Жаратылыстың баст. 26
26
Ысқақ пен Рабиға філістірлердің Герар қаласында
1Бір кезде Ыбырайымның тұсында болғандай, елді тағы да аштық жайлады. Сонда Ысқақ філістірлердің патшасы Әбумәліктің еліндегі Герар қаласына қарай жол тартты. 2Ал Жаратқан Ие Ысқаққа аян беріп: «Мысыр жаққа көшпей, Мен айтқан жерде қоныстанып, 3сол елде жат жұрттық болып тұра бер! Саған жар болып, батамды қондырамын. Сенің ұрпақтарыңа осы жерлердің бәрін табыстап, әкең Ыбырайымға берген антымды жүзеге асырамын. 4Мен үрім-бұтағыңды аспандағы жұлдыздар сияқты сансыз етіп көбейтіп, оларға осы жерлердің бәрін табыстаймын. Сенің ұрпақтарың#26:4 Немесе: Сенің Ұрпағың. арқылы жер бетіндегі барлық ұлттарға ақ батам қонатын болады.#26:4 15:5; 22:17-18; Мыс 32:13. 5Өйткені Ыбырайым Менің тілімді алып, берген бұйрықтарыма, ережелеріме және өсиет сөздеріме түгел құлақ асып, жүзеге асырды», — деді. 6Осылайша Ысқақ Герарда тұрып қалды.
7Алайда сол жердің адамдары одан әйелі туралы сұрағанда, Ысқақ оларға: «Ол — менің қарындасым», — деп жауап берді. Себебі Ысқақ «Жергілікті адамдар Рабиғаға бола көзімді құртып жүрер, ол керемет сұлу ғой» деп ойлап, оны әйелім деп айтудан қорықты.#26:7 24:16; 12:11-13; 20:2,12.
8Ысқақ сол жерде едәуір уақыт тұрғаннан кейін, філістір патшасы Әбумәлік бір күні терезеден Ысқақтың әйелі Рабиғаны аймалап жатқанын көріп қалды. 9Сонда Әбумәлік Ысқақты шақыртып алып:
— Ол сенің әйелің екен ғой! Сен қалайша оны қарындасым деп жүрсің? — деп жекіді. Ысқақ оған:
— Өйткені оған бола мені өлтіріп тастар деп ойладым, — деді. 10Әбумәлік:
— Сен неге бұлай істедің? Жергілікті ер адамдардың біреуі әйеліңе жақындап қоюы мүмкін еді. Сонда біз кінәлі болып қалатын едік, — деп сөкті. 11Содан Әбумәлік халыққа мынандай жарлық шығарды: «Кімде-кім мына ерлі-зайыптыға тиіссе, сол өлімге кесіледі!»
12Ысқақ осы жерге егін салып, сол жылы одан жүз есе өнім алды, себебі Жаратқан Ие оны жарылқаған болатын. 13Осылай ол байи берді. Дүние-мүлкі көбейген үстіне көбейіп, Ысқақ нағыз бай адамға айналды. 14Оның ірілі-ұсақты малдарының отар-табындары және құл-қызметшілері көп болғандықтан, філістірлер Ысқаққа қызғанышпен қарай бастады. 15Сондықтан олар Ысқақтың әкесі Ыбырайымның тірі кезінде қызметшілеріне қаздырған барлық құдықтарын топырақпен толтырып, бітеп тастады.
16Әбумәлік те: «Біздің жақтан көшіп кет, бізден әлдеқайда күшейіп алдың», — деп Ысқаққа теріс қарады. 17Ысқақ сол арадан көшіп, шатырларын Герар аңғарына тігіп, қоныстанды. 18Сол жерде Ысқақ әкесі Ыбырайымның тірі кезінде қаздырған, бірақ ол өлгеннен кейін філістірлер топырақпен бітеп тастаған құдықтарын қайтадан аршытып, оларды әкесінің қойған аттарымен атады.
19Ысқақтың қызметшілері сол аңғарда тағы бір құдық қазып жүріп, судың қайнар көзін тапты. 20Алайда герарлық бақташылар оның малшыларымен таласып: «Бұл — біздің суымыз», — деп дау көтерді. Сол құдық үшін дауласқандықтан Ысқақ оны «Дауласу құдығы»#26:20 Түпнұсқада: Есәк. деп атады. 21Кейін қызметшілері тағы бір құдық қазды. Герарлық бақташылар оған да таласты. Ысқақ оны «Қастасу құдығы»#26:21 Түпнұсқада: Ситна. деп атады. 22Ысқақ әрірек көшіп барып, сол жерден тағы бір құдық қаздырды. Оған бола дау-жанжал тумағандықтан, Ысқақ оны «Кең өріс құдығы»#26:22 Түпнұсқада: Рехобот. деп атап: «Жаратқан Ие бізге енді кең өріс сыйлады. Содан біз осы елде өсіп-өнетін боламыз», — деді.
23Сол жерден Ысқақ Бер-Шебаға қоныс аударды. 24Бұл түні оған Жаратқан Ие аян беріп: «Мен әкең Ыбырайым сиынатын Құдаймын. Қорықпа, әрдайым сені көз алдымда ұстап жарылқаймын. Қызметшім Ыбырайым үшін сенің үрім-бұтағыңды өте көп етемін», — деді. 25Ысқақ бұл жерде құрбандық ұсынатын орын салып, Жаратқан Иеге сиынып мінажат етті. Сол маңайға шатырларын тігіп, қызметшілеріне құдық қаздырды.
26Осы екі арада Герар қаласынан Әбумәлік патша кеңесшісі Ахузат пен қолбасшысы Пихолды ертіп алып, Ысқаққа келді. 27Ысқақ оларға:
— Маған неге келдіңіздер? Менімен өштесіп, қуып жіберген едіңіздер ғой,#26:27 26:12-16. — деген сұрақ қойды. 28Олар:
— Біз Жаратқан Иенің сізді көз алдында ұстайтынын анық көріп тұрмыз. Сіз бен біздің арамызда антпен бекітілген келісім болу керек деп шештік. Сондықтан бір-бірімізбен келісімшарт жасасайық. 29Біз сізге тиіспей, тек жақсылық жасап, бізден бейбіт түрде кетуіңізге жағдай жасағанымыз сияқты, сіз де бізге жамандық істемейсіз. Сіз қалай дегенмен Жаратқан Иенің батасы қонған адамсыз ғой,#26:29 21:22-23; 23:5-6. — деп жауап берді.
30Ысқақ оларға қонақасы беріп, барлығы ішіп-жеді. 31Бәрі ертеңіне ерте тұрып, бір-біріне ант берісті. Содан Ысқақ оларды жолға шығарып салып, жылы жүзбен қоштасты.
32Сол күні Ысқақтың қызметшілері оған өздері қазған құдық туралы: «Біз су таптық», — деп хабар жеткізді. 33Ысқақ сол құдықты Шеба (яғни «Ант») деп атады. Сондықтан кейін сол жерде салынған қала осы күнге дейін Бер-Шеба («Ант құдығы») деп аталып келеді.
34(Ысқақтың тұңғышы) Есау қырық жасқа толғанда хеттік Бегеридің қызы Ехудитті және хеттік Елонның қызы Басематты әйелдікке алды. 35Бұлар Ысқақ пен Рабиғаға үлкен уайым әкелді.#26:35 Хеттіктер Жаратқан Иеге мойынсұнбай, жалған тәңірлерге табынатын (Мыс 23:28,32-33).
Currently Selected:
Жаратылыстың баст. 26: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.

: