Жаратылыстың баст. 19
19
Содом, Ғомора қалаларының қирауы және Луттың құтқарылуы
1Кешке қарай Жаратқан Иенің екі хабаршысы#19:1 Яки: Кешке қарай (Содом жаққа беттеген) сол екі періште (18:22). Содом қаласына жетті. Лут сол кезде қала қақпасының алдында отырған еді. Ол хабаршыларды көргенде оларға сәлем беру үшін орнынан тұрып, жерге дейін басын иіп тағзым етті де:
2— Мырзалар, құлдарыңыздың үйіне кіріп, жуынып-шайынып, қонып қонақ болыңыздар. Ертең ертемен тағы да жолға шығарсыздар, — деп үйіне шақырды. Хабаршылар оған:
— Рақмет сізге, біз базар алаңында түнеп шықпақшымыз, — деп жауап берді.
3Лут қиыла өтініп қоймаған соң, екеуі оған еріп, үйіне келді. Тамақ дайындалып, ашытқысыз қамырдан нан пісіріліп, хабаршылар тамақтанды. 4Олардың бастары жастыққа тимей тұрып-ақ, жасы бар, кәрісі бар, қаланың түкпір-түкпірінен жиналып келген ер адамдарының бәрі үйдің сыртын айнала қоршап алды. 5Лутты айқайлап шақырып:
— Саған кешқұрым келген еркектер қайда? Бізге алып шық, олармен жақындасып көңіл көтерейік,#19:5 Бұл содомдықтардың жасаған күнәларының біреуі еді (13:13; 18:20; Леу 20:13; Рим 1:27). — деді. 6Лут кіреберіске, олардың алдарына шығып, есікті жауып:
7— Оу, ағайындар, мұндай зұлымдық жасамаңдар! — деп өтінді. — 8Тыңдаңдаршы, ермен жақындаспаған бойжеткен екі қызым бар. Сендерге соларды үйден шығарып берейінші, оларға білгендеріңді істей беріңдер. Бірақ бұл адамдарға тиіспеңдер, олар менің шаңырағымның астына түскен меймандарым ғой! — 9Алайда қаланың ер адамдары оған:
— Былай кет! Мынау кірме#19:9 Яки: Мынау көшіп келген жат жұрттық (келімсек). неме, бізге билік айтпақ па? Тоқтай тұр, сенің бізден алатын сыбағаң олардікінен бетер болмақ! — деп айғай салды. Сөйтті де, Лутқа тап беріп, есікті бұзуға айналды.
10Сонда үй ішінде тұрған хабаршылар есікті сәл ашып, қолдарын созып, Лутты ішке қарай тартып кіргізіп алды. Хабаршылар есікті қайтадан бекітіп, 11алдында тұрған үлкенді-кішілі адамдардың бәрін есікті таба алмастай соқыр етіп тастады.
12Бұдан кейін олар Лутқа:
— Сенің бұл жерде тағы қандай жақындарың бар? Күйеу балаларың, ұл-қыздарың әрі барлық басқа адамдарыңды осы қаладан алып кет! — деп бұйырды. 13— Біз оны құртпақшымыз. Жаратқан Иеге бұл жер туралы қатты дауыспен айтылған шағым түсуде.#19:13 18:20. Сондықтан Жаратқан Ие бізді осы қаланы құрту үшін жіберді.
14Сонда Лут сыртқа шығып, қыздарына үйленбек күйеу балаларына барып: «Жиналып, бұл жерден кетіңдер! Жаратқан Ие қаланы құртпақшы!» — деп ескертті. Бірақ күйеу балалары оны қалжыңдап тұр деп ойлады.
15Таң қызарып атып келе жатқанда хабаршылар Лутты асықтырып: «Жинал, күнәға батқан бұл қалада құрып кетпеу үшін әйеліңді, қолыңдағы екі қызыңды ал да, бұл жерден кет!» — деді.
16Лут әлі де қобалжып тұрғанда, елшілер оны, әйелін, екі қызын қолдарынан ұстап далаға сүйрей жөнеліп, қаланың сыртына шыққанда ғана қоя берді. Себебі Жаратқан Иенің оларға рақымы түскен болатын. 17Төртеуін қаладан алып шыққанда хабаршылардың біреуі:
— Осы жазықтың еш жеріне аялдамастан, арттарыңа қарамай қашыңдар! Өліп қалмау үшін тауға барып, соны паналаңдар! — деп бұйырды. 18Лут сонда былай деп өтінді:
— Жоқ, Ием! 19Сен құлыңа рақыммен қарап, мені аман сақтап қалып, үлкен мейірімділік жасадың. Бірақ мен тауға қашып құтыла алмаймын, әйтпесе апатқа ұшырап өліп қалармын. 20Міне, алдымызда мына қала бар. Барып, паналау үшін ол жақын және кішкентай ғана қалашық қой. Соған қашып құтылайын. Ол кішкентай қалашық емес пе? Осылай жаным аман қалмақ. 21Хабаршы оған:
— Жарайды. Мен осы тілегіңді де орындап, сен айтып отырған қаланы құртпаймын. 22Бірақ тезірек сол жерге қашып құтыл! Себебі сен жеткенше мен түк те істей алмаймын, — деді. Бұл қала осы оқиғадан кейін Сиғор (яғни «Кішкентай») деп аталатын болды.#19:22 Оның аты Цоғар не Цоар деп те дыбысталатын; бұрынғы аты: Бела (14:2).
23Лут Сиғорға күн шыға жетті. 24Сол кезде Жаратқан Ие Содом мен Ғомораның үстіне аспаннан от аралас күкірт жаудырып, 25бұл қалаларды, төңірегіндегі бүкіл жазықты, барлық қала тұрғындарын және далада өсіп тұрғанның бәрін де күл-талқан етіп қиратты.
26Ал Луттың әйелі артына қарамақ болып кері бұрылды. Сонда ол бірден тұз бағанасына айналды.#19:26 19:17.
27Ыбырайым таңертең ерте тұрып, кеше өзі Жаратқан Иенің алдында тұрған жерге қайтып барды. 28Содом мен Ғомораға және төңірегіндегі бүкіл жазыққа көз тастағанда Ыбырайым сол жерден тек балқыту пешінен шыққандай будақтаған түтінді ғана көрді.
29Алайда Құдай Лут тұрып жатқан жазықтағы қалалардың күл-талқанын шығарар кезде Ыбырайымды мейірімділікпен есіне түсіріп, Лутты апаттан аман алып шыққан еді.
Луттың қыздарының жексұрын күнәсі
30Лут Сиғорға қоныстанудан қорқып, қаладан көшіп кетіп, тауды паналады. Сонда бір үңгірде екі қызымен тұрып жатты. 31Бір күні үлкен қыз кішісіне: «Біздің әкеміз кәрі, ал бұл маңайда бүкіл әлемдегі әдет бойынша бізбен жақындасатын еркек жоқ. 32Жүр, әкемізге шарап ішкізіп, ұрпағын жалғастыру үшін онымен бірге жатып шығайық», — деді.#19:32 Бұл қылық Құдай алдында жексұрын күнә (Леу 20:14).
33Олар сол түні әкелеріне шарап ішкізді. Үлкен қызы оның қасына жатты, бірақ әкесі не істеп, не қойғанын білмей де қалды. 34Таңертең үлкені кішісіне: «Кеше мен әкеммен болдым, бүгін түнде біз оған тағы да шарап ішкізейік, сен де онымен жатып шық, осылайша әкеміздің ұрпағын жалғастырамыз», — деді. 35Сол түні де олар әкесіне шарап ішкізді. Кіші қызы әкесіне барып, қасына жатты, бірақ әкесі тағы да не істеп, не қойғанын білген жоқ.
36Сөйтіп Луттың екі қызы да әкесінен жүкті болды. 37Үлкен қызы ұл туып, оның атын Моаб («Әкеден») деп қойды. Одан осы күнгі моаб халқы#19:37 36:35; Мыс 15:15; Рул 21:11-13; 22:4-7; 25:1. тарады. 38Кішісі де ұл тауып, оны Бен Амми («Халқымның ұлы») деп атады. Ол қазіргі аммон халқының#19:38 Рул 21:24; Заң 2:18-19. түп атасы болды.
Currently Selected:
Жаратылыстың баст. 19: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: