Жохан 18
18
Мәсіхтің тұтқындалған кезінде көрсеткен құдіреті
1Осылай мінажат еткеннен кейін Иса шәкірттерімен бірге (қаланың сыртындағы) Қидрон сайының арғы жағасына өтті. Сол жерде бір бақ бар еді. Иса шәкірттерін ертіп соның ішіне кірді.#18:1 Мат 26:30,36; Мар 14:26,32; Лұқ 22:39. 2Оған опасыздық еткен Яһуда#18:2 13:2,26-27; Мат 26:14. да бұл жерді білетін, себебі Иса осында шәкірттерімен жиі жиналушы еді.
3Енді Яһуда римдік әскердің бір тобын және басты діни қызметкерлер мен парызшылдар жіберген бірнеше сақшыларды ертіп сонда келді. Олардың қолдарында шамдары, шырақтары және қарулары болды. 4Өзіне не боларын түгел білетін Иса бақтың ішінен шығып, оларға:
— Кімді іздеп жүрсіңдер? — деген сұрақ қойды. 5Олар:
— Назареттік#18:5 1:45; Лұқ 1:26; 2:4,39; 4:16; 18:37. Исаны! — деп жауап берді. Иса:
— Ол Менмін!#18:5 Түпнұсқа тілінде осы екі сөз Жаратқан Иенің есімімен бірдей еді (6:35; 8:12,58; 10:14; 13:19; Мыс 3:14). — деді. Опасыз Яһуда да солардың қасында тұрған еді. 6Иса оларға «Ол Менмін!» дегенде, олар кейін шегініп, жерге жығыла кетті.
7Иса оларға тағы да:
— Кімді іздеп жүрсіңдер? — деген сұрақ қойды. Олар:
— Назареттік Исаны, — деп жауап берді. Иса:
8— «Ол Менмін» деп сендерге айттым ғой! Егер Мені іздеп жүрсеңдер, онда мыналарға тимеңдер, кете берсін! — деді. 9Исаның «Сен Маған бергендердің бірде-біреуін жоғалтқан жоқпын» деп айтқаны#18:9 17:6,12. осылайша орындалды.
10Шимон Петір беліне семсер#18:10 Яғни қысқа семсер, қанжар. байлап алған болатын. Ол соны суырып алып, бас діни қызметкердің малайына#18:10 Яки: құлына. (Кейін Иса оның құлағына қолын тигізді, сонда құлағы кереметпен сауығып, қайтадан қалпына келді: Лұқ 22:51.) қарай сілтеп қалып, оның оң құлағын шауып түсірді. Малайдың аты Мәлік еді. 11Ал Иса Петірге: «Семсеріңді қынабына сал! Әкем Маған белгілеп қойған азапты тартуым керек, соны білмеуші ме едің?»#18:11 Немесе: Әкем Маған берген «тостағандағыны» ішпеймін бе? (12:27-28; Иш 51:17; Мар 10:38; 14:36) — деп ескертті.
Мәсіхтің басты діни қызметкерлер алдында адал куәлік беруі, ал Петірдің Мәсіхтен үш рет тануы
12Әскер тобы мен мыңбасы және яһуди басшыларының сақшылары Исаны тұтқынға алып, бұғаулады. 13Алдымен Оны Ханасқа#18:13 Осы есім Анна, Аннас және Ханна деп те дыбысталатын. Бұрын бас діни қызметкер болған Ханас халық арасында әлі де сол атаққа ие болатын (Лұқ 3:2; Елш 4:6). апарды. Өйткені Ханас сол жылы бас діни қызметкер болып тұрған Қаяфаның қайын атасы еді. 14Халық үшін бір адамның өлгені жақсы деп яһуди басшыларына кеңес берген сол Қаяфа болатын.#18:14 11:49-50.
15Шимон Петір және Исаның тағы бір шәкірті#18:15 Ғалымдар бұл кісіні осы Ізгі хабарды жазған Жоханның өзі деп түсіндіреді (13:23; 19:26). Исаның артынан ілесіп отырды. Бұл шәкірт бас діни қызметкермен таныс еді, сондықтан оның сарайының ауласына Исаға еріп кірді. 16Петір сыртта қақпаның алдында қалды. Жаңағы шәкірт, бас діни қызметкердің танысы, сыртқа шығып, қақпашы қызбен#18:16 Немесе: қақпашы әйелмен. сөйлесті де, Петірді ішке кіргізіп алды. 17Қақпаны ашып-жауып тұрған әлгі қызметші қыз Петірден: «Сен де осы Кісінің бір шәкірті емессің бе?» — деп сұрады. Ол: «Жоқ», — деді. 18Малайлар мен сақшылар жылыну үшін от жағып, соның айналасында тұрды, себебі күн суық еді. Петір де олардың қасына барып, жылынып тұрды.
19Бас діни қызметкер Исадан Өзінің шәкірттері мен ілімі туралы жауап алды. 20Иса оған:
— Мен бүкіл жұрттың алдында ашық айтып келемін. Әрдайым барлық яһудилер жиналатын мәжілісханалар мен ғибадатханада тәлім беріп жүрдім. Мен еш нәрсені бүркемелеп айтқан емеспін. 21Сұрақтарды неге Менің Өзіме қойып жатырсыз?#18:21 Таурат заңына сәйкес, алдымен ең аз дегенде екі не үш куәгерден жауап алу қажет болар еді (Заң 19:15). Не айтқанымды Мені тыңдағандардан сұраңыз. Менің не дегендерімді солар біледі ғой, — деп жауап берді.
22Иса осыны айтқаннан кейін сонда тұрған сақшылардың бірі Оның бетін шапалақпен тартып жіберіп:
— Сен бас діни қызметкерге қалай-қалай сөйлейсің? — деп зекіді. 23Иса оған:
— Айтқаным дұрыс болмаса, дәлелде; дұрыс болса, Мені неге ұрасың? — деп жауап берді.
24Осыдан кейін Ханас Исаны бұғауланған күйі бас діни қызметкер Қаяфаға жіберді.
25Ал Шимон Петір отқа жылынып тұра берді. Қасындағылар одан:
— Сен де Соның бір шәкірті емессің бе?! — деп сұрады. Ол:
— Жоқ, олай емеспін! — деп мойындамады.
26Сонда бас діни қызметкердің малайларының бірі, Петір құлағын семсермен шауып түсірген кісінің#18:26 18:10. бір туысы тіл қатып:
— Сені бақта Соның қасынан көрдім емес пе? — деді. 27Петір тағы мойындаған жоқ. Сол сәтте-ақ әтеш шақырды.#18:27 13:38; Мат 26:74-75.
Мәсіхтің римдік әмірші Пилаттың алдындағы адал куәлігі
28Таң сәріде яһуди дінбасылары Исаны Қаяфаның сарайынан римдік әміршінің сарайына#18:28 Яки: ордасына. алып барды. Діни салтқа сай арамданбау үшін, яһуди дінбасылары әміршінің сарайына кірген жоқ. Әйтпесе олар Құтқарылу мейрамындағы асқа қатыса алмайтын еді.#18:28 Римдіктер яһудилердің тазару рәсімдерін ұстанбайтын (Түсіндірмедегі «Тазару рәсімдерін» қараңыз). 29Сондықтан Пилат оларға өзі шығып:
— Мына Кісіге қандай айып тағып тұрсыңдар? — деген сұрақ қойды. 30Олар:
— Бұл қылмыскер болмаса, Оны сізге ұстап әкелмес едік, — деп жауап қайтарды. 31Пилат оларға:
— Сендер Оны алып кетіп, өз заңдарың бойынша соттаңдар! — деді. Яһудилер:
— Біреуге өлім жазасын тартқызу бізге рұқсат етілмеген, — деп жауап берді. 32Өзінің қалай өлуге тиісті екенін меңзеп көрсеткен Исаның сөзі осылай орындалды.#18:32 (3:14; 12:32-33) Римдіктер өлім жазасын іске асыру үшін жиі қолданатын аса азапты әдісі жазаланушы адамды айқыш ағашқа керіп, шегелеп іліп, көтеріп қою еді.
33Сонда Пилат сарайға қайта кіріп, Исаны шақыртып алып:
— Сен «Яһудилердің Патшасысың» ба? — деп сұрады. 34Иса:
— Бұл сөзді өзіңіз айтып тұрсыз ба, әлде басқалар сізге Мен туралы айтты ма? — деп қарсы сұрақ қойды. 35Пилат:
— Мен не, яһудимін бе? Сені маған ұстап әкелген өз халқың және басты діни қызметкерлер ғой. Қандай істер істеп едің? — деді. 36Иса:
— Менің Патшалығым осы дүниелік емес. Егер де Патшалығым осы дүниелік болса, онда Менің қасымда сақшыларым жүріп,#18:36 Осы дүниелік патшалардың қастарында, әрине, оларды жауларынан қорғайтын сақшылары, әскерлері және нөкерлері жүреді (Пат4 11:11-12,19). олар Мені яһуди басшыларының қолына түсірмеу үшін күрескен болар еді. Бірақ Менің Патшалығым осы дүниелік емес, — деп жауап берді. 37Пилат:
— Сонымен Сен бәрібір Патшасың ғой? — деп сұрады. Иса оған:
— Дұрыс айтасыз, Мен Патшамын. Шындықты ашық жариялау үшін#18:37 Немесе: Шындыққа куәлік ету үшін (3:32-35). осы дүниеге келдім. Шындықты жақтаушы әркім Менің үніме құлақ салады, — деді. 38Пилат Исадан:
— Шындық деген не? — деп сұрады. Осыны айтты да, тағы да сарайынан шығып, яһуди басшыларына барды. Оларға тіл қатып былай деді:
— Мен Одан ешқандай кінә таппай тұрмын! 39Ал Құтқарылу мейрамында өз салттарың бойынша сендерге бір тұтқынды босатып жіберемін. Енді «Яһудилердің Патшасын» босатып беруімді қалайсыңдар ма? — 40Сонда олар:
— Бұны емес, Бараббаны! — деп қатты айқайлап жауап қайтарды. Ал Барабба ұлтшыл қарақшы#18:40 Яки: (ұлтшыл) көтерілісші (Мар 15:7; Лұқ 23:19). болатын.
Currently Selected:
Жохан 18: КК 2010
Highlight
Share
Copy
Want to have your highlights saved across all your devices? Sign up or sign in
© Киелі Кітап, Қазақша аудармасы және көркемделуі «Орта Азия баспасы ЖШС», 1993, 1996, 2000, 2010, 2015, 2021.