Жаратылыстың баст. 24
24
Ыбырайымның бас қызметшісінің Ысқаққа қалыңдық алып келуі
1Ыбырайым жасы ұлғайып, қартайған еді. Жаратқан Ие оны қай жағдайда да жарылқап келді. 2Бірде ол барлық мал-мүлкін басқаратын бас қызметшісін шақырып алып, оған:
— Сен қолыңды менің жамбасымның астына қойып тұрып, 3аспан мен жерді жаратқан Құдай Иеміздің алдында ант бер:#24:3 Бұл сол кездегі адамдардың бір-біріне ант беруінің бір түрі еді. сен ұлым Ысқаққа әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. 4Қайта, менің туған жеріме, туысқандарыма барып, сол жақтан алып келесің, — деп бұйырды. 5Қызметшісі одан:
— Егер қалыңдық маған еріп осы елге келгісі келмейтін болса, онда не істейін? Ұлыңызды өзіңіз көшіп келген елге қайтарып апарайын ба? — деп сұрады. 6Ыбырайым:
— Сен ұлымды ол жерге қайтып апарудан сақ бол! 7Себебі көктегі Құдай — Жаратқан Ие мені әкемнің үйінен, туған жерімнен алып шығып, «осы елді сенің ұрпақтарыңа беремін»#24:7 12:7; 13:15; 15:18; Мыс 32:13. деп маған ант берді. Жаратқан Ие ұлыма сол жерден әйел тауып алуың үшін сенен бұрын Өзінің періштесін жібереді. 8Егер қалыңдық саған еріп келгісі келмесе, маған берген антыңнан босайсың. Бірақ қайткен күнде де ұлымды сол жаққа қайтып апарушы болма! — деп мықтап ескертті.
9Қызметші Ыбырайымның жамбасының астына қолын қойып, барлығын ол бұйырғандай етіп орындауға ант берді. 10Қожайынының ірі малдарынан он түйе және әр түрлі бағалы дүниелерді таңдап алып, жолға шықты да, Евфрат пен Тигр өзендерінің арасындағы#24:10 Немесе: Арама Наһараимдағы, яки: солтүстік-батыс Месопотамиядағы (бүгінгі Түркияның оңтүстік-шығыс және Сирияның шығыс өлкелері). Нахор қаласына қарай беттеді. 11Сонда жеткенде түйелерді қала сыртындағы құдық басына#24:11 Яки: бұлақ көзіне. шөгерді. Бұл қыз-келіншектер су алуға келетін кешкі мезгіл еді.
12Қызметші Құдайға мінажат етіп: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Бүгін жолымды оңғарып,#24:12 Немесе: Сен (ұлына бұйыртқан қалыңдықты: 24:4) бүгін жолықтырып. қожайыныма рақымыңды түсіре гөр! 13Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Қала тұрғындарының қыздары су алуға келе жатыр. 14Мен араларындағы бір бойжеткенге: құмыраңызды еңкейтсеңіз екен, су ішіп алайын деп айтқанда, ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда құлың Ысқаққа Өзің бұйыртқан қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін. Қожайыныма жасаған рақымыңды осыдан білетін боламын», — деді.
15Қызметші мінажатын аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиғаның келе жатқанын көрді. Ол Мылқаның ұлы Бетуелдің қызы болатын, ал Мылқа Ыбырайымның інісі Нахордың әйелі еді. 16Рабиға өте сұлу, пәк таза бойжеткен қыз екен. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, құмырасын суға толтырып алып, жоғары шықты.
17Қызметші жылдам басып қыздың қасына келіп:
— Құмыраңыздан кішкене су ішейінші, — деді. 18Қыз:
— Ішіңіз, мырзам, — деп, иығындағы құмыраны тез түсіріп, қызметшіге су берді. 19Ол ішіп болған кезде қыз оған:
— Мен түйелеріңізді де шөлдері қанғанша суарып берейін, — деп ұсынды. 20Осыны айтып, бірден құмырадағы суын астауға құйды. Қыз құмырасын суға толтырып алу үшін қайтадан қайнарға қарай жүгіре жөнелді. Осылай ол барлық түйелерді суарып шықты. 21Ал қызметші қызға үн-түнсіз қарап тұрып, Жаратқан Ие сапарымды оңғарды ма, жоқ па деген ойды саралады.
22Қызметші алтын сырға мен екі үлкен алтын білезік#24:22 Немесе: мұрынға тағатын жарты мысқалдық алтын сырға мен он мысқалдық екі алтын білезікті. алып келген еді. Түйелер су ішіп болған соң, ол сол сыйлықтарды бойжеткенге берді.#24:22 24:29-30,47.
23— Кімнің қызысыз? Бізге түнеп шығуға әкеңіздің үйінен орын табыла ма, соны айтсаңыз екен? — деп қыздан сұрады. 24Ол:
— Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын, — деді. 25— Бізде сабан да, жем де жетеді, түнейтін орын да бар, — деп қосты.
26Сонда қызметші Жаратқан Иенің алдында иіліп: 27«Қожайыным Ыбырайым сиынатын Құдай дәріптелсін! Иә, Өзінің мейірімділігімен, адалдығымен қожайынымды жарылқаған Жаратқан Ие мадақталсын! Ол мені тура қожайынымның туысқандарының үйіне бастап алып келді», — деп ғибадат етті.
28Бойжеткен шешесінің үйіне жүгіріп барып, осының бәрін айтып берді. 29-30Рабиғаның Лабан деген ағасы бар еді. Лабан қарындасының жаңа сырғасы мен білезіктерін көріп, Рабиғадан бөтен адамның оған не айтқанын сұрап білді. Содан ол тездетіп су көзінде түйелердің жанында тұрған сол адамға қарай бет алды. 31Оны:
— Ей, Жаратқан Ие жарылқаған пенде, менімен бірге жүріңіз. Далада тұрып қалмаңыз. Мен үйді де, түйелерге орынды да даярлатып қойдым, — деп шақырып, 32үйіне алып барды. Лабан түйелердің жүктерін түсіртіп, алдарына сабан мен жем салдырды да, қызметшіге және оған еріп келгендерге аяқтарын жууға су әкелдірді. 33Қонаққа арналып дастарқан жайылып тамақ ұсынылды. Бірақ Ыбырайымның қызметшісі:
— Мен келген шаруамды айтпай тұрып дәм татпаймын, — деді. Лабан:
— Онда жұмысыңызды айтыңыз, — деп келісті. 34Сонда қонақ былай деп сөйлеп кетті:
— Мен Ыбырайымның қызметшісімін. 35Жаратқан Ие қожайынымды молынан жарылқап, ол дәулетті де абыройлы адамға айналды. Жаратқан Ие оған көп қылып қой-ешкі мен ірі қара малын, алтын-күміс, құл-күңдерді, түйе мен есектерді сыйлаған. 36Қожайынымның әйелі Сара оған қартайған шағында бір ұл сыйлады. Қожайыным өзіндегі бар мал-мүлкін соған атады. 37-38Қожайыным маған: «Менің ұлыма әйелді бірге тұрып жатқан қанахандықтардың қыздарынан алып бермейсің. Қайта, менің әкемнің үйіне, өз туған-туысқандарыма барып, қалыңдықты сол жақтан алып келесің» деп бұйырып, осылай істеуге ант бергізді.
39Мен: «Егер қалыңдық маған ергісі келмесе ше?» деп сұрағанда, қожайыным маған былай деп жауап берді: 40«Мен көз алдында өмір сүріп келген Жаратқан Ие жолыңды болдыру үшін саған Өзінің періштесін ертіп жібереді. Осылай сен ұлыма әйелді өз туған-туысқандарымнан, менің әкемнің үйінен алып келе аласың. 41Сен туысқандарыма барып, олар қызын ұзатуға келіспесе, онда берген антыңнан босайсың».
42Содан мен бүгін су көзіне жеткенде былай дедім: «Уа, Жаратқан Ие, қожайыным Ыбырайымның сиынатын Құдайы! Жолымды оңғара гөр. 43Міне, мен осы жерде су көзінің қасында тұрмын. Су алуға бір бойжеткен келгенде, оған: құмыраңыздан кішкене су ішкізсеңіз екен деп айтайын. 44Егер ол маған: ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін десе, сонда қожайынымның ұлына Өзің таңдаған қалыңдық сол қыз болып шықса екен деп Сенен тілеймін».
45Мен осы мінажатымды іштей аяқтамай тұрып-ақ, қала жақтан иығында құмырасы бар Рабиға келді. Ол су көзіне қарай төмен түсіп, су тартып алды. Мен одан: «Маған ішуге су беріңізші», — деп сұрадым. 46Ол тез иығындағы құмырасын түсіріп: «Ішіңіз, мен түйелеріңізді де суарып берейін» деді. Осылай су ішіп алдым, ол түйелерімді де суарып берді. 47«Кімнің қызысыз?» деп сұрағанымда: «Мен Нахордың Мылқадан туған ұлы Бетуелдің қызымын» деп жауап берді.
Сонда мен оған сырға тағып, қос білегіне білезік салдым. 48Мұнан кейін өзіме жол көрсетіп, ұлына қожайынымның інісінің қызын таңдағаны үшін, қожайыным сиынатын Құдай — Жаратқан Иенің алдында иіліп ғибадат еттім. 49Енді сіздер қожайыныма мейірімділік пен адалдық көрсеткілеріңіз келсе, оны маған білдіріңіздер. Ал олай болмаса, оны да айтыңыздар. Содан мен не істеу қажет екенін білетін боламын, — деп құда түсуші сөзін тамамдады.
50Сонда Лабан мен Бетуел:
— Бұл іс Жаратқан Иенің Өзінен шықты. Біз сізге не қарсы болып, не қостап түк айта алмаймыз. 51Міне, Рабиға көз алдыңызда, оны алып жүре беріңіз. Жаратқан Ие шешіп қойғандай, қызымыз қожайыныңыздың баласының әйелі болсын, — деп жауап берді.
52Қызметші осыны естігенде жерге дейін иіліп Жаратқан Иеге ғибадат етті. 53Содан кейін әкелген киімдері мен алтын-күміс әшекейлерін шығарып, Рабиғаға сыйлады. Оның ағасы мен анасына да құнды сыйлықтар ұсынды. 54Мұнан кейін қызметші және оған еріп келгендер ішіп-жеп, түнеп шықты. Таңертең тұрған соң, қызметші:
— Маған қожайыныма оралуға рұқсат етіңіздер, — деп өтінді. 55Бірақ бойжеткеннің ағасы мен шешесі:
— Қыз біраз күн бізбен бірге тұра тұрсын, айталық, он күндей. Содан кейін жолға шығарсыздар, — деп ұсынды. 56Алайда қызметші:
— Жаратқан Ие сапарымды оңғарғандықтан, енді жолымнан қалдырмай, қожайыныма жіберіңіздер, — деп қоймады. 57Сонда олар:
— Бойжеткенді шақырып, біліп алайық: ол бұған қалай қарар екен, — десті. 58Рабиғаны шақырып алып:
— Мына кісіге еріп жолға шығуға дайынсың ба? — деп сұрады. Ол:
— Иә, жолға шығуға дайынмын, — деп жауап берді. 59Сонда олар Рабиғаны және күтуші әйелін Ыбырайымның қызметшісі мен оның адамдарына ертіп жіберуге келісті. 60Туысқандары Рабиғаға бата беріп былай деді:
«Қарындасымыз, сан мыңдаған
Ұрпақтардың анасы болғын,
Жауларының қалаларын
Үрім-бұтағың басып алсын!»
61Мұнан кейін Рабиға мен оның қызметші қыздары жолға жиналып, түйелеріне отырып, сол кісіге еріп кетті. Осылай Ыбырайымның бас қызметшісі Рабиғаны ертіп алып, келген еліне кері беттеді.
62Сол кезде Ысқақ Қанаханның оңтүстік аймағында тұратын. Ол «Қамқоршым — тірі Құдай» деген құдыққа#24:62 Яки: «Бегер-лахай-рои» құдығына (16:14). дейін көшіп-қонып барып, қайтып келген еді. 63Бір күні кешке қарай ол далаға шығып, ойға батып отырғанда, айналасына көз тастап, келе жатқан керуенді байқады. 64Рабиға да Ысқақты көрді. Бойжеткен лезде түйеден түсіп, айналасына көз жүгіртіп, 65қызметшіден:
— Далада бізге қарсы жүріп келе жатқан мына кісі кім? — деп сұрады. Ол:
— Бұл — менің қожайыным, — деп жауап берді. Сонда Рабиға пердесімен бетін жауып алды.
66Қызметші Ысқаққа сапарында не істегенін түгел айтып берді. 67Ысқақ Рабиғаны өзінің марқұм анасы Сараның шатырына кіргізіп, оған үйленді. Қалыңдығы Ысқаққа қатты ұнады. Содан оның анасы қайтыс болғаннан кейінгі қайғысы#24:67 23:1-2. сейілді.
Currently Selected:
Жаратылыстың баст. 24: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: