер бетіндегі барлық халықтарға жетеді.#18:18 12:2-3; 22:17-18. 19Мен Ыбырайымды өз балаларына және кейінгі үрім-бұтағына Менің жолыма түсуді, дұрыстық пен әділдікті істеуді үйрету үшін таңдап алдым. Ыбырайым осылай істегенде Менің оған берген уәдем орындалады», — деді. 20Содан Иеміз Ыбырайымға тіл қатып:
— Менің атыма Содом мен Ғомора қалаларының үстінен қатты дауыспен айтылған шағым түсіп жатыр.#18:20 Яки: Адамдар Содом мен Ғомораның зұлымдығы туралы қатты дауыстап зарлайды (13:13; 18:20; 19:4-9). Сол жерде жасалған күнәлар тым ауыр. 21Сондықтан Мен жерге түсіп, ондағы әділетсіздік Маған жеткен шағым туғызатындай дәрежеде ме, жоқ па, соған көз жеткізбекпін, — деді.
22Содан кейін ер адамдар бұрылып алып, Содом жаққа беттеді. Бірақ Ыбырайым Иеміздің алдында тұра қалды. 23Оған жақындап, былай деп өтінді:
— Сонда Сен зұлыммен бірге әділді де құртпақсың ба? 24Мүмкін, қалада елу әділ адам бар шығар, Сен оларды шынымен құртпақсың ба? Сол жерге ондағы елу әділ адам үшін рақым еткің келмей ме? 25Сен осылай істеп, әділ жанды жауызбен бірге өлтіріп, оған арам кісіге қарағандай қараудан аулақсың ғой. Бүкіл әлемді Соттаушы#18:25 Яки: бүкіл әлемге үкім шығаратын (Құдай) (Жыр 57:12). әділетті шешім қабылдамаушы ма еді? — 26Сонда Иеміз:
— Егер Мен Содом қаласынан елу әділ адамды тапсам, соларға бола ол жерге рақым етемін, — деді. 27Ыбырайым:
— Мен күл мен топырақтан жаралған пенде болсам да, Иеммен сөйлесіп тұрмын. 28Мүмкін, әділ адамдардың саны елу емес, одан бесеуі кем шығар, сонда бесеуіне бола бүкіл қаланы құртпақсың ба? — деп сұрады. Иеміз оған:
— Егер Мен одан қырық бес әділ кісі тапсам, сол қаланы құртпаймын, — деді. 29Ыбырайым сөзін әрі қарай жалғастырды:
— Мүмкін, ол жерде тек қырық әділ кісі болатын шығар. — Иеміз:
— Мен қырық әділ адам үшін де оларға тиіспеймін, — деп жауап берді. 30Ыбырайым сонда:
— Уа, Ием, мен тағы да айтқанда ашулана көрме. Мүмкін, ол жерде отыз ғана әділ адам бар болса ше? — деп сұрады. Иеміз оған:
— Ол жерде отыз әділ адам болса да, Мен оған тиіспеймін, — деп жауап қатты. 31Ыбырайым тағы былай деді:
— Мен Иеме еркінсіп тіл қатып тұрмын. Мүмкін, ол жерде тек жиырма әділ кісі болатын шығар. — Иеміз:
— Жиырма әділ кісі болғанда Мен қаланы қиратпаймын, — деді. 32Ыбырайым Одан:
— Уа, Ием, мен тағы бір рет қана айтсам, ашулана көрме. Егер ол жерден небәрі он-ақ табылса ше? — деп сұрады. Иеміз:
— Мен ол жерді он әділ кісі үшін де құртпаймын, — деп уәде берді.
33Иеміз Ыбырайыммен сөйлесіп болған соң, кетіп қалды. Ал Ыбырайым үйіне қайтты.

Highlight

Share

Copy

None

Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in